Емдік дене шынықтыру


Slide 1

Емдік дене шынықтыру

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Емдік дене шынықтыру

2. 2. ЕДШ-ның ерекшеліктері

2. 3. Физикалық жаттығулардың әсер ету механизімі

2. 4. Физикалық жаттығулардың сипаты

2. 5. Емдік жаттығулар емшарасы

2. 6. Суда жасалынатын жаттығулар

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарас- тыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары - практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б. д. д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медицина- лык гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің қүралы деп есептеді. . "Дәрігерлік ғылымның қағидаларында" Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті.

Slide 4

Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) организмді оңалту, ішкі ағзалардың қызметтерін ынталандыру, ауруларды емдеу және оларды алдын алу мақсатында физикалық жаттығуларды пайдалану арқылы кешенді функциялық емдеу әдісі, сондай-ақ медициналық реабилитацияның құрам бөлігі болып табылады.

Slide 5

ЕДШ-ның ерекшеліктері:

ЕДШ деп науқастың денсаулығын, еңбекке қабілетін, жылдам және толық қолпына келтіру үшін емдік - профилактикалық мақсатта дене шынықтыру құралдарын пайдалануды айтады. ЕДШ-дың әсер етуші факторы физикалық жаттығулар болып табылады.

Емдік дене шынықтырудың басты ерекшелігінің бірі, оның табиғи- биологиялық әдістігі. Оның негізінде организімнің биологиялық қызметі - қозғалысты пайдалану жатыр. Қозғалыс организімдегі барлық жүйенің қызметтерін ынталана отырып, оларды дамытады, қолдайды және жалпы жұмыс қабілетін көтеруге жағдай жасайды.

Slide 6

Физикалық жаттығулардың әсер ету механизімі

Емдік гимнастиканың 4 механизімі бар.

1) денені әлдендіру (сергіту)

2) қоректендіру

3) орнын толтыру

4) біріңғайлау немесе қалпына келтіру

Slide 7

Емдік гимнастиканың 4 механизімі

Әлдендіру механизмі: нерв жүйесіндегі тежеу мен қоздыру процесін өзгертіп орталық күштің жұмысын реттейді. Басшылық қызметі артып ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуды үдетеді. Бұлшық ет пен ағза арасындағы байланыс туады. Үлкен бұлшық ет көп қозғалса, әлдендіру көбірек болады.

Қоректендіру механизмі: буын қимылдарынан денеде зат алмасу, қышқылдану - тотығу, қайта түлеу, қалпына келу процестері жүреді. Қан айналымы үдеп, лимфа айналымы жақсарады да қоректік затпен толығып ауырған жер тез жазыла бастайды.

Орнын толтыру механизмі: жаттығулар арқылы аурудың салдарынан солып қалған мүшелерді, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Бұлшық еттерді шынықтыру арқылы науқастың әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі.

Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі: ағзаның анатомиялық құрылымы қалпына келгенмен, мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Сондықтан функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін аурудан кейін жаттығулармен айналысу қажет.

Slide 8

Физикалық жаттығулардың сипаты.

Slide 9

ЕДШ-да жаттығуды пайдаланудағы басты тәртіптер негізі:

жаттығуды әр науқас үшін жеке-дара тағайынду; (науқастың жасын, жынысын, сырқатының ағымын есепке алу)

жүйелі түрде қолдану; (жаттығуларды іріктеу, ретімен пайдалану)

үнемі (күнделікті немесе күнара) жаттығу мен демалуды кезектестіру:

физикалық салмақты біртіндеп жоғарылату, жаттығуларды біртіндеп күрделендіре беру, организмді жетілдірудің бір жолы болып табылады.

ЕДШ құралдарының әртүрлі болуы: бір-бірімен тиімді қабаттаса қолданылуы, жаттығулар, спорт ойындары және организмге әсер ететін әртүрлі жаттығулар.

ЕДШ-дың негізгі үлгілеріне емдік жаттығу емшарасы, таңертеңгілік жаттығулар, мөлшерлеп жоғары көтерілу, серуендеу, экскурсия жасау, жарқын туризм жатады.

Slide 10

Емдік жаттығулар емшарасы.

Емдік жаттығулар емшарасын орындау принципі:

жаттығулардың бүкіл организмге әсер етуі;

емшарада жалпы және арнайы жаттығуды үйлесе пайдалану;

жаттығуларды науқастың жағдайына, жасына, шынығуына сәйкес таңдау;

физикалық күшті артыру мен төмендетуді біртіндеп жүйелі, тиімді орындау;

жаттығуларды біртіндеп күрделендіру, түрлендіріп отыру;

кейінгі сабақтарды үй жағдайында орындалатын жаттығуларды үйретуге арнау;

Әр емдік жаттығулар шарасы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, (таныстырма) негізгі қортынды бөлім.

Кіріспе бөлім науқастың организмін өсіп отыратын физикалық жаттығуларға біртіндеп дайындайды. Осы бөлімде барынша қарапайым жаттығулар қолданылады: майда (ұсақ) және орташа бұлшық ет топтары мен буындарға арналған жаттығулар, жаяу жүру, тыныс жаттығулары. Жаттығулар емшараның 15-20% -ын құрайды.

Негізгі бөлім жалпы дамытатын жаттығулар және арнайы жаттығулардан тұрады; жаяу жүру, ойындар, қолданбалы жаттығулар, заттар және жабдықтармен орындалатын жаттығулар. Жаттығулар емшараның 65-70% құрайды.

Қортынды бөлім жалпы физиологиялық күшті төмендетумен сипатталады. Осы бөлімде тыныс жаттығулары майда және орташа бұлшықет топтарын, буынды қамтитын қимылдар арқылы жалпы физикалық күшті азайтады. Қортынды бөлім 10-20% құрайды.

Slide 11

Емдік жаттығулар емшарасын орындаудың үш әдісін ажыратады:

- дербес (жеке) ;

- топпен бірге;

- өздігімен.

Дербес әдіс науқас жағдайының ауырлығына байланысты қимыл-қозғалысы шектелген адамдарда қолданылады. Ота жасағаннан кейінгі ерте кезеңінде, жұлын, омыртқа жарақатынан кейін салдықта және т. б. жағдайларда.

Топпен бірге емшараны орындау емдеу мекемелерінде кең тараған (емхана, аурухана, шипажайлар) . Олар аурулары біртекті науқастарға қолданылады. Емшараны орындағанда науқастардың физикалық жағдайын есепке алады.

Өздігінен емшараны орындау әдісі ауруханадан шыққан науқастарға ұсынылады, олар үй жағдайында емдік дене шынықтыру жаттығударын өздігімен жасайды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қайта қалыпқа келтіру емі. Санитарлық курорттық емді ұйымдастыру
Медицина мекемелерінің типтері
Бауырдың майда қайта құрылуы
Демікпе ауруына арналған жаттығулар
Емдік шынықтырулар
Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері
Қалпына қелтіру емі және медициналық реабилитация
Ампутацияланған аяқты тізе деңгейіне дейін көтеру, оны ұстап тұру
Медициналық массаж
Жартылай стационарлық ұйым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz