Құқық бұзушылық және жауапкершілік




Презентация қосу
“Құқық бұзушылық
және жауапкершілік”
Психологиялық дайындық

•Мақсатымыз, білім алу
•Міндетіміз, еңбектену
•Әр оқушы өз құқығын білу,
•Оны өмірде пайдалану.
Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі
құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.
•Бірде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуды
ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен,
оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей
елдерден келіпті. Онда ер азаматтармен қатар әйелдер де болыпты.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және де әр түрлі
тілді сөйлеуімен ерекшеленіпті.
Барлығын біріктіретін бір ғана тілек:ешқашанда соғыстың болмауы,
ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз
кінәламау.
Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның оның ішінде балалардың да
құқық тізімдері көрсетілді. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар
бірігіп Заң құжатын жазды.
•Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда
болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр
қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз
әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.
Ол туралы Конституцияда жазылған.
•Конституция дегеніміз не?

•Біздің еліміз Конституция күнін қашан
тойлайды?

• Оқушылар, өздерің айтқандай Конституцияда
Қазақстан республикасында тұратын
адамдардың құқықтары мен міндеттері
жазылады. Осы заңға бағынатын, оны
орындайтын адамдарды кімдер дейміз?
Вандализм тұжырымдамасы қоғамдағы теріс мәнге ие және девиантты
мінез-құлық әрекеттерінің бірі болып табылады. Бұл құбылыстың проблема
қоғамдық игілік объектілерін жоюға бағытталған іс-шаралар бессмысленности,
тарихи ескерткіштер жою, үйлерді немесе өзге де әлеуметтік инфрақұрылымды
қайсы, мүлiктi жоюмен болып табылады. Атап айтқанда, мұндай іс-әрекеттер
қоғамдық жерлерде ғимараттардың қабырғаларын ластану, ғимараттардың
қабырғалары мен қасбеттерде түрлі жазулардың (жиі дөрекі бағыт) қолдану
табылған, бүтіндігі бұзылып қалуы қоғамдық көлік, элеваторлар, ойын-сауық
зиян, қоқыс жәшіктері болуы мүмкін.
Балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989
жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа
дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң
бар.
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы»
заңына қол қойды.
• Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
• Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Енді, сендерге түсінікті болу үшін өздеріңе белгілі ертегілерді
мысалға келтіре отырып, осы құқықтарды қарастыруға тырысамыз.
•«Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп
қояды/.
•«Жын» ертегісі /жеке бас бостандығына/.
•«Тазша бала» ертегісі /сөз бостандығына/.
•«Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкіне/.
•«Кір, қоймас» ертегісі /денсаулыққа/.
Жарайсыңдар, тамаша!
«Ой жалғау» әдісі(мақалдардың жалғасын табу)

1. Заңның құрығы...
2.Өш алғаннан гөрі...
3.Ақырын жүріп...
4.Асыл тастан...
5.Тура биде...
6.Ұрлық түбі...
7.Жазасын тартпайтын...
8.Әдепті бала...
9.Тәрбие...
10. Әділ істің ...
1. Заңның құрығы... (бәрінен ұзын)
2.Өш алғаннан гөрі...(кешірген жөн)
3.Ақырын жүріп...(анық бас)
4.Асыл тастан...(өнер жастан)
5.Тура биде...(туған жоқ)
6.Ұрлық түбі...(қорлық)
7.Жазасын тартпайтын...(жамандық
жоқ)
8.Әдепті бала...(арлы бала)
9.Тәрбие...(отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)
“Ой талқы” әдісі
Оқушылар алған жаңа ақпараттарымен қоржындарын білімге толықтырып, кері
байланыс жасайды.
1)Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
2)Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?
3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?
4)Әдептілік дегеніміз?
5)Адам боламын деген бала не істеу керек
6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
7)Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет
8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?
9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?
10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
11)Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.- деп жырлағандай болашақта
шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының
емес бүкіл еліміздің нағыз жанашыр, патриот азаматтары болады
деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызда құқық бұзушылық,
қылмыс, тәртіп, тәрбие туралы көп ақпараттар айттық, сұрақтарға
жауап бердіңдер, заңдарға тоқталдыңдар. Ендеше бүгінгі сабақты
қалай түсінгендеріңді «Жетістік баспалдағына» жауап беру арқылы
білейік.

Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылық түрлері
Құқық бұзушылық
Экологиялық құқық бұзушылық және оның түрлері
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік
Халықаралық құқық бұзушылық түрлері
Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық
Құқық бұзушылықтың түрлері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Пәндер