Қызылорда облысының тарихи қалалары
Презентация қосу
Туризм дегеніміз не?
Туризм дегеніміз – адамның арнайы бір уақыт
аралығында жан сергітіп демалыс қабылдауы. Демалыс
кезінде демалушы түрлі елдерге саяхаттай отырып,
танымдық қабілетін арттыра, мәдениет пен өнер қызығына
батады. Туризм тек шетелдерде ғана жүзеге аспайды,
сонымен қоса елдегі табиғаты керемет немесе демалыс
орындарында болады. Ал туризм маманы болса, осы
кісілердің ойдағыдай демалуын қарастырып, уақытын
барынша қызықты өткізуіне қолайлы жағдай тудырады.
Бұл мамандық саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу
секілді ықпалдармен жұмыс жасайды. мамандығы бір
сөзбен айтқанда бизнеспен айналысудың бір түрі. Осы
маман иелері жұмыс жасай отырып параллельді түрде
демалып та үлгереді.
Қазақстандағы туризм
•1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік
ұйымының мүшелігіне енді.
•1997 жылы «1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы
Жібек Жолының тарихи орталықтарының
өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдени
мұраларын сақтау және туристік
инфрақұрылым құру» мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді
•Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді.
• 1. Этнотуризм. Этнотуризм – Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ
халқының мәдениетінің өзіндігіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі.
Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен,
шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін
зерттей алады.
2. Тау туризмі
Қазақстан тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай
жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты,
жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен
қатар, жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы
көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады
3. Емдік-сауықтыру туризмі
Дамушы еліміз емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі, еліміз
тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен бірге, табиғи
өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-
сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған,
сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар
қолдана аласыз.
Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен
емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады
4. Мәдени-танымдық туризм.
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер
бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО
әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның
қорғауында.
5. Аңшылық пен балық аулау.
Ерлердің ең қызығатын әуес қойлылығы – аң аулау мен балық аулау.
Бұл адам мен табиғат байланысы мәдениетінің бір бөлігі іспеттес.
Нағыз аңшы жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа
әрқашан қызығушылық танытады. Сол секілді балық аулау да жақсы
демалыс.Көл жанында әрқашан таза, жұпарлы ауа. Ол жерде адам
күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді.
Қызылорда облысы аумағында 4 мақсаттағы бағытта
туристік маршруттар ұйымдастыруға болады.
Бірінші бағыты: Қызылорда–Қорқыт– Байқоңыр–Қамбаш көлін
жатқызамыз.
Екінші бағыт: Қызылорда–Жеті әулие-Сығанақ-
Сауран-Түркістан бағыты.
Үшінші бағыт: Қызылорда облысының тарихи қалалары
Ақмешіт-Асанас –Жент-Жанкент. Қармақшы ауданының аумағындағы
Жеті асарлар мен Қызылдың ішіндегі ескі қала орындары да жатады.
Төртінші бағыты: Қызылорда қаласының мәдени рекреациялық
орындарымен танысу.
Қорқыт ата мемориалды кешені
Қорқыта атаның бұл кешені еліміздің оңтүстігіндегі Қызылорда облысына
қарасты, Қармақшы ауданы, Жосалы атты кенттің солтүстік-батысынан
18 км жерде баба атымен аттас станциядағаы төбе үстіне жайғасқан.
Қорқыт атаның мемориалды кешіні Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарында.
"Қамбаш" көлі
Қамбаш көлі – Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніңде
орналасқан. Көл Қызылорда қаласынан 400 шақырым, Қазалы ауданының
орталығынан 50 шақырым, ал Арал қаласынын 60 шақырымдай жерде жатыр.
Бір ерекшелігі жағажай Батыс Еуропа Батыс Қытай халықаралық автокөлік
трассасының бойында орналасқан. Сондықтан мұнда келушілердің қарасы
күннен күнге артып келеді
Қорыта айтқанда: Қазақстан Республикасының
"Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету,
түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен
сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты
мемлекеттік бағдарлама концепциясына сүйене отырып
облыстағы тарихи-мәдени мұралардың туристік рекреациялық
ресурстарын халықаралық және республикалық маңызы бар
ресурстар деп екіге бөлуге болады. Облысымыздың аумағында
кездесетін тарихи және мәдени ескерткіштердің көптігі
(қырықтан астам қорған-қалалар), жол қатынастарының
тораптары, Батыс Европа — Батыс Қытай, әуе магистральдары,
Байқоңыр ғарыш айлағы, Қамыстыбас көлі (жағажай, емдік) т.б.
жағдай саяхатшылардың назарын өзіне қызықтырады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz