Індетті лимфангитті балау, дауалау және сауықтыру шаралары




Презентация қосу
Індетті лимфангитті балау, дауалау
және сауықтыру шаралары

Орындаған: ВС 515-топ студенті
Байбағысова Дана
Індетті лимфангит немесе мандам – созылмалы өтетін,
терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, іріңді
жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы тектес
жануарлардың жұқпалы ауруы.
Тарихи деректер
Індетті лимфангит IV ғасырдан бері белгілі. Бұл ауруды ұзақ
уақыт маңқамен шатастырып келді. Ауру қоздырушысын 1873
жылы итальян ғалымы С. Ривольта жылқының іріңінен
бөліп алды. Індетті лимфангит жер шарының көптеген
елдерінде көп таралған болатын. Қазіргі уақытта ауру Азия мен
Африка континенттерінде, анда-санда Қазақстанда
ұшырасады.
Қоздырушысы – бір торшалы саңырауқұлақ
Histoslasma farciminosum.
Індеттік ерекшеліктері. Індетті лимфангитке жұмыр тұяқты жануарлар:
жылқы, қашыр, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады.
Жылқының жас мөлшері ешқандай оған әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға
дейінгі құлындар ауруға осал болады.
Өтуі мен симптомдары. Дерттің дамуы зілсіз және зілді деп бөлінеді.

Зілсіз

Зілді
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексенің терісінде көптеген іріңді
түйіндер мен жаралар болады. Сөл тамырлары жуандап, көрініп тұрады.
Маңындағы сөл бездері үлкейіп, іріңдеген, кейбірі жарылған. Танаудың кілегейлі
қабығында, жыныс мүшелерінде бозғылт сары түсті түйіндер ұшырасады. Дәл
осындай іріңді түйіндерді өкпеден, бауырдан, көкбауырдан да табуға болады.
• Балау. Ауру індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін
жинастырып, талдау негізінде анықталады. Оған қосымша
іріңді микроскоппен қарайды. Жарылмаған түйіндегі іріңді
боямай-ақ төсеніш шыныда физиологиялық ерітіндімен
араластырып, болмаса 10 % күйдіргіш натрий ерітіндісіне
салып қарайды. Егер іріңде криптокок табылса, аурудың
балауы дұрыс болғаны.

• Ажыратып балау. Клиникалық белгілері және індеттанулық
деректер негізінде маңқадан айырады. Қажет болса
маллеинмен «көз байқауы» реакциясы арқылы тексереді.
Дауалау және сауықтыру шаралары Аурудан сақтану үшін шаруашылық
территориясының індеттік ақуалын үнемі мұқият қадағалап отырады. Басқа
жақтан әкелінген жылқыларды дауалау карантинге қойып, тыңғьшықты
тексеріп шығады, кілегейлі қабықтарын, теріні арнайы қарап, көреді. Бағып
күткенде, мініп-түскенде жануарлардың жарақаттанбауына қолайлы жағдай
жасайды. Егер, шаруашылықта ауру шыға қалса, онда территория сау емес
деп жариялап, карантин үйымдастырады. Карантиннің шарты бойынша мал
әкелуге, әкетуге оларды ферма ішінде ары-бері ауыстыруға, сау
жылқылармен бірге жаюға, пішуге, бие сауып, қымыз ашытуға тиым
салынады. Ауру малдарды өлтіріп, терісін алмай жояды. Індет ошағындағы
басқа жылқыларды 5 күн аралатып клиникаиық тәсілмен тексеріп отырады.
Оларды басқа ферманың малына араласпайтындай етіп пайдаланады. Ауру
шыққан қораны, оның айналасын тазартып, әрбір 15 күн сайын
дезинфекциялайды. Ол үшін 5% фомальдегид ерітіндісін, 10% күйдіргіш
натрий ерітіндісін қолданады. Қамыт-сайман, ер тұрманды 60°С
формальдегид буында 1 сағаттай ұстайды. Ауру және дүлдәмал малдың
көңін, жемшөп қалдықтарын жағып жібереді. Карантинді ең соңғы ауру мал
құртылып, ақырғы рет сау мал тексеріліп, дезинфекция жасалынған соң 3 ай
өткенде алады.
Назар аударып тыңдағандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Лептоспирозды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Ауруды ажыратып балау
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Ішектің кілегей қабығындағы қан құйылулар
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпралы бронхиті, вирусты гепатиті, синуситі, тұмауы, орнитозы
Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар
Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы
Шошқаның атрофиялық ринитін дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Пәндер