Мониезиоз - Moniezia туыстығына, Anoplocephalidae тұқымдастығына жататын құрттардың ересек сатысы қоздыратын гельминтоз




Презентация қосу
Күйістілер аноплоцефалятоздарын
гельминтомакроскопиялық зерттеу
әдісі

Орындаған: Байбағысова Дана
Байғани Әбілхайыр
Баймырза Бақжанар
Аноплоцефалятоздар- күйістілердің аш ішегінде
мекендейтін таспа құрттардан пайда болатын имагиналды
цестодоз аурулары- мониезиоз, тизаниезиоз, авителлиноз.
Мониезиоз- Moniezia туыстығына, Anoplocephalidae
тұқымдастығына жататын құрттардың ересек сатысы
қоздыратын гельминтоз. Мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі
қара мал, бұғылар, жабайы күйіс қайыратын жануарлар
ауырады. Жиірек төлдер ауырады.

Қоздырғышы. Мониезия- тұрқы 2,5 -10 м-ге жететін таспа
құрт. Гельминт бунақтары жалпақ келеді, жыныс мүшелері екі
қатар орналасқан. Буылтықтардың екі бүйірінен жыныс
мүшелерінің тесіктері ашылады.
Мониезиоз дертін іш құрттың екі түрі тудырады: бірін
Moniezia expanze, ал екіншісін Moniezia benedeni деп атайды.
M. expanze- ұзындығы 6-10 м, түсі ақшыл, бунақ
аралықтарындағы бездері дөңгелене келіп, буылтықтың алдыңғы
шеттеріне орналасқан.
M. benedeni- тұрқы 2,5-4 м, түсі күңгірттеу, бунақаралық бездері
көлденең сызықшаға ұқсайды.
Даму айналымы. Биогельминт.
Ақтық иесі- қой, ешкі, ірі қара мал, бұғылар т.б.
Аралық иесі- орибатид кенелері.
Өсіп-өнуі. Мал таспа құрттың пісіп жетілген соңғы буылтықтарын өз нәжісімен
бірге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады.
Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзіліп, ішіндегі жұмыртқалары шашылады.
Кенелер өсімдіктердің түбінде органикалық қалдықтармен, мал тезегімен
қоректеніп жүріп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесіне енгеннен кейін
гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлініп, іш қуысына енеді. Одан әрі балаң
құрттың келесі сатысы цистицеркойдқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркойд
жетіліп, инвазиялық сатыға жетеді. Мал жайылымда шөппен бірге мониезиоз
құртымен залалданған орибатид кенелерін жұтып, ауру жұқтырады. Қозы мен
бұзаудың ішегіне түскен мониезия құрты тез өсіп, 37-50 күн аралығынды жетіліп,
ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесінің ішінде 2 айдан 6 айға дейін
тіршілік етеді.
Эпизоотологиясы. Қой мониезиозы Қазақстанның барлық
территориясына тараған. Аурудың шығу мезгілі қозыларды
жайылымға шығару уақытысымен тығыз байланысты.
Оңтүстікте әдетте бұл мерзім сәуірдің бас кезіне тура келеді, ал
орталық және солтүстік аймақтарда індеттің жұғу уақыты
бұдан кейінірек. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-
шығысында мониезиоз жыл бойы кездеседі, бірақ аурудың
үдемелі кезеңі жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда көктем
мен күз айларында өршиді.
Лақтар, қозыларға қарағанда, бұл ауруға сирек шалдығады.
Бұзаулар өріске шығысымен мониезиоз қоздырғышын жұқтыра
бастайды. Түйенің мониезиозға шалдыққанын З.В.Шумилина
Орал аймағынан байқаған.
Клиникалық белгілері. Малдың жем-шөпке зауқы төмендейді, іші өтеді.
Сұйық нәжісіне шырыш және қан араласады. Төлдің арты үнемі былғанып
жүреді, кейде ішегінен таспа құрттар үзінділері салбырап тұрады. Жүрек-
қан тамырлар қызметігің нашарлауынан дененің әр тұсынан, әсіресе,
алқымынан, сирақ буындары маңайынан жалқаяқты ісіктер байқалады.
Егер ішек қуысы құрттармен бітеліп қалса, онда жануар мойнын бүйіріне
қарай қайырып, тыпыршып мазасызданады. Ал жүйке жүйесі зақымданған
кезде денесінде діріл пайда болып, төл бір орында тұрып өзінен-өзі айнала
береді, аяғымен жер тепкілеп, тыпырлап, құлап түседі. Жалпы малдың
күйі төмендеп, еті қайтады, көтеремдіктен және ішегінің бітелуі себебінен
өледі.

Өлекседегі өзгерістер. Жануарды сойып қарағанда, олардың етінің
қашқаны көрінеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы, тері астынан
жалқаяқтар байқалады. Ішін жарып қарағанда, құрсақ қуысынан сарқылма
сарысу көрінеді. Ащы ішектің кілегей қабығы жарақаттанған нүкте тәрізді
қанталаған.
Тизаниезиоз- бұл малдың аш ішегінде Thyzaniezia giardi таспа
құртының тоғышарлық етуінен қозатын , іш өтумен, малдың
арықтауымен сипатталатын гельминтоз ауруы. Тизаниезиозбен
күйісті малдардың көбі ауырады. Біздің елімізде аурудың
қоздырғыш құрты қойдан, ешкіден, ірі қарадан және кейбір
жабайы аңнан табылған.
Қоздырушысы- Thyzaniezia
giardi ақ түсті таспа құрт.
Ұзындығы 1-4,5 м, ені 1см-ге
дейін жетеді. Бунақтарының ені
монезиядағыдай ұзындығынан
едәуір асады. Әр бунақта бір
ғана қызтекелік жыныс мүшесі
бар. Бунақтардың ішінде әбден
жетілген жұмыртқаға толған
жатыр иректеліп, ширатылған
тұзақша сияқты, көлденең
орналасады. Осындай
тұзақшалар ішінде капсула,
парутериналық мүше, ал
олардың ішінде 10-15-ке дейін
тизаниезия жұмыртқалары
жатады. Жыныс тесіктері Жіктелуі:
буылтықтың бір ғана бүйірінен Тек тармағы: Anoplophalata
ашылады және олар кезек-кезек Тұқымдасы: Avitellinidae
ретсіз ауысып проглотиданың Туысы: Thyzaniezia
не оң, не сол жағынан Түрі: Th. Giardi
ашылады.
Тизаниезиялардың 3 сатысы бар:

Имаго Жұмыртқа Ларвоциста
Жұмыртқасы- ұсақ, сұрғылт, дөңгеленген, ішінде ұрығы онкосферасы
бар, «алмұрт» тәрізді, аппараты жоқ.

Ларвоцистасы- Cysticercoid деп аталады, құрылысы әлі анықталған жоқ.
Даму айналымы- биогельминттер.
Ақтық иелері- күйістілер.
Аралық иелері әлі нақты анықталмаған. Кейбір
ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда, бұл рөлді не
орибатидты кенелер немесе шөп қоректі жәндіктер
атқарады.
Эпизоотологиясы. Тизаниезиоз Қазақстан мен Орта Азия
республикаларында кең таралған. Қазақстанның Оңтүстік
Шығысында бұл ауру жыл бойы тіркеледі. Гельминтозға
қозылар 5 айлығынан бастап шалдығады. Ауру тоқтылар мен
ересек қойларда жиі кездеседі. Наурызда туған қозыларда ауру
белгілері тамыз, қыркүйек айларында біліне бастайды.
Қарашаға дейін паразиттің жұғу деңгейі көп емес, ал қысқа
салым ауруларға шалдыққан жануар саны арта түседі.
Клиникалық белгілері. Көзге шалынатын кілегейлі
қабықтары бозарып, аузынан сілекей ағады. Орталық жүйке
жүйесінің зақымдануына байланысты еттері өздігінен
жиырылып тартылады, мал тәлтіректейді, іші өтеді, ауа
жетіспегендіктен мал демігеді.

Аурудың өрбуі. Ішек құрттарының механикалық әсерінен
ішектің кілегейлі қабығы қабынып, жарақаттанады, ішек
қуысы паразиттермен бітеліп, кейде жарылып та кетеді.
Мұндайда ауру өліммен аяқталады. Құрттың уыты бүкіл
денеге тарап, малды уландырады, ас қорыту жүйесінің
қызметі бұзылады, патогенді микробтардың мал денесіне
енуіне жол ашылады.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе арық, құрсақ қуысы
сарқылма суға толған, ішектің іші, әсіресе, тизаниезиялар
жайғасқан жерлері сұрғылт түсті, тұтқыр қою сұйыққа толы,
іші қабаты қанталаған және таспа құрттарға толған.
Авителлиноз- ошақты, жіті түрінде өтетін, іш өтумен,
интоксикация белгілермен сипатталатын гельминтоз ауруы.
Бұл ауруға көбінесе қой мен ешкі, сирегірек ірі қара
шалдығады.

Қоздырушысы- Avitellina
centripunctata.

Жіктелуі:
Тек тармағы:
Anoplocephalata
Тұқымдасы: Avitellinidae
Туысы:Avitellina
Түрі: A. Centripunctata
Авителлинидаларда 3 сатысы бар:

Имаго Жұмыртқа Ларвоциста
Имаго- ұзындығы 1-3 м-ге дейін, ені 3 мм шамасында, сұрғылт түсті
қарусыз таспа құрт. Стробиласы жіңішке жіпке ұқсайды. Бастапқы жағында
сыртқы бөліктері байқалмайды, соңғы буылтықтары ақ таспиық
тастарындай айқын байқалады. Жыныс тесіктері бунақтардың бір ғана
бүйірінен ретті түрде ашылады. Әрбір бунақтарында «жатырға ұқсас» мүше
бар, оның ішінде 9-10-ға дейін «қоржындар» болады. Ал олардың ішінде 45-
50-ге жуық жұмыртқалар бар. Мекен жайы- қойдың ащы ішегі.
Жұмыртқа- домаланған, ішінде ұрығы- онкосферасы ірі болып келеді.
Алты ілгешегі бар. Алмұрт тәрізді аппараты жоқ. Жұмыртқалар сыртқы
ортаға нәжіспен бөлінеді.
Ларвоциста- Cysticercoid деп аталады. Ол аралық иесінің денесінде
орналасады.
Даму айналымы.
Биогельминт, екі иесі
бар.

Ақтық ие- қой, ешкі,
өте сирек ірі қара,
түйе, елік, қарақұйрық,
ақбөкен.
Аралық ие-
коллембола деген уақ
алты аяқ жәндіктер-
Entomobrya туысынан.
Эпизоотологиясы. Авителлиноз еліміздің Оңтүстік
аудандарында кеңінен тараған. Авителлинаның жұмыртқалары,
монезиялардың жұмыртқаларына қарағанда, сыртқы ортаның
қолайсыз әсерлеріне, әсіресе, ылғалдың аздығына төзімдірек
келеді. Себебі құрт жұмыртқасын қоршап тұратын «жатырға
ұқсас» мүшесі қорғаныштық қасиет көрсетеді. Көктем мен
күздік жайылымдарда 35-60 күнге дейін тіршілік ете алады.
Авителлинозға қозылар 6-7 айлығынан бастап шалдығады.
Ауру ересек қойлар арасында жиі кездеседі. Жазғытұрым туған
төлде цестодалар алғашқы рет тамыздың аяқ шенінде
байқалады. Күзде паразиттердің жұқтыру қабілеті өрше түседі.
Тоқтылар мен сақа мал дертке көктем мен күзде шалдығады.
Ешкілер, қойлармен салыстырғанда, таспа құртпен аз
зарарланады.
Клиникалық белгілері. П.П.Вибе авителлиноздын клиникалық белгілерін 2
түрге бөліп көрсетеді:
1) Субклиникалық (білінбейтін ) түрі- ас қорыту жүйесі бұзылады, малдың
күйіс қайыруы тоқтайды, нәжісі сұйылып, оған шырыш араласатыны
байқалады. Оларға қосымша, авителлинаның пісіп-жетілген бунақтары
сыртқы ортаға шығарылып отырады.
2) Жіті түрі- қой жайылмайды, отарға ілесе алмай қала береді. Су ішпейді.
Бағытты білмей тәлтіректеп жүріп, басын, кеудесін бір затқа тіреп ұзақ
тұрады. Көзінің кілегей қабығы қанталап кетеді, көз қарашығы ұлғаяды,
тісін қайрайды, бұлшық еттері дірілдейді. Ауру зардабы 16-24 сағатқа
созылады. Ақыры мал өледі.

Өлекседегі өзгерістер. Авителлиноздан өлген қойды жарып қарағанда, ащы
ішектің ішкі қабатының ісініп қанталағанын және ішек ішінен құрттарды
көруге болады.
Макроскопиялық Микроскопиялық
әдіс Аноплоцефалятоздарды әдіс
анықтау үшін
Гельминтомакроскопиялық
әдіс

Визуалды әдіс- құмалақ Вибе әдісі- ұсақ жануарларға
немесе нәжіс бетіне арналған қынап айнасының
жабысқан ақшыл құрт сыртын вазелинмен майлайды,
бөлшектерін жай көзбен қойдың құйрығын көтеріп, бір
көру арқылы анықтап, сол жағына қайырып, айнаны
бөлшектерді екі шынының ептеп ішегіне енгізеді.
арасына қысып қарайды. Артынан бүріккіш арқылы су
жібереді. Ішектен бөлініп
шыққан нәжісті құйрықтың
астына астауша төсеп
жинайды
НАЗАР АУДАРЫП
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ондай құрттардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді, сколексі қарусыз
Күйістілердің аноплоцефалятоздары,ветеринариялық-санитариялық шаралары
СӨЖ ЕРЕСЕК ҚҰРТТАР
Шошқа аскаридозын, жылқы параскаридозын диагностикалау
Құрт ұрықтары қоздыратын, ларвалды стронгилятоздар
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫ
Қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру
Мониезия - үлкен таспа құрттары
Медициналық гельминтология
ИТ ГЕЛЬМИНТОЗДАРЫ
Пәндер