Жаңадан табылған шығармалары




Презентация қосу
Ж. Аймауытовтың
өмірі мен
шығармашылығы
Дайындаған: Жаманқұл Аяулым
Мазмұн
ы
• Жүсіпбек Аймауытов
• Ж. Аймауытовтың өмірі
• Шығармашылығы
• Ж. Аймауытовтың нақыл сөздері
• Фильмдер
• Жаңадан табылған шығармалары
• Отбасы
• «Ақбілек» романы
• Қысқаша мазмұны
• Кейіпкеріне сипаттама
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың
көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін
қалыптастырушылардың бірі.
1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы
бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап,
Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен
бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты,
72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920
жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат
болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу
бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және
журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-
24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26
жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін
атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29
жылдары Шымкент педагогикалық техникумының
оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында,
яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген
елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты
ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым
халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды
қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа
қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Ж.Аймауытұлы
мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-
рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді.
Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды
шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен
шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында - 1930 жылдың
21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.
Өмірі
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек
Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында
білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі
кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі
класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.
Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты
комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі
(1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[2]
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген
жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді
орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде
қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған.
Шығармашылығы
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп,
1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы
әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде
қайта табысты.
Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ
пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл
басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж.
М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген
бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918,
№2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар
жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен,
көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт
қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың
жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның
пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында
елеулі рөл атқарды.
Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті.
Фильмдер

1994 — «Алаш туралы
сөз» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі
фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі
фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен
Айманов атындағы
Жаңадан табылған жұмыстары
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек
Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға
мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен
очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан
архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-
маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын,
әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан
Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның
«Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да
енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз
келеді.
«Елеусіз ерлер» атты әңгімесі 1920-жылдары Ташкентте шығып тұрған
«Ақ жол» газетінің қосымшасы – «Сәуле» әдеби журналының 1924
жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені
арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған – филология
ғылымдарының кандидаты Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ екенін тағы да еске
саламыз.
Отбасы

Жүсіпбек Аймауытовтың жұбайы – Евгения Қарабатыровна. Ол
отбасылық суреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын ұзақ уақыт
сақтап келген. Ал 1991 жылы Павлодар қаласына барып, баға жетпес
қазынаны Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне
тапсырды.Тағдыр репрессияға ұшыраған Жүсіпбек Аймауытовтың
балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы – Бектұр көп
қасірет шеккен. Әкесі "халық жауы" деп танылғаннан кейін Бектұр
Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Ол тек 78 жасында
ғана Отанына оралды.
Жүсіпбектің екінші ұлы – Жанақ еңбек армиясына жіберілген. Ол да
ұзақ уақыт қорқынышпен өмір сүріп, біраз қиындық көрген. Ал
Аймауытовтың кіші қызы – Мәруа (Мағрипа, Муза) әкесі репрессияға
ұшырағанда төрт-ақ жаста болды.
«Ақбілек» романы туралы

Ақбілек — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан
туған психологиялық роман. Роман тұңғыш рет
1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында
жарияланды.
Қысқаша мазмұны
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ
ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген
адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің
қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын
туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер
тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар
қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты,
көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ
төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен
көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік
төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ
романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ
әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға
жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі
қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Химия факультеті
1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Руналық жазу
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Әсем сұлу табиғатымыздың еркелері
Қабылдау бөлімі
Ежелгі түркі өркениеті
Сержан қандай бала
Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы
Пәндер