Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары



Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары

Ф. Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын кіші Қазан деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан Кіші Қазанмен желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф. Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады. "Кіші Қазанның" мақсаты - қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан "Кіші Қазан" революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: Қазақ ауылын кеңестендіру; Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Қазақ халқы түркітекес тілдердің қатарына жатып, басқа түркітектес ұлттары сияқты көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын қолданған. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де айналықсан. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар жазық жерлерде қой, жылқы, түйе және сиыр баққан. Мал - жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол мекендерге ірі қара, түйе және ұсақ мал - қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтардың ішіп-жем, киім-кешек және тағаммен қамтамасыз етті.
Қазақтар үшін ең ауыр қиын-қыстау кездер жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардаң немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Сол себепті де, бір-бірімен амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп бастайтын.

Уақыт өте келе дәстүрлі шаруашылық бұзыла бастайды, және осы бұзылудың салдары неде? Оған ең бірінші себеп қазақ халқының Ресей Империясына қосылғаннан. Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында дегендей, осы империя қосылғанда көркейеміз деген хандық, құлдырай бастап, өз мәдениетіміз бен шаруашылығымздан алшақтай бастаймыз. Осыған орай қазақ даласының шекарасына айнала қоршап салынған бекіністер мен шеп-белдеулер Ресейдің отарлау саясатынан жүргізетін тірек-пункттеріне айналды. Сол себепті, оларды қазақтардан қорғау шарасы қабылданды. Яғни, бекіністердің жанындағы қазақтарды тыс бір шетке, қу медиен жерлерге қуып тастау сияқты амалдар жасалды. Жасаған әрекеттерін жергілікті халықпен ақылдаспай, зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдана отырып қатыгездікпен іске асырып отырды.

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша"Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы" заңы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді. 1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды. Жерді қайта бөлу негізгі - экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т. б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады.

Шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:
жерлерді есепке алу жүргізілмеді;
байларыдың қарсылығына кездесті;
Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;
кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;
жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу нәтижесі
Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда - 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында - 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында - 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф. Голошекиннің Кіші Қазаны - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.

Байларды қудалаудың, мал-мүлкінен айырудың нәтиежесінде 1930-1931 жылдары республикадан тыс жерлерге 6 800 адам жер аударылды. Осы мерзім ішінде Қазақстанға КСРО- ның басқа аймақтарынан дүние мүлкі тартып алынып өмір сүру мүмкіндігінен айырылған 180 -мың кулактар қоныс аударылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz