НЕДЗВЕЦКИЙ АЛМАСЫ
Презентация қосу
АЛМАЛАР ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫНЫҢ
ӨКІЛДЕРІНЕ СИПАТТАМА
АЛМАЛАР ТҰҚЫМДАС ТАРМАҒЫ
Алмалар тұқымдас тармағы. Өмірлік формалары ағаштар мен
бұталар. Гүлдері аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-
ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ
олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін
қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гапантимен
бірігіп кетеді.
Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.
АЛМА ТУЫСЫ (ЯБЛОНЯ)
Туыстың құрамыңда солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде
өсетін 30-дай түрі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бүталардың
10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең
көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Ол бұрынғы
одақтас республикалардың европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда;
Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарыңда;
Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен
жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын
тоғай түзеді. Орта Азияның тауларыңда өсетін, алмадан тұратын бай орманның
өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды
өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем
жасауға). Недзвецкий алмасы (яблоня Недзвецкого — М.песітхуеггкуапа) аса
сәнді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі)
антоциаңды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньң
күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген атпен топтастырылады
СИВЕРС АЛМАСЫ
Сиверс алмасы - Раушангүлдер тұқымдасына
жататын, саны қысқарып бара жатқан түр.
Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы
тау сілемдерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс
Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік
тауларында таралған. Жапырақты, сирек қылқан
жапырақты ормандарда, тау өзені сайларында, тау
баурайларында өседі. Жиі шағын , дерлік иін
тірескен тұтас тоғайлар, көбіне жекелеген далалар
мен жеке топтар болып кездеседі. Бағалы тағамдық
ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени
сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз
өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал
береді. Түр пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе
мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмәмен
ерекшеленеді
НЕДЗВЕЦКИЙ АЛМАСЫ
Недзвецкий алмасы (malus
nіedzwetzkyana) – раушангүл тұқымдасының
алма туысына жататын ағаш. Қаратауда,
Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі.
Биіктігі 5 – 8 м. Бұтақ шоғыры тармақталып
өскен, ағаш діңінің түсі қоңыр не қызыл. Гүлдері қанық қошқыл қызыл
Жапырақтары эллипс тәрізді, саусақ салалы түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр
тілімденген, шеті ара тісті иректелген. – маусым айларында гүлдеп,
шілде – қыркүйекте жеміс салады.
Жемісі қанық қызыл түсті, етті,
шырынды, тәтті. Недзвецкий
алмасы– өте сирек кездесетін
өсімдік болғандықтан қорғауға
алынып, Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген.
Алмұрт туысы
Алмұрт туысы (груша — Ругиа). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендіктің
қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20-дай түр бар. Бұрынғы одақтас
республикалардың территориясыңда 17 түрі белгілі, ал Қазақстаңда 2 түрі өседі.
Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы
қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде
(етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады.
Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты (Р.communіs), Регель алмұрты
(Р.regelіі), құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт (P.serotіna) деген түрлері бар.
Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 10-12 м
болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа
пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына
шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салм. 20-300 гр-
дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды,
ШЕТЕН ТУЫСЫ
Шетен туысы (рябина ). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі
белгілі. Бұрынғы ССРО-ның флорасында 34-түрі, ал Қазақстаңда 3 түрі
кездеседі. Аса кең тараған түрі көдімгі шетен (рябина обыкновенная —
8.аисирагіа), оның ақ түсті гүлдері үлкен қалқанша төрізді гүл
шоғырына жиналған. Жемістерін жинап кулинарияда пайдаланады
(варенье, қақ, компот). Шетеннің осы түрінен И.В.Мичурин қош иісті
тәтті жемістері бар сортгар шығарды.
Гүлі Жемісі піскен
кез
Кәдімгі шетен (лат. Sorbus aucuparia) - раушангүлділер тұқымдасы,
шетен туысына жататын, сұрғылт қабығы бар ағаш тектес өсімдік.
Биіктігі 10 м-ге жуық.
Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, қауырсын тәрізді,
сағақтары өте қысқа, ұштары сүйір, шеттері ара тісті. Жас
жапырақтарының екі жағында да түктері бар.
Гүлдері ақ, майда, хош иісті, алманың гүлдеріне ұқсайды, бірақ
бұтақтарының ұштарында шоғырланып тұрады. Гүл
тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-
бестен. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек
айларында піседі.
Жемісі - шар тәрізді, етті, қызыл түсті жидек. Ішінде 3 тұқымы бар.
Дәмі қышқыл әрі ащылау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz