Тәрбие үдерісінің мәні



Тәрбие үдерісінің мәні
Орындаған: Тулеп Динара
Тобы: ПП 19 1
Қабылдаған: Өмірзақова Әсел

Жаспар
1. 1. Тәрбие - мәдени-тарихи феномен ретінде.
1. 2. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы.
1. 3. Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу үрдісін ізгілендіру ұстанымдары.

Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен бірге дамып келе жатқан үрдіс. Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат қоғамы тарихының бастапқы дәуірі. Бұл дәуірдегі ұрпақ тәрбиесі туралы әртүрлі тарихи, этнографиялық және әдеби көздердің, сондай - ақ археологиялық қазбалардың негізінде ой өрбітуге болады.
Қазіргі замандағы әлемдік ғылым тәрбиенің пайда болуы тұрғысында бірнеше тұжырымдамалар жасаған. Оның ішінде дәстүрлі тұжырымдамалардың қатарына эволюциялық - биологиялық және психологиялық теориялар жатады

Қоғамның даму сатылары
Тәрбиенің сипаты
Қызмет түрлері, мазмұны
Руға дейінгі қауым
Жалпыға бірдей, ұжымдық, табиғи
Еңбек: жеуге келетін өсімдіктерді жинау, балық аулау, аң аулау, ошақты ұстау, араласу, салт - дәстүрлерді үйрету, инициациялар (сынақтар)
Рулық қауым
Ұжымдық - топтық, ұйымдасқан
Жұмыс түрлерін ер балалар мен қыз балалар арасында бөлу, еңбек процесінде оқыту, жануарларды ұстау, жер өңдеу, қолөнершілік, алғашқы жазуға үйрету, үлгі бойынша оқыту, діни табыну ережелерімен танысу, тәрбиені қызметтің айрықша түрі ретінде қарастыру, алғашқы «жастар үйлері»
Алғашқы қоғамның ыдырау кезеңі
Ұйымдасқан, жеке - топтық
Ой жұмысы мен қара жұмысты бөлу. Отбасылық тәрбие, еңбекке баулу, тәртіптің нормалары мен ережелерін, діни рәсімдерді меңгеру, әскери тәрбие. «Жастар үйлерінде» оқу мен жазуды (пиктография) үйрету
Алғашқы қауымдағы тәрбие

Қоғамда қандай өзгерістер болса, тәрбиеге де сол өзгерістер әсер етіп отырған. Француз утопистері Ж. Ж. Руссо (1712-1778), Сен-Симон (1760-1825), Д. Дидро (1713-1784) балаға жан-жақты білім, тәрбие беріп, сол қоғамды өзгертпекші болған.
Ж. Ж. Руссо (1712-1778)
Д. Дидро (1713-1784)
Сен-Симон (1760-1825

тәрбие - мәңгілік ұғым. Ол тек адам баласына тән. Тәрбие жер бетінде адам баласымен бірге өмір сүреді.
тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретінде тағы бір қыры - ол жалпы адам баласына тән қасиеттерді қалыптастыру
тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде ұлттық тәрбиеден бастау алады. Ұлтотбасынан кейінгі қауымдастық.
тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан қоғам өзінің тарихи кезеңдерін басынан өткізе отырып, тәрбиені де, тарихи кезеңдерге сай қалыптастырады
тәрбие жас ұрпақтардың өмірге бейімделіп, қарттардың орнын басып, өндірісті дамыту, қажеттілігінен туындайды.
тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық сана-сезіммен де тығыз байланысты. Себебі жеке адамның сана-сезімі қоғамдық сана-сезім арқылы қалыптасады
Жалпы тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде алып қарайтын болсақ:

Н. И. Болдыревтің «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» оқулығында «Тәрбие - тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс - әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым - қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы» делінген.
Қысқа педагогикалық сөздікте «Тәрбие - жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені диалектикалық-материалдық көзқарасты, жоғарғы моралды, терең идеяны, қоғамдық белсенділікті, шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек мәдениетін және тәртіпті жеткізу жолдары» деп көрсетіледі.
«Насихатшылардың қысқаша педагогикалық» сөздігінде «Тәрбие - адамдарды еңбекке тағы да басқа көптеген қоғамдағы пайдалы іс-әрекетке дайындаушы, көптеген әлеуметтік функцияларды орындайтын объективті заңды процесс» деп тәрбиені іс-әрекет емес процесс ретінде қарастырған.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан, адамды тәрбиелеу
Тәрбиенің міндеттері:
- озық педагогикалық-психологиялық ойларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, ғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру;
- жалпы және кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейту, тәлімтәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтерді оқуларды енгізу;
- Балалар мен жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру, өмірлік мақсат-мүдесін айқындауға, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;

Оқушылар міндетті түрде өзін - өзі тәрбиелеуі қажет, баланың ішкі белсенділігін ояту керек. Өзін - өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. К. Д. Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесі:
1. Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге
2. Сөзде және қылықтардағы турашылдық
3. Әрекетті жан - жақты ойластыру
4. Батылдылық
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпай
6. Санасыз уақыт өткізбеу
7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану
8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру
9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау
Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез - құлқындағы кемшіліктері мен әрекетіндегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді. Тәрбие үдерісінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтары ескерілуі қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz