Фатих Сұлтан Мехмет кезеңі



Осман мемлекетінің өркендеуі
Тақырып:

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Фетрет кезеңі
2. 2 Варна шайқасы
2. 3 Косово шайқасы
2. 4 Фатих Сұлтан Мехмет кезеңі
2. 5 Ыстамбулды алу
2. 6 Ыстамбулды алудың нәтижелері
2. 7 Балқан түбегіндегі өзгерістер
2. 8 Анадолыдағы өзгерістер
2. 9 Теңіздегі өзгерістер
2. 10 Фатих Сұлтан Мехметтің ерекшелігі
III. Қорытынды

Кіріспе
Өркендеу кезеңі 1413-1453 жылдар аралығын қамтиды.
Осы кезеңде билік құрған сұлтандар:
Мехмет Челеби
Мұрат ІІ
Мехмет ІІ

Сұлтан
Суреті
Басқарған уақыты
Қолтаңбасы
(Туграсы)
Ақпарат
Мехмед Челеби
1413 ж. - 1421 ж.
Баязид І ұлы
Өмірінің соңына дейін басқарған.
Мұрад ІІ
1421ж. - 1444 ж.
1446 ж. - 1451 ж.
Мехмед І ұлы
Мехмед ІІ
Фатих
1444ж. -1446 ж.
1451 ж. - 1481ж.
Мұрад ІІ ұлы

Фетрет кезеңі
Анкара шайқасынан соң Əмір Темір Анадолыны талан-таражға салып, еліне оралды. Йылдырым Баязидтің мұрагерлерінің əрқайсысы падишах екендерін жариялады. Шахзадалар арасындағы тақ таласымен өткен кезеңді Осман тарихшылары «фетрет» (шым-шытырық) кезеңі деп атаған. Йылдырым Баязидтің ұлдарының бірі Мехмет Челеби Бұрсаға қарай бет алып, Иса Челебиді жеңді. Ал Иса Челеби Эдирнедегі Сүлеймен Челебиге барып бас сауғалады. 1413 жылы Мехмет Челеби бауырларының көзін жойып, өтпелі кезеңді аяқтады. Челеби Мехмет Осман мемлекетінің Анкара шайқасынан соң ұшыраған қиын жағдайдан шығарған мықты мемлекет қайраткері əрі шебер қолбасшы болатын.

Варна ШАЙҚАСЫ
ІІ Мехметтің 12 жаста таққа отыруы батыс
елдерінің батылдана түсуіне себеп болды. Осман мемлекетіне қарсы
Крест жасағы жинақталды. Венгрия корөлі қол қойған келіссөзін
бұзып, осы жорыққа қатысты. Крест жорықшылары Дунайға келіп,
Варнаға жақындады. ІІ Мұрат қолбасшылықты өз қолына алып, Крест
жорықшыларын жермен жексен етті. Венгрия корөлі шайқаста көз
жұмды. Варна шайқасы Осман мемлекетінің Ислам əлеміндегі беде-
лін көтерді. Балқан түбегіндегі Осман үстемдігі нығая түсті. Көп
ұзамай Мора да Осман шекарасының ішіне кірді.


Косово шайқасы
Варна шайқасында қашып, бас сауғалаған
Ян Хуняд жаңадан Крест жасағын жинап, Солтүстік Сербияға келді.
Валахиялықтар мен албандар да венгерлерді қолдады. ІІ Мұрат Крест
жорықшыларын Косово түбінде күтіп алып, күлін көкке ұшырды
(1448) .
Осы шайқастан соң түріктер Дунай өзенінің оңтүстік жағала-
уында өздеріне тең келер күштің жоқ екенін дəлелдеп, орындарын
мығымдап алды. Түріктерді Балқан түбегінен шығарудың мүмкін
еместігін Еуропалықтар жақсы түсінді.
ІІ Мұрат 1451 жылы қайтыс болды. Ол ірі мемлекет қайраткері
əрі мықты қолбасшы еді. Ол Осман мемлекетінде ғылым, өнер мен
мəдениетті дамна үлкен үлес қосты. Өзі ғалым, ақын əрі сазгер бо-
латын. Халық оны əділетті де қайырымды падишах ретінде есте сақ-
тады. Ол ұлы ІІ Мехметке (Фатих) əлемнің сол кездегі ең қуатты мем-
лекетін мұра етіп қалдырды.


Фатих сұлтан мехмет кезеңі
ІІ Мұраттың орнына 19 жасар ұлы ІІ Мехмет таққа отырды. Түрік жəне əлем тарихының ең ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі болған Фатих дана билеуші болды. Оның туа біткен қабілеттерімен қоса сол замандағы озық білімді тұлға болуымен ерекшеленді. ІІ Мехмет таққа отыра салысымен Византия империясының астанасы - Ыстамбулды алу үшін дайындық жасай бастады. Себебі Ыстамбул Анадолы мен Ұрымды байланыстаратын нүкте болатын. Сондай-ақ, Ыстамбул христиандық Еуропа елдерімен бірге Осман мемлекетіне қауіп төндіретін Византияның қолында қалған соңғы ірі қаласы еді. Тақ таластарында жəне басқа да оңтайлы кездерде Осман мемлекетінің ішкі мəселелеріне араласып, мемлекетті ішінен əлсіретуге барын салатын Византияны жоюдың уақыты келген еді.
Ыстамбул сауда тұрғысынан да аса маңызды жағрапиялық орынға ие қамал болды. Қара теңіз бен Жерорта теңізін бір-бірімен байланыстырып тұрған Ыстамбул бұғазының Византияның қолында болуы Осман мемлекеті үшін үлкен кедергі болатын. Ислам əлемінің де маңызды мақсаттарының бірі Ыстамбулды алу еді. Хазрет Мұхамметтің «Ыстамбул міндетті түрде алынбақ. Оны алған билеуші қандай қасиетті билеуші, оның əскері қандай қасиетті əскер» деген сөзі Осман елінде айтылып жүрді. Яғни Ыстамбулды алу діни мақсатқа да ие болды.


Ыстамбулды алу
ІІ Мехмет Ыстамбул бұғазында бір кездері Йылдырым Баязид тұрғызған Анадолы хисарының қарама-қарсы бетіне Ұрымелі хисарын салдырды. Өте аз уақыттың ішінде тұрғызылған қорған арқылы Қара теңізден Византияға келетін көмектің жолы тосылды. Эдирнеде үлкен зеңбіректер жасалды. Түріктер Ыстамбулды алуға дайындық жасап жатқанда Византиялықтар қаланың қорғандарын оңдады. Халичті шынжыр жəне кемелермен тосты. Православтық Византиялықтар католик Ватиканның көмегін алу үшін олармен одақ құруға көнді. Бірақ Византия халқы бұған қарсылық білдірді. Кейбіреулері католиктерден гөрі түріктерді тəуір көретін. Византия императорына қаланы қарсылық көрсетпей беру ұсынысы жасалса да, ол бұған келіспеді. ІІ Мехмет 1453 жылдың сəуір айнының басында қаланы қоршауға алды. Қала қорғандары түрік зеңбіректерімен қиратыла бастады. Алдына тосқауыл қойылған Халичке жетпіс екі түрік кемесі құрлықтан сырғанатылып жеткізілді. Ыстамбул 29 мамыр 1453 жылы жасалған шабуыл нəтижесінде түріктердің билігіне өтті. Осылайша мың жылдан астам уақыт үстемдік құрған Шығыс Рим империясы құлады. Ыстамбулды алып, Фатих (жаулап алушы) атағын алған ІІ Мехмет қаланың ең үлкен шіркеуі Аясофияға барып, бүкіл қала халқының еркін екенін айтып, елдің малы мен жанының амандығын кепілдікке алатынын жариялады.


Ыстамбулды алудың нәтижелері
Ыстамбулдың алынуы түрік жəне əлем тарихы тұрғысынан оң нəтижелер берді. Ыстамбулды алған түріктер Ислам əлемінде ілтипатқа ие болды. Ал Фатих Сұлтан Мехмет Ислам əлемінің ең мықты билеушісі болып таныла бастады. Осман мемлекетінің қол астына бұғаздың биліге өткеннен соң, ендігі жерде Қара теңіздегі сауда мен қауіпсіздік үшін кедергі жойылды. Ыстамбулды өзіне қаратқан Осман түріктері Анадолы бейліктері халқының да құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болды. Анадолыда түрік бірлігін қамтамасыз ету əлдеқайда жеңілдеді. ІІ Мехмет сұлтанның беделі өсіп, ендігі жерде мемлекетті нығайтуға күш жұмсады. Византия империясын тарих сахнасынан жойған түріктер Еуропа саясатында орасан зор күш ретінде танылды. Ыстамбулдың алынуы Орта ғасырдың соңы, Жаңа дəуірдің басы болып қабылданды. Фатих Ыстамбулды алған соң əр діннің жəне əр кəсіптің өкілдерін қалаға орналастырып, Ыстамбулды қайта құрды. Түріктердің билігінде Ыстамбул қаласы əлемнің ең ілгері жəне халықтың ең көп қоныстанған қалаларының бірі болды. Осман мемлекетінің астанасы болған Ыстамбулдың бұрыш-бұрышы түрік сəулет өнерінің мыңдаған үлгілерімен безендірілді. Жұма мешіттері, медреселер, керуен сарайлар, ауруханалар, ғимаратханалар (кедейлер мен медресе шəкірттеріне ыстық тамақ тарататын қайрымдылық мекемесі) қаланың əр жеріне салына бастады. Фатих христиан дініндегі тұрғындарды да қамқорлығына алды. Өзінің жеке бастамасымен Православ патриархиясын қайта құрды.


Балқан түбегіндегі өзгерістер
Ыстамбул алынған соң Фатих Балқан түбегіне қарай бет алды. Ол Сербия, Албания жəне Боснияға жорықтар жасап, ол жерлерді Осман мемлекетіне қосты. Босния жорығынан соң кең байтақ ел Осман жеріне қосылды. Мора алынды, Венециялықтармен теңізде шайқастар жүргізілді. Теңізде теңдесі жоқ күшке ие Венеция Османдықтардан жеңіліп, əлсірей бастады. Фатих Ыстамбулды алған соң, Еуропадағы жиырма шақты елмен соғысуға мəжбүр болды. Бұл елдермен соғыстарда жеңіске жеткен Фатих əлем тарихына бұрын-соңды болып көрмеген мемлекет қайраткері екендігін көрсетті.

Анадолыдағы өзгерістер
Генуалықтар теңізші мемлекет ретінде жағалаудағы кейбір қалаларды да қол астында ұстайтын. Осындай қалалардың бірі Қара теңіз жағалауындағы Амасра болатын. Фатих Амасраны қоршауға алды. Қала берілді. Исфендияроғұлларынан Синоп қаласын алды. Трабзон Рим ирпериясына қарай бет алған Фатих Трабзон қаласын қоршады. Император қарсылық көрсетпей, қаланы Осман мемлекетіне берді. Осы тұста Қараманоғұллары бейлігі Венециялықтармен ауыз жаласып, Осман мемлекетіне ту сыртынан соққы беруге келісті. Қараманоғұллары бейлігіне жасалған жорықта Кония мен Қараман қалалары алынып, Осман иелігіне қосылды. Ирак, Иран жəне Əзербайжанды өзіне қаратып үлкен мемлекет құрған Аққойлы Ұзын Хасан бей Осман мемлекетіне қауіп төндіре бастаған болатын. Қараманоғұлларына қол ұшын беріп, Венециямен астыртын келіскен Ұзын Хасан бейді тоқтату керек болды. Эрзинжан маңайында Отлукбелі деп аталатын жерде 1473 жылы болған шайқаста Ұзын Хасан бей күл-талқан болып жеңілді. Аққойлы мемлекеті Осман мемлекеті үшін қауіп тудырудан қалды.

Теңіздердегі өзгерістер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz