Малды ұрықтандыру


Slide 1

Орындаған:Кабиахмет А Вм-408 Тексерген:Узынтлеуова А

Қолдан ұрықтандыру .

Қолдан ұрықтандыру кезіндегі жасанды бедеуліктің алдын -алу .

Slide 2

■Кіріспе ■Қолдан ұрықтандыру, мақсаты; ■Қолдан ұрықтандыруға қажетті аспаптар; ■Қолдан ұрықтандыру кезіндегі бедеулік; ■Қолдан жасалған бедеулік, алдын -алу; ■Жасанды бедеулік, алдын -алу ■ Акушерлік-гинекологиялық Диспансерлеу;

Жоспар

Slide 3

Кіріспе

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарлауы ауыл шаруашылық малдарының ұдайы өсуін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты. Қолдан ұрықтандыру ірі көлемді селекцияның ұйымдастырушылық -техникалық негізі ретінде өнімділігі жоғары өндіруші аталықтарды кең көлемде пайдалану есебінен, өнімділік көрсеткіштері төмен малдардың сапасын жақсарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда етті ірі қара мал шаруашылығының асыл тұқымдық базасын құру мақсатында, шет елдерден етті бағытта тұқымдардың өнімділіктері жоғары малдарын біздің елімізге алып келіп, репродукторлық шаруашылықтар құру бойынша инвестициондық жобалар іске қосылуда.

Еліміздің мамандарының алдына улкен талап қойылды-ол, осы шет елдерден алып келінген малдардың генетикалық потенциалын сақтап қалу және оны одан әрі дамытып жақсарту.

Slide 4

Қолдан ұрықтандыру.

Аталық малдардың шәуеттерінің көлемдері мен құрамдары олардың жыныс мүшелерінің және шағылыс сатыларының ерекшеліктеріне байланыс әртүрлі болады.

Slide 5

Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты- асыл тұқымды, құнды аталық малдан мейлінше көп төл алу, қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын, өнімділігін арттыру, жаңа қолтумалар гибридтер шығару . Асыл тұқымды малдың шәуетін алыс елді мекендерге апаруға, басқа мемлекеттен сатып әкеліп қолдануға мүмкіндік береді.

Slide 6

Шәует

Шәует - аталық малдың жыныстық мүшелері бөліп шығаратын ұрығы. Оның құрамында аталық ұрық торшалар (спермийлер) бар, еннің ирек түтікшелерінде пайда болады, ал сұйық бөлігі (плазма) ен қосалқысы мен ұрық түтікшесінің және қосымша жыныстық бездердің секреттерінен құралады. Химиялық құрамы өте күрделі.

Slide 7

Малды ұрықтандыру

Малды қолдан ұрықтандыруға арнайы дайындалу керек, ол үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Атап айтқанда, мал қашыратын пункттерді алдын ала дайындайды, малды қолдан ұрықтандыратын техниктерді, қажетті жұмысшылар мен көмекшілерді, ұрық алатын малды, ұрықтандыратын аналық малды 1, 5-2 ай бұрын дайындай бастайды, малдың қоңдылығы, күйі жақсы болса, ұрықтандыру нәтижесі жоғары болады.

Slide 8

Қолдан ұрықтандыру кезінде қолданылатын аспаптар

стерильденген таза аспаптар;

малдың сыртқы жыныс органдары жуылып, сүртіледі;

пункттің іші де таза;

жұмысты бастамай тұрып, 0, 5-1 сағат бактерицидті шамдардың сәулесімен зарасыздандырылған болуы керек.

Малдың түлігіне қарай қолдан ұрықтандырғанда шәуетті қынапқа, жатыр мойнына, жатыр денесіне, жатыр түтікшесіне, жас тұсақтарды, қашарларды ұрықтандырғанда шәуетті көбінесе, қынапқа жібереді, ал ересектерін тек жатыр мойнына жіберу арқылы ұрықтандырады. Бие мен шошқаны ұрықтандырғанда шәует тікелей жатыр денесіне барып түседі. Құстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады

Slide 9

Малды ұрықтандырғанда шәуетті жатыр мойнына жібереді.

Ол үш түрлі жолмен орындалады:

а) шприц-катетер мен қынап айнасын қолдану арқылы (визоцервикальді әдіс) ;

ә) жатыр мойнын тік ішек арқылы ұстап тұрып қынап айнасын қолданбай катетрмен ұрықтандыру (ректоцервикальді әдіс) ;

б) жатыр мойнын қынап арқылы ұстап тұрып бір реттік аспаптармен ұрықтандыру (маноцервикальді әдіс) .

А)

Ә)

Б)

Slide 10

Қолдан ұрықтандыру кезіндегі бедеулік

Мал қашыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау салдарынан мал бедеу болып табылады. Малдың организмінде оның буаз болуына барлық мүмкіндік бола тұрып бедеулікке ұшырайды да қысыр қалады.

Малдың қысыр қалуымен пәрменді күресу үшін әрбір маман малдың қысыр қалуы және малдың бедеулігі деген ұғымдарды дұрыс түсіне білуі керек.

Малдың бедеулігі дегеніміз оның төл беру қабілетінің әртүрлі себептерге байланысты уақытша немесе біржола бұзылуы болып табылады. Әрбір құнажын физиологиялық жетілу мерзімінен бір ай өткен соң, әрбір сиыр бұзаулағаннан кейін бір ай өткен соң ұрықтанбаса, оны бедеу мал деп есептейді.

Slide 11

Қолдан жасалған бедеуліктің негізгі себептері:

■ Күйлеген малды ұрықтандыру;

■ Әлі күйлеу феномені басталмаған немесе күйі қайтып кеткен малды ұрықтандыру, яғни уақытынан бұрын немесе кешіктіріп ұрықтандыру;

■ Қолдан ұрықтандыру техникасын дұрыс орындамау;

■ сапасы төмен шәуетпен ұрықтандыру;

■ шәует алу, оны өңдеу, сақтау және ұрықтандыру кезінде малдәрігерлік санитарлық ережелердің сақталмауы;

■ ұрықтандырушы техниктер білімінің, тәжірибесінің, кәсіптік деңгейінің төмендігі;

■ ұрықтандыру қабілеті нашар аталық малды пайдалану;

■ аталық малды тиімді пайдалана алмау;

■ аталық малдың жетіспеуі;

■ есепті дұрыс жүргізбегендіктен буаз малды етке өткізіп, қысыр (бедеу) малды қалдыру;

■ қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты жоспарының болмауы жатады. Осы айтылған себептер қолдан ұрықтандыру жұмысының кемшіліктерін, мамандардың білімсіздігін көрсетеді.

Slide 12

Қолдан жасалған бедеуліктің алдын -алу

Қолдан жасалған бедеулікпен күресу үшін ең алдымен, қолдан ұрықтандыру жұмысына квалификациясы жоғары, тәжірибесі мол, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын кісілерді қою керек, аталық малдың денсаулығының жақсы болып, шәуетінің сапасы жоғары болуына көңіл бөліп, бірде бір күйлеген мал назардан тыс қалмауы тиіс. Малдың күйлеген уақытын дәл тауып, дер кезінде ұрықтандыру үшін, әсіресе, қысты күндері, ерте көктемде күйіттеуші малды пайдаланған дұрыс. Қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты жоспары болып, есеп- қисап құжаттары дұрыс жүргізілуі керек.

Slide 13

Жасанды бедеулік

Бедеуліктің бұл түрін А. П. Студенцов жасанды бағытталу және жасанды алынған деп 2-ге бөледі.

Бедеуліктің бірінші түрін мамандар өздері жасайды :піштіру, ұрықтандыру жолдарын байлау, ұрықтандыру жолын мал дәрігерлік бақылау арқылы уақытын кейінге қалдыру. Бедеуліктің бұл түрі жасанды -жасанды жасалған бедеулік пен эксплуатациялық бедеулікке ауысып кетеді, өйткені ұрықтану мезгілін өткізіп алу циклдың бірнеше айға бұзылуына әкеп соғады.

Slide 14

Жасанды бедеуліктің алдын -алу

Жасанды ұрықтандыруды дұрыс ұйымдастыру;

Ұрықтандыруды уақытылы мезгілімен ұйымдастыру;

Ұрықтандыру жұптарын дұрыс таңдау ;

Ұрықтандырмас алдын ұрықты зерттеу;

Ұрықтандыру туралы есепті дұрыс толтыру;

Мал дәрігерлік тазалық ережелерін сақтау;

Slide 15

Акушерлік-гинекологиялық диспансерлеу.

Диспансерлік тексеру дегеніміз мал организміндегі патологиялық үрдістің алғашқы басталған кезеңінен бастап-ақ (асқынып кеткен жағдайлары да) дер кезінде тауып алып емдеуге, аурудың алдын алуға арналған, барлық сүт фермаларында міндетті түрде, жүйелі түрде жүргізілетін малдәрігерлік шаралардың жиынтығы.

Диспансерлік жұмыс үш сатыдан тұрады:

Малдың тұрған жерін, бағып-күтімін, азықтандыруын зерттеу. Әрбір малды жеке клиникалық тексеруден, жемшөптің сапасын, құнарлығын агрохимиялық тексеруден өткізіп, мал организміндегі зат алмасу құбылыстарының деңгейін, сипатын анықтайды.

2) Зат алмасу үрдістерінде патологиялық өзгерістері бар, бірақ әзірше клиникалық асқынуға бара қоймаған малды бір топқа жинап, оларға жалпылама алдын алу шараларын жүргізеді де, аурудың нақтылы клиникалық белгілері бар малды бөлектеп, әрқайсысын жеке емдейді.

3) Малдың қанын, жемшөптің сапасын биохимиялық, агрохимиялық тексеру нәтежиесіне сүйене отырып, жалпы алдын алу шараларын жүргізеді.

Гинекологиялық зерттеу әдістері.

Бедеу малды тіркеу. Арнайы кітапшаға, хаттамаға немесе тексеру актіне мал түрі, жынысы, түсі, жасы, сырға нөмірі, лақабаты, малдың иесі, мекен жайы жазылады.

Анамнез мәліметтері.

Клиникалық зерттеу.

Зертханалық зерттеу.

Кейде клиникалық зерттеулерге қосымша зертханалық зерттеулер жүргізуге тура келеді. Атап айтқанда, жыныс органдарына рентгенография, рентгеноскопия, биопсия, эндоскопия жасау, қан, зәр, нәжісті биохимиялық зерттеуден өткізу, жыныс органдарынан ағып шыққан экссудатты, шырышты микроскопиялық, бактериологиялық зерттеуден өткізу, жемшөптің сапасын, агрохимзертханадан өткізіп тексеру, гинекологиялық аурулардың себебін, сипатын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.

Slide 16

Диспансерлеу жұмысын маусымды жұмыстар (күзде және көктемде) және күнделікті істелінетін жұмыстар деп қарасақ, оны мынандай бөліктерден құрастыруға болады:

1 Жыл бойында үзбей орындалып отыратын малдәрігерлік шаралар:

а) Жемшөптің санитарлық сапасын бақылау;

ә) Суалған сиырларды төлдегенге дейін және төлдегеннен кейінгі кезеңде миниральді және витаминді заттармен қамтамасыз ету;

б) Төлдеген сиырларды гинекологиялық тексеруден өткізу;

в) Сауылып жүрген және суалған сиырларды желінсауға тексеру;

г) Мал төлдейтін қоралардың тазалығына бақылау жасап, төлдеу жұмыстарын ұйымдастырып, туа алмай жатқан малға көмек көрсету; ғ) Туғаннан кейінгі аурулардың алдын алатын жұмыстар;


Ұқсас жұмыстар
ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ КЕЗІНДЕ
СИЫРДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ
Биені қолдан ұрықтандыру
Биені қолдан ұрықтандыр
Акушерлік аурулар
Эмбрионды реципиентке қондыру
ЖАНУАРЛАРДЫ ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАУ ПУНКТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қолдан ұрықтандыру
Мал қораларын дезинфекциялау
Қой шаруашылығы гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz