Тіршілікке қажетті элементтер




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті

ТАҚЫРЫБЫ:
s-, p-, d-элементтердің медицина лы-биологиялық
маңызы. Медицинада олардың қо сылыстардың
қолдануы.

Дайындаған: Элюбаев Р
Қабылдаған: Алиев Н

Түркістан 2021
ЖОСПАР :

Кіріспе
s-элементтері және олардың медициналыбиологиялық маңызы
p-элементтері және олардың медициналыбиологиялық маңызы
d-элементтері және олардың медициналыбиологиялық маңызы
Олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылган әдебиеттер
КІРІСПЕ

Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық
сұйықтықты құрайды. Биогендер (грекше bio – тірі және genos – арғы
шыққан тегі) – тірі ағзалар құрамында болатын және белгілі бір қызмет
атқаратын, олардың тіршілік етуіне өте қажетті химиялық элементтер.
Маңызды биогендер – О (ағза массасының 70%-ын құрайды), С(18%),
H(10%), N, B ,S, Ca, K, Na, Cl, т.б. Биогендер витаминдердің,белоктардың
гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән
заңдылықпен орналасады.Мысалы, азотты (N)алатын болсақ белоктың
структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Медицинаға
қатысты биохимияның бөлек биоэлементология деген үлкен саласы бар.
Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне
әсер етуін зерттейтін биохимияның улкен бір бөлігі десе де болады.
МЕНДЕЛЕЕВТІҢ ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕСІ
Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық
элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және
ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S,
Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның
қалыпты өмір сүруін бұзады.
2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында
болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi,
Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа
дейін толық зерттелмеген.
3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері
және биологиялық маңызы белгісіз.
s-элементтері және олардың медициналы-
биологиялық маңызы

Валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан элементтерге сілтілік
металдар жатады. Мысалы: Литий – бұл микроэлемент. Li+ сілтілік
металдардың ең радиусы кішісі, сулы ерітінділерде күшті гидратталған, осы
гидратталған түрінің радиусы Na+, K+ радиусынан жоғары болады. Бұл
мембранадағы иондық каналдардан арқылы Li+ өтуіне бөгет жасайды. Li+
бас миы қатпарлары жасушаларында Na+, K+ иондық теңдігін реттейді.
Сондықтан құрамында литий ионы бар дәрілер жүйке ауруларын емдеуде
қолданылады. Натрий және калий. Натрий қанның осмостық қысымын
реттейді, судың алмасуына, ағзада қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті ұстап
тұруға, жасуша мембранасы арқылы амин қышқылдары мен қанттың
тасымалдануына қатысады. Калий қан қысымын төмендетеді. Жүрек
соғысын реттейді.
МАГНИЙ

Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде
көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы
нашарлайды. Магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6
витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ
сүйек түзуге де қатысады. Жүрек соғысының ырғағын қалып-қа келтіреді,
тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі,
сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады.
Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш,
хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ,
жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий қышқылымен бірге
қолданған жағдайда құрсақтағы нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей
болуы мүмкін түсіктің алдын алуға көмектеседі. Магний жасыл жапырақты
көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде көп
болады.
КАЛЬЦИЙ

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте
жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу
температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең. Са – ізбес. Ол жасуша
құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына
қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5
грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр
мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде
(сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай.
Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе
жарты литр сүт жетеді.
p - эл е м е н т т е р і ж ә н е ол а рд ы ң
м ед и ц и н а л ы - б и ол о г и я л ы қ ма ң ы з ы

Йод - өмірлік маңызы көп элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс
материалы. Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны
тек ас, тағам арқылы алады. Йод - қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын
жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын
ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл
элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы
йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті
мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс.
Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына,
адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге
әкеліп соқтырады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік
дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-
руын қоздырады.
ЙОДТЫҢ КҮНДІК НОРМАСЫ

Йод мөлшері (мкг) Категориясы Жасы
50 Емізулі сәби Алғашқы 12 айда
70 Ерте жастағы балалар 1- ден 2 жасқа дейін
90 Мектеп жасына дейінгі 2- ден 6 жасқа дейін
балалар
120 Бастауыш және орта 7- ден 12 жасқа дейін
сынып оқушылары
150 Жасөспірімдер, 12- ден жоғары
ересектер жастағылар
200 Аяғы ауыр әйелдер мен
бала
емізетін әйелдер
СЕЛЕН

Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер және айшықты
антиоксидант. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе,
жүрек бұлшық етінде айқын білінеді.

Селен - жоғарғы дәрежелі биокорректоры. Барлық органдардың және
жүйелердің жұмысын реттей, мырыш, кальций, калиймен бірге тірі ағзаның
ферменттері мен 200 гормонның құрамына кіреді. Адам ағзасында Se
қатысуымен 80% АТФ энергиясы түзіледі. Se өсімді пішінін (селен-
метионина) қабылдау қартаю процесін баяулатып, діңгекті жасушалардың
(стволовые клетки) белсенділігін арттырады. Se аз мөлшерде бауыр, ми,
сперма (ер адамдардың тестостерон гормоны) құрамына кіреді. Тері, шаш,
тырнақ жағдайын жақсартады. Se тапшылығы жірек
дерттеріне, рак ауруларына әкелуі мүмкін.
ФОСФОР

Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор
мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері
кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда
тепетеңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз
мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын
реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек.
Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор,
стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.
d - эл е м е н т т е р і ж ә н е ол а рд ы ң
м ед и ц и н а л ы - б и ол о г и я л ы қ ма ң ы з ы

КҮМІС. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да
қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл.
Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен. Қазақ халқы ежелден
күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп,
күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге
салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген
жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік
қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген.
Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы,
Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем
ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше
сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ
ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты.
АЛТЫН. МЫРЫШ. ТЕМІР

АЛТЫН. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық
процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын)
ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада
да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
МЫРЫШ. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды
элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті
минералдың бірі — осы мырыш.
ТЕМІР. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе,
баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл
элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға
жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның
қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу
қызметі нашарлайды.
ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ
МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

Барий. Оның биогенді маңызы аз зерттелген. Қышқылдар мен суда ерімейтін
күкіртқышқылды барий рентген сәулелерін жақсы жұтады, сондықтан оны
асқазан мен ішекті зерттеуде қолданады.
MgO – магнезия – асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап кеткенде
қолданылады.
MgSO4*7H2O– магний сульфатының гептагидраты – иммунды нерв жүйесін
тыныштандыратын қасиетіне байланысты ұйықтатын қасиеті бар.
CaCl2*6H2O – кальцийдің гексагидрат хлориді – аллергиялық ауруларда
қолданылады.
2CaSO4*H2O – кальций сульфатының жартылай гидраты – сумен
араластырғанда тез қатып қалады, сондықтан оны сынған сүйекті гипстеу
және тісті протездеуде қолданады.
Алтынның медицинада қолданылуы:
Радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс
пен мыспен құймасы тіс протездерін жасауға қолданылады.
ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАДА
ҚОЛДАНЫЛУЫ

Бордың медицинада қолданылуы.
H3BO3 –бор қышқылы – антисептик ретінде әр түрлі қою майлардың құрамында болады. Ауызды
шаюда және офтальмологиялық тәжірибеде 1-3% ерітінді түрінде қолданылады.
Na2B4O7*10H2O – натрий тетрабронаты – антисептик. Алюминийдің медицинада қолданылуы:
Kal(SO4)2*12H2O – алюминий калий ашудасы – жұмсартатын, күйдіретін және қан тоқтатын әсері
бар.
Al(OH)3 – алюминий гидроксиді – асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуде, “Алмагель” деген
препараттың құрамына кіреді.
Селеннің қосылыстарының медицинада қолданылуы:
Глутатионпероксидаза ферментінің құрамына кіреді.
Глутатионпероксидаза ферменті ағзаны токсиндердің ыдырауы кезінде қорғайды. Селен
организмді кадмий, қорғасын, таллийден қорғай алады. Кофермент Q-10 синтезіне қатысады.
Темірдің қосылыстарының медицинада қолданылуы:
AgNO3 – күміс нитраты – жұмсартушы және күйдірушы зат ретінде қолданылады. Стоматологияда
тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді.
Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде.
Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу
жұмыстары жүргізілуде. Топырақ, ауа, су – тіршілік көзі екендігі белгілі.
Ендеше, тіршілікке әсер етуші биогенді элементтер жайындағы ғылыми-
жобалы жұмыстарды өзекті зерттеулердің қатарына жатқызуға болады.
Адам ағзасында 80нен астам химиялық элементтер бар. Олар өзіндік
ерекшелігі бар қызмет атқарып, жасуша, мүше және де бүкіл ағза үшін
маңызды болып табылады. Олардың мөлшерінің өзгеруі тірі ағзаны ауруға
ұшыратады, сондықтан әрбір адам өз ағзасына жауапкершілікпен қарауы
қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛГАН ӘДЕБИЕТТЕР

1)Ә.К.Патсаев,С.А.Шитыбаев, Қ.Н.Дәуренбеков,
«Бейорганакалық және физколлойдтық химия» Шымкент 2004ж.
2)Ә.К.Патсаев,С.А.Шитыбаев, «Бейорганакалық және физколлойдтық
химияның тәжірибелік зертханалық сабақтарына қолданба» Шымкент
2004ж.
Ферменттердің әсер ету механизмдері.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің атқаратын функциясы
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР
Ара балы туралы
Темірдің маңызы
Медицинадағы изотоптар
Жасуша құрамы
Микроэлементтердің адам организміндегі рөлі
Клетканың химиялық құрамы
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ӨСІМДІК ИНФЕКЦИЯЛАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Фотосинтез туралы ілімнің даму тарихына қысқаша шолу
Пәндер