СУАРУ ТӘСІЛДЕРІ




Презентация қосу
СУАРУ ТӘСІЛДЕРІ

Орындаған: Сауытбекова Ж.Р.
Суару - су көзінен (жер үсті немесе жер асты) су беру
жолымен топырақ пен өсімдіктердің бетін жасанды
ылғалдандыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
ЖЕРДІ СУАРУ ЖӘНЕ СУАРМАЛАУ

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін
егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы
қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына
жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады. Техникалық және
дәнді дақылдарды, мал азықтық шөптерді, көкөністі және басқаларын
суарудың шаруашылықтық маңызы бар. Шөл және шөлейт
аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек
суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады.
Суару түрлері

Жүйелі Бір дүркін
Шаруашылық жағдайында
суарудың жүйелі түрін Жерді бір дүркін ғана суару үшін су
пайдаланғанда топырақ қажетті алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға
мөлшерде және керекті мезгілде жазғытұрым пайда болатын қар суы
дымқылданады. Су көздерінен су жабылған жағдайда ол көлтабанды
суару жүйелеріне өздігінен ағатын суарма деп аталады. Ал енді алаңға
болғанда өздігінен ағызып суару, каналдар арқылы көктемгі тасқын
оған керісінше, механикалық сулары жайылса оны тасқын сумен
әдіспен жіберілсе, онда механикалық суару деп атайды.
суару деп аталады. Біздің елімізде
судың өздігінен ағуына негізделген
жүйелі суару түрі көп тараған және
оның ең негізгі түрі болып
саналады.
Суару тәсілдері
Суғару тәсілі деп, ағын суды өсімдіктердің агробиологиялық ерекшеліктерін, топырақ
касиеттерін және баска табиғи жағдайларды ескере отырып, топырақтың тамырлар
орналасқан кабатына жеткізіп, сіңіру әдістерін айтады. Мынадай түрлері бар:
• Беткейлеп суару;
• Жаңбырлатып суару;
• Тамшылатып суару;
• Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару.
Беткейлеп суару
Бұл тәсіл үш түрге бөлінеді:
а) Тақталап суғару - бұл тәсіл бойынша суды арнайы дайындалған, ені 3,6-20 м,
тақталарға жайып суғарады. Осы тәсілмен бидай, шөп және басқа тар қатарлап
егілетін дақылдар суғарылады.
ә) Қарық арқылы суғару - бұл тәсілде суды 0,60-1,20 м жүйектер аралығында
болатын қарықтар (борозды) арқылы тарату. Бұл тәсілмен жүгері, мақта, қант
қызылшасы және т.б. кең қатарлап егілетін дақылдар суғарылады. Осы тәсілмен
тар қатарлап егілетін дақылдарды да (жоңышқа, бидай және т.б.) суғаруға
болады. Ол үшін алдымен аралары 0,8-0,9 м болатын қарықтар тартылады.
Артынша тұқым себіледі. Мұндай қарықтар себілетін қарықтар деп аталады.
б) Шектеп (атыздап немесе палдап) суғару - бұл тәсілмен негізінен күріш
дақылы суғарылады.
Жаңбырлатып суару
Жаңбырлатып суғару - су танапқа жаңбыр түрінде беріледі. Бұл тәсіл үш түрге
бөлінеді:
а) Кәдімгі жаңбырлату - жанбырлатудың бұл түрі бойынша әрбір 7-10 күн
аралығында суғарудың 100-500 м3/га нормасы жүргізеді;
ә) Импульсті жаңбырлату - жаңбырлатудың бұл түрі бойынша суғаруды
30100м3/га тең норма мен күнделікті жүргізеді;
б) Аэрозольды жаңбырлату - жаңбырлатудың бұл түрі негізінен ауа
ылғалдылығының өте жоғары болуын қалайтын дақылдар үшін ұсынылған. Ол
үшін суды егістікке жоғары қысыммен ауаға аткылатып тұман, яғни су тозаңы
түрінде береді.
Тамшылатып суару
Тамшылатып суару дегеніміз, тазартылған суды арнайы тамшылатқыш
қондырғылар арқылы топыраққа тамшылар (тамшы соңынан тамшы) беріліп,
сіңіріледі. Пластмасса құбырлары арқылы су қысыммен беріледі де, топыраққа
тамшылатқыштар арқылы түседі.Берілетін су мөлшерінің аз болуына (0,9-1,0 л/сағ)
байланысты топырақ-қа сіңген су тек өсімдік тамырлары кең тараған қабаттарын ғана
ылғалдандырады, ал алма бақтарды суарғанда олардың аралықтары ылғалданбайды.
Құбырлардағы тамшылатқыштар саны, ара қашықтығы сол жер топырағы
құрамына және суарылатын дақыл түріне байланысты.
Тамшылатып суарудың басқа суару тәсілдеріне қарағандағы артықшы-лықтары: су
1,5-2,5 есе үнемделеді; топырақ эрозиясы мүлдем болмайды; топырақтағы ауа және су
ара қатынасы қолайлы деңгейде сақталады; жүйек аралық өңдеу азаяды; жер асты суы
көтерілмейді; арамшөптер азаяды. Ал басты кемшіліктері: басқа суару әдістеріне
қарағанда 1,5-2 есе қымбат тұрады; күтіп-баптау жұмыстары өте мұқият жүргізілуі
және су өте таза болуы керек.
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару тәсілі топырақ құрамындағы
заттардың капилляр түтіктер арқылы астыңғы бөліктен жоғарыға шығу
қабілетіне негізделген. Топырақтың 40-60 см тереңдіктегі қабатына жіберілген
су үстіңгі қабаттың капилляр түтікшелеріне дейін ылғалдандырады.
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару кезінде су жеткізу үшін әртүрлі
қондырғылар пайдаланылады: арнайы машиналармен әр 1-1,5 метр-ден кейін
40-50 см тереңдікте жасалатын ұзындығы 100 м міндетпелер (кротовиналар),
40-45 см тереңдікте тасталатын ұсақ саңылаулы құбырлар, су өтпейтін
күйдірілген саздан, пластмассадан жасалған құбырларды (40-50 см тереңдікте
әр 1,5-2 м сайын) ұштастыра жалғау, 50-60 см тереңдікте шлак, қиыршық тас,
ұсақ тас толтырылған (су жүретін ұсақ саңылаулы) жіңішке траншеялар қазу.
Қорытынды
Суару кезінде топырақ шайылып, орнынан ауыспауы тиіс. Топырақтың
шайылып, әр түрлі орлардың пайда болуы судың өте мол алынғанынан
болады. Көп су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен екпіндей
ағып, эрозияға, топырақтың құнарлы органикалық, майда түйірлері
танаптардан сумен ағып кетуіне соғады. Топырақ құнарлылығы жыл өткен
сайын төмендей береді. Суару кезінде топырақ қажетті тереңдікке ғана
ылғалдандыруы тиіс. Артық берілген судың пайдасынан зияны көп, себебі
топырақ эрозияға ұшырауы мүмкін. Оның төменгі қабатынан тұздар
көтерілуі мүмкін.

Ұқсас жұмыстар
Шалғындарды суару тәсілдері
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару
Тамшылатып суғару жүйесі
Жаңбырлатып суару
Қант қызылшасын суару жүйесі
Егіс тәжірибесінің түрлері
Бөлме гүлдеріне арналған тыңайтқыштар
Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру
Ірі қара малының гигиенасы
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
Пәндер