ҚОЛДА ТҰРҒЫЗЫП - ЖАЙЫП ҰСТАУ


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет

Ірі қара малына (сауын, буаз сиырларға, бұқа, бұзауларға) арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары

Орындаған: Нұрлыбекова Д

Тобы: ВМ-803

Тексерген: Икимбаева Н. А.

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Ірі қара малдарының жайылу

Қойылатын талаптар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ветеринарлық санитария- (лат. sanitas-Денсаулық) - жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының, оның ішінде зооантропоноздардың алдын алу мәселелерін, жоғары санитарлық сападағы жануарлардан алынатын өнімдер, шикізат және жемшөп алу тәсілдерін зерттейтін ветеринария саласы. Ветеринарлық санитария микробиология, эпизоотология, эпидемиология, Гельминтология, энтомология, сонымен қатар Химия, Зоогигиена және басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Ветеринариялық санитарияны зерттеу объектілері-патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер мекендейтін мал шаруашылығы үй-жайларының топырағы, суы, ауасы, жануарлардан алынатын азық-түлік, жемшөп және шикізат.

Slide 4

Қолда тұрғызып-жайып ұстау

Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарылайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарылауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және минералды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.

Slide 5

Қолда тұрғызып ұстау

Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.

Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғары ветеринариялық-санитарлық талаптар қойылады. Ірі комплекстерге ірі қара малдарының кейбір бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай өнімділік көрсеткіштерін төмендететіндігі тәжірибеде дәлелденген. Ондай жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болуы, біркелкі типті азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің азаюына апарып соғады.

Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағын болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талартаға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберілуі кездеседі

Slide 6

Жайып ұстау

Кезінде малдар жылдың барлық мезгілдерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.

Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке (қабырғасыз төбелі қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар өз еркімен кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.

Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғи жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шабындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су, науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.

Slide 7

Негізгі гигиеналық талаптар

Slide 8 Slide 9

Ірі қара малдарына арналған қоралардың едендері

Бетонды едендер- берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу бөлмееріне, зерханаларда т. б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданылады.

Асфальтты едендер- серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшілігі сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.


Ұқсас жұмыстар
ҚАРА МАЛДАРЫН ҰСТАУ ТӘСІЛДЕРІ
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Қой малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық - гигиеналық нормалар
Ірі қара мал кешенін жоспарлау
Жылқы гигиенасы
Малды жазғы кезеңде күтіп бағу гигиенасы
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz