Голощекиннің Кіші Қазан төңкерісінің бағыты
Презентация қосу
4 «Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары».
4.1. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны
4.2. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы. Қазақстанды
индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық
айтыстар.
4.3 Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері.
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
4.4 Қазақ ауылын кеңестендіру-дәстүрлі қазақ қоғамынталқандау.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын
күшпен отырықшылыққа көшіру
4.5 Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері,
қарқыны
4.6 Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық
наразылығы мен көтерілістер - ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы.
Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік
партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және
қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ,
сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды.
Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В.
Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін
айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап
қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда
белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И.
Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және
орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына
қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.
Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында
кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту
мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе»
болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады,
енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді»,
қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т.
б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру
барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж.
Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды
қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп
бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының
дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы
ескертпелер «ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп,
теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер
республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу
мүмкіндігін жоққа шығарды.
Қазақстан индустрияландыру
жылдарында
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық
шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болды.
Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі,
Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы,
өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр
өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол
жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да
енгізілді.
Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды.
1925–1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И.
Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ,
сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру
мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В.
Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде
индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы
болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде
пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.
Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат
байлықтарын зерттеу басталды. Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық
Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И. М. Губеин Орал-Ембі
ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ. И. Сәтбаев жезқазған
мыс кен орнының мол байлығын анықтады.
Индустрияландыруды жүзеге асыру.
Түркісіб құрылысы
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Түрксіб теміржол
құрылысының басшылары:
В. С. Шатов – құрылыс бастығы,
Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу
комиссиясының басшысы.
Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір
теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.
Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге
асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде
жүргізілді.
Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды
көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары,
Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды.
Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын
шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.
Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады.
Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен,
өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.
Индустрияландырудың
ерекшеліктері
Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады.
Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.
Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8%
болды.
1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар
болды.
1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін
жетті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz