Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті




Презентация қосу
Логистикалық
жүйе
Орындаған: Ерден Н.Д.
Тобы: СМ-19-4k
Қабылдаған: Үсіпбаев. Ү.А.
Жоспар

1 Логистиканың тарихы,эволюциясы

Логистиканың концепциялары,
2 логистикалық жүйе

Логистикалық жүйенің стратегиялық
3 менеджменті
I.Логистиканың даму
тарихы
• Практикалық логистиканың пайда болу
және даму тарихы көне заманнан
басталады. Гамбург университетінің
профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті
Рим империясының кезеңінде "логистер"
немесе "логистиктер" деген мәртебесі бар
қызметкерлер болған. Олар азық-түлік
өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің
дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар
елдердің әскери лексиконында
логистиканы қарулы күштерді материалды
ресурстармен қамтамасыз ету және
олардың қорларын сақтау бойынша
қызметпен байланыстырған. Мысалы,
византийлік патша VI Леон (б.з. 865-912 ж.
ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне
әскерді қаруландыру, оларды әскери
мүлікпен қамтамасыз ету, олардың
қажеттіліктерін уактылы қарайластыру
жатады деп есептелген
• Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе
американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери
өнеркәсіптің, тылдағы және соғыс алаңындағы жабдыктау
базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық
әскерді қажетті мөлшерде қаружарақпен, жанар-жағар май
материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі
түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады
Логистика сөзінің мағынасы
• Философиялық энциклопедияда
логистиканың мынадай түсініктемесін
табуға болады: "Логистика гректің
"1оgіstіke" сөзінен алынған —
есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі
гректерде есептеу және
геометриялық өлшеу өнері, яғни
теориялық математикаға қарсы
қойылатын практикалық арифметика
логистика деп аталады. Осы
мағынада бұл термин Батыс
Европада XVII ғасырға дейін
қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс
ағартушы-энциклопедисі, философы)
логистиканы "саlculus гаtiосіnаtог" (ой
қорытындыларын есептеу) үшін
синоним ретінде колданған. 1904
жылы Женевадағы Халықаралық
философиялық конгресте бұл термин
математикалық логиканы белгілеу
• Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда
логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми практикалык бағыты,
яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және
олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді
басқару түсіндіріледі. Экономикада логистиканың кең қолданылуы
60-70—ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары
саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен
дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау
мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудын дәстүрлі үлгісіндегі
жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді.
Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс
тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге
бейімдеуге әсер етті.
Логистика эволюциясы
• Логистика ғылым ретінде және азаматтык саладағы бизнес құралы ретінде ең
алдымен АКШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады.
Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарыктық
қатынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі
"логистика" терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып,
әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы
Батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған
түсініктің атауы және мазмұны бойынша талкылаулар әлі күнге дейін
аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып,
мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық
қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. "Логистика"
терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі 1 кестеде келтірілген. Біздің
ойымызша, түрлі терминнің қолданылуы зерттеушінің талғамына байланысты
және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен
түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны "физикалық бөлу" терминінің
қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика
түсінігінін синонимі ретінде қолданылып келді, ал казіргі уакытта біріккен
логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және "дистрибьюция"
терминінің синонимі болып табылады.
Шетел әдебиеттерінде кеңінен
қолданылатын «логистика»терминінің
синонимдері
Термин атауы (ағылшын тілінде) Атаудың аудармасы

Physical distribution Физикалық бөліну
Marketing logistics Маркетинг логистикасы
Materials management Материалды менеджмент
Logistics engineering Логистикалык ижинеринг
Industrial logistics Өнеркәсіптік логистика
Business logistics Бизнес логистика
Logistical management Логистикалык менеджмент
Integrated logistics management Біріккен логистикадағы
менеджмент
Supply management Жабдықтау менеджменті
Logistics pipeline management Логистикалык арна менеджменті
Distribution management Бӛлу менеджменті
Supply chain management Логистикалык тізбек
менеджмент
Time-based management Уақытқа негізделген менеджмен
Логистиканың даму тарихы
кестесі(орыс тілінде)
Логистикалық ренессанс
80 - 90 жылдары логистика бойынша ең белгілі ғалымдар мен
мамандарының бірі, АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры
Дональд Бауэрсонс "логистикалық ренессанс" кезеңі деп атады. Шынында
да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы
онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты. Логистиканың тез
дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестің соңғы
мақсатына жету үшін "сатып алулар — өндіріс - дистрибьюция — сатулар"
толық логистикалык торындағы фирманың логистикалық функциялары
мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау
феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды.
Олардың негізгілері мыналар: -ақпараттык технологиялардың
революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу; - рыноктарды
ғаламдастыру; - экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі
өзгерістер; - ТQМ философиясын жан-жақты тарату; - серіктестіктің және
стратегиялық одақтардың өсуі; -бизнесті ұйымдастырудағы құрылымдық
өзгерістер.
Бизнестегі логистикалық концепцияны жетілдіруге тез дамушы
электронды байланыс рыногы да әсер етті, соның ішінде: ақпараттарды
хабарлау торлары, факсимильді байланыс, электронды пошта,
телеконференциялар, кӛпшілік пайдалануға болатын бағдарламалық
қамтамасыз етудің клирингхауздары және т.б. Логистикалық серіктестер
коммерциялық (Соmpu Serve, America Online), сонымен қатар
коммерциялық емес (Internet) жаппай ақпараттық қызмет көрсету
жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады.
II.Логистиканың
концепциялары,логистикалық
жүйе
Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсері. Шикізаттың
бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено
тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды
ағымдардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген
зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім
құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен,
ораумен және материалды, ағымдардың козғалысын
қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты
шығындар құрайды. Тауардың соңғы бағасында логистикаға
кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағымдарды
басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу
субъектілерің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай
резервтері бар екенің көрсетеді
Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының
бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық
өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды
ағымдардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%-ға
қысқаруын қамтамасыз. Қорларды оңтайландырудың жоғары
маңыздылығы келесімен түсіндіріледі: - логистикаға кететін
шығындардың жалпы құрылымында қорларды ұстауға кететін шығындар
50%-ды құрайды, оның ішіне басқару аппаратына кететін шығындар,
сондай - ақ тауарлардың бұзылуынан немесе ұрлануынан болған
жоғалтулар кіреді; - кәсіпорынның айналым капиталының көп бөлігі
қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-нан 50%-ға
дейін);
- қорларды кұруға кететін өндірістегі шығындар, жалпы шығындар
көлемінің 25-30%-на дейін құрайды. Логистиканы пайдаланудағы
қорлардың қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс -
әрекеттерінің өзара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу
сенімділігінің жоғарылауы есебінен, қорларды дұрыс бөлу есебінен,
сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі.
Логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттері бұл жүйелердің
"логистиканың алты ережесі" деп аталатын соңғы максатты жүзеге асыру
қабілеттілігін білдіреді. Логистиканың алты ережесі:

ЖҮК - керекті тауар

САПА - қажетті сапада

САНЫ - қажетті көлемде

УАҚЫТ - қажетті уақытта
жеткізілуі тиіс

ОРЫН - керекті орынға

ШЫҒЫНДАР - минималды
шығындармен
Маркетинг және логистика
Маркетинг тауарлардың тиімді сатылуын қамтамасыз ету үшін өндірісті
рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін
білдіреді
Логистикалық жүйе
Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгі түсініктерінің бірі болып
табылады. Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі
жүйелер бар. Бұл көпшіліктің ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында
логистикалық жүйелерді бөліп қарастыру қажет
Логистикалық жүйе түсінігі жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке ұғым болып
табылады. Сондықтан да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп,
содан кейін қандай жүйелер класы логистикалыққа жататынын анықтаймыз.
Энциклопедиялық сөздікте "жүйе" түсінігінің мынадай анықтамасы берілген:
«жүйе» (грек сөзінен алынған бөліктерден құралған біртұтас, бірігу деген
мағынаны білдіреді) — бір - бірімен өзара байланысты және қарым -
қатынаста болатын, белгілі бір "тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген
элементтер"
Объект жүйе болуы үшін, оның төрт қасиеті болуы тиіс.
Бірінші қасиеті - тұтастык және мүшелік. Жүйе дегеніміз бір бірімен өзара
әрекет ететін элементтердің тұтастық жиынтығы. Элементтер тек жүйеде
ғана болатынын ескеру қажет. Жүйеден тыс - бұл тек жүйе құраушы
потенциалды қабілеттілігі бар объектілер. Жүйе элементтері түрлі сапада
болуы мүмкін, бірақ олар бір уақытта үйлесімді болуы да мүмкін. Екінші
қасиеті - байланыстар. Жүйе элементтері арасында белгілі бір байланыс
бар, олар осы жүйенің интегративті сапасын заңды қажеттілікпен
анықтайды. Байланыстар заттай, ақпараттық, тура, кері және т.б. болуы
мүмкін. Жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар, жеке
элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда күшті болуы тиіс,
әйтпесе кері жағдайда жүйе қалыптаса алмайды. Үшінші қасиеті —
ұйымдастыру. Жүйе элементтерінде жүйенің құрушы факторлардың болуы
тек оның құрылу мүмкіндігін көрсетеді. Жүйенің пайда болуы үшін реттелген
байланыстар қалыптастыру қажет, яғни жүйенің белгілі бір құрылымы,
ұйымдастырылуы. Төртінші қасиеті — интегративті қасиеттер. Жүйенің
интегративті қасиеттерінің болуы, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның жеке
элементтеріне тән емес.
Логистикалық жүйенің
анықтамасы және мақсаты

Жалпы қабылданған логистикалық жүйенің анықтамасы
келесідей: логистикалық жүйе — логистикалық кызметтерді
атқаратын, кері байланысы бар бейімделгіш жүйе. Ол бірнеше
элементтерден тұрады және оның сыртқы ортамен дамыған
байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркәсіптік
кәсіпорынды, территориалды - өндірістік кешенді, сауда
кәсіпорынын және т.б. қарастыруға болады. Логистикалық
жүйенің мақсаты — тауарлар мен бұйымдарды керекті жерге
қажетті мөлшерде және ассортиментте, шығындардың белгілі
деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға дайындығы
максималды дәрежеде жеткізу
Логистикалық жүйенің түрлері
Логистикалық жүйелер, жоғарыда айтып кеткендей макро- және микрологистикалық болып
бөінеді. Макрологистикалык жүйе - елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде
орналасқан, түрлі ведомстволардың өнеркәсіптік, делдалдық, сауда және тасымалдау
ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды ағымдарды басқаратын ірі жүйе.
Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобының экономикасының белгілі бір
инфрақұрылымын білдіреді. Түрлі елдерді қамтитын макрологистикалық жүйенің қалыптасуы
кезінде халықаралық экономикалық қатынастардың құқықтық және экономикалық
ерекшеліктерімен байланысты, елдердің көлік заңдылықтарының ерекшеліктерімен
байланысты қиындықтарды және сондай-ақ басқа кедергілерге төзу қажет. Мемлекетаралық
бағдарламалардағы макрологистикалық жүйелердің қалыптасуы біртұтас экономикалық
кеңістік құрылуын, ішкі шекараларсыз тауарларды, капиталдарды, ақпараттарды, еңбек
ресурстарын тасымалдаудағы кедендік кедергілерсіз ортақ рыноктың құрылуын талап етеді.
Микрологистикалық жүйелер, макрологистикалық жүйелердің құрылымдық құрамдасы, бөлімі
болып табылады. Оларға түрлі өндірістік және сауда кәсіпорындары, территориалды -
өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер өндірісішілік логистикалық жүйелер
класына жатады, олардың құрамына біртұтас инфрақұрьлыммен біріккен, технологиялық
байланысқан өндірістер кіреді. Макрологистика шеңберіндегі жеке микрологистикалық жүйелер
арасындағы байланыстар тауар - ақша катынастарының негізіңде бекітіледі.
Микрологистикалық жүйелер ішінде элементтер әрекет етеді. Дегенмен, олардың өзара
әрекетінің негізі тауарлы емес. Бұл - фирма, бірлестіктер немесе бір экономикалық нәтижеге
жұмыс істейтін басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер. Логистикалық жүйенің үш
түрі бар: тікелей байланысы бар, икемді және эшелонданған логистикалық жүйелер. Тікелей
байланысы бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалык жүйелерде материалды ағым өнім
ондірушіден тұтынушыға делдалсыз тікелей өтеді. Эшелонданған логистикалык жүйелер.
Мұндай жүйелерде материалды ағым жолында кем дегенде бір делдал бар. Икемді
логистикалық жүйелер. Мұнда материалды ағымның өнім өндірушіден тұтынушыға
қозғалысы тікелей, сондай-ақ делдалдар арқылы жүруі мүмкін
ІІІ. Жоспарлау. Логистикалық жүйенің
стратегиялық менеджменті

Әзірленген және қабылданған жоспардың
орындалуына және өзгеретін жағдайларға сәйкес
түзетілуіне байланысты оны жасау және кейінгі
бақылау процесі. Сонымен қатар, бұл алдағы
әрекеттерді негіздеуге, мақсатқа жетудің ең жақсы
жолдарын анықтауға бағытталған ақпаратты өңдеу
процесі.

Жоспарлау функциялары даму мақсаттарының
ғылыми негіздемесі, мақсатқа жетудің ең жақсы
жолдарын таңдау.
Логистикада жоспарлау
деңгейлерін ажырату керек

Стратегиялық жоспарлау Бұл стратегиялық шешімдерді
әзірлеуден (жоспарлар, жобалар, бағдарламалар мен
жоспарлар түрінде) тұратын жоспарлау жұмысының ерекше
түрі. Стратегиялық жоспарлау кезінде саясат жасалады.

Тактикалық жоспарлау- бұл стратегиялық мақсаттарға қол
жеткізуге және оларды жүзеге асыру үшін ресурстарды
анықтауға байланысты жеке іс-шараларды жоспарлау. Бұл
кезеңде ресурстар логистиканың белгілі бір салаларына
бөлінеді.

Жедел жоспарлау жоғары басшылықтың алдына қойған,
тағайындаған немесе белгілеген мәселелерді шешудің
тәсілдерін таңдау. Жоспарлаудың осы түрінің аясында
логистиканың әр бағыты бөлек жоспарланады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Логистикалық жүйе
КӨЛІКТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Контроллингті қолданудағы механизмдер мен процестер
Қазпочта АҚ
Маркетингтің қағидалары және қызметтері
Логистикадағы тәуекелдер
Логистикалық тәуекел
Украинаның логистикалық жүйесі
ҚОЙМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРУ
Логистикалық тізбек және маркетингтік каналдар
Пәндер