Мал терісін сыпыруға арналған жабдықтар
Презентация қосу
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы
Мал терісін сыпыруға арналған жабдықтар
Топ: тпп-210
Орындаған: Меделтай Мадина
Қабылдаған: Толемисова Жанар
Тері сыпыру
Теріні сыпыру - ең жауапты кездердің біреуі. Теріні ұшадан мал тоңазып кеткенше тезірек айырып алу қажет. Осы
уақытта май, қан суып, теріні сыпыруды жеңілдетеді. Тері сыпырудың негізгі дұрыс принципі, оның периметрін кіші
қылып алуында.
Терілердің малдың түріне, жасы мен жынысына байланысты айырмашылықтары бар. Ол тумаған немесе өлі туған
бұзаулардың, сүт еміп жүрген бұзаулардың, сүттен жем-шөпке көшкен бұзаулардың, сиырдың терілері, бұқаның,
шошқаның және ұсақ малдың терілері деп бөлінеді.
Малдың терісі түріне байланысты ірі, ұсақ және шошқаның тері шикізаты деп бөлінеді. Ұсақ
тері шикізатына жас ірі малдың, бұзаудың, қойдың және ешкінің терісі жатады. Ірі тері шикізатына ірі малдың терісі
жатады. Шошқаның тері шикізатына шошқа терісі жатады.
Малдың терісін сыпыру үшін малды өңдеуге кететін жұмыстың 30-40 % жұмсалады. Теріні сыпыру оның ең әлсіз
қабаты - тері асты клетчаткасында жүргізіледі, бір жағынан ұшаның бетінде біріктіргіш ұлпа қабықшасын (фасция)
сақтау керек, екіншіден теріні ақаудан сақтау керек. Тесілген, кесілген немесе жыртылған терінің былғарылық
құндылығы төмендейді. Мал сою кәсіпорындарында теріні сыпыру екі сатыдан тұрады - теріні жартылай қолмен
сыпыру (забеловка) және толығымен механикалық әдіспен сыпыру.
Қолмен тері сыпырудың сапасы келесі теріні толығымен сыпыруға
үлкен әсерін тигізеді. Қолмен тері сыпыруды ұшаның көлденең немесе
тік күйінде жүргізуге болады. Тік күйінде теріні қолмен сыпыру өте
қолайлы, бұл өндірістің ауданын қысқартады және еңбек өнімділігін 2
есе арттырады.
Теріні қолмен сыпыру үшін әртүрлі пышақтар, сонымен қатар
электрлік немесе пневматикалық жетегі бар механикалық пышақтар да
қолданылады. Мысалы, дискілік пышақта тістері бар дөңгелектер бір-
біріне қатты қысылған, олар минутына 2800 айналыс жасайды.
Осындай пышақтарды қолдану еңбек өнімділігін 20 % арттырып,
терінің сапасын жақсартады, етпен майдың кесілуін азайтады. Ұшаның
терісін сыпыру қиынға түсетін жерлерді қолмен сыпыратын терінің
ауданын азайту үшін қатты қысымдағы ауамен (3х105 Па) үрлейді.
Малдың терісін сыпыруға және союға арналған құралдар:
1 - теріні алуға және мүшелерді ашуға арналған пышақтар; 2
скальпельдер; 3 - пинцет; 4 - қан тамырлары мен әр түрлі
арналарды ашуға арналған қайшы; 5 - ішек қайшы; 6 -
қабырға қайшы; 7 - сүйекті ұстайтын қысқыштар; 8 - қашау;
9 - балта; 10 – қол арасы
Қолмен теріні сыпыру кезінде бастың, алдыңғы және
артқы аяқтардың, мойынның, құйрықтың терілері
сыпырылып, қарынның ортасындағы сызық бойынша
теріні кесіп, төстікпен қарынның бір бөлігінің терілері
сыпырылады. Жасымен қоңдылығына байланысты ірі
қара малдың терісінің 20-30 %, ал шошқа мен ұсақ
малдың терісінің 50 % қолмен сыпырылады. Ұшаның
қоңдылығы жоғары болған сайын қолмен
сыпырылатын терінің ауданы өседі.
Малдардың терісін толығымен механикалық жолмен сыпырады. Бұл
үшін үздіксіз және үздікті істейтін механикалық қондырғылар
қолданылады. Олар Ленинград, Баку, Москва, Брянск, Семей ет
комбинаттарында, БЕӨҒЗИ-да жасалынған. Конвейерлік үздіксіз жұмыс
істейтін қондырғылар еңбек өнімділігі жоғары ірі ет комбинаттарында
қолданылады. Мысалы, «Москва-4» қондырғысы ірі қара малдың терісін
сыпыру үшін қажет. Еңбек өнімділігі сағатына – 75 және 150 бас. Агрегат
бір қабатта орналасады.
Ірі қара малдың терісін
сыпыратын Ленинград
ет комбинатының
қондырғысы
Ірі қара малдың терісін
сыпыратын ФУАМ қондырғысы
Ұсақ малдың терісін сыпыру үшін
конвейер типтес Улан-Удэ ет
комбинатының қондырғысы
пайдаланылады. Қойдың терісі
құйрығынан мойнына қарай
алдыңғы аяқтарын бекітпей-ақ
сыпырылады. Аспалы жолға
қарағанда қондырғы
600 бұрышпен орналасқан. Бір
уақытта бірнеше ұшаның
терілерін сыпыруға болады.
Еңбек өнімділігі – сағатына 900
басқа дейін. Шағын
кәсіпорындарда қойдың терісін
барабанды қондырғыларда
сыпыруға болады
Шошқаның терісін толығымен сыпыру оның етін сатуға
немесе шұжық өнімдерін жасауға жіберген кезде іске
асырылады. Теріні сыпыру үшін электр қуатымен
үздікті жұмыс істейтін лебедка қолданылады. Өнімділігі
– сағатына 100 бас. Кейбір ет комбинаттарында шошқа
мен ұсақ малдың терісін сыпыруға арналған әмбебап
конвейерлі қондырғылар бар.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz