Басқару жүйесін жетілдіру және нарықтық экономика жағдайындағы көлік жүйесін мемлекеттік реттеу




Презентация қосу
Басқару жүйесін жетілдіру және
нарықтық экономика жағдайындағы
көлік жүйесін мемлекеттік реттеу

Орындаған: Ерден Н.Д.
Тобы: СМ-19-4k
Қабылдаған: Тезекбаева Н.Р
Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны

• Қазіргі таңда еліміздің дамуында көлік саласы – жалпыға арналған ортақ еңбек
құралы және өндірістің негізгі шарттарының бірегейі болып табылады. Көлік
саласы – мемлекет экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын,
материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын
аса маңызды салалардың бірі.
• Ал, Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Респбуликасы
географиялық жағынан өте зор баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына
отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Қазақстан Республикасының көлік
стратегиясында көрсетілгендей, жер үсті жолдар қатынасының желісінің негізгі
үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) келеді.
• Көлік саласы негізінен жүк тасымалына және жолаушыларға деген сұранысты
қанағаттандырды. 2015 жылдан бастап 2017 жылды қоса есептегенде көлік
қызметтерінің өсуі: жылына орташа есеппен алғанда жолаушылар тасымалында 7,8%
пайызды, жүк тасымалында 9,5% пайызды (орташа жылдықэкономикалық өсу 10,3%)
құрап келеді. Бірақ, елімізде көлік инфрақұрылымының нарық жағдайына
бейімделгеніне қарамастан, қазіргі кезде көлік жүйесінің даму деңгейін жеткілікті, ал
жай-күйін оңтайлы деуге келмейді. Себебі, көлік саласында көлік желісін дамытуда
бірқалыптылықтың жоқтылығы өңірлердің экономикалық дамуына кедергі жасауда.
Елімізде 2 мыңнан астам ауылдық елді мекенінде бірқалыпты көлік қатынасы жоқ.
Елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілуі 69,3% пайызды құрайды.
• Түпкілікті өнімділік құнындағы
көлік кешені шығыстарының үлесі
біршама жоғары, ал ішкі темір жол
мен автомобиль тасымалы үшін
тиісінше 8% пайызды және 11%
пайызды құрайды, ал нарықтық
экономикасы дамыған
мемлекеттерде бұл көрсеткіш 4-
4,5% пайыздық көрсеткішті
көрсетеді. Жүк тасымалы бойынша
қажеттілік көрсеткіші Қазақстан
экономикасының тиімділігі
шамамен 5 есе төмен деңгейде.
ҚР қалалық рельстік көліктің көлік құралдары мемлекеттік тіркеу тәртiбi

Қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы Жеңілрельстік көлік – қатынау жылдамдығы мен
аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге
тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары
трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік); қалалық рельстік көлік түрі;

Трамвай – қала шекарасында берілген маршруттар Монорельстік көлік – бір рельстік жолмен қозғалуға
бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған арналған қалалық рельстік көлік түрі;
қалалық рельстік көлік түрі;

Метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан
оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік
маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
• Көлік жүйесі дегеніміз - жолаушылар, жүк және тағы басқа тасымалдау
жұмыстарын атқаруда бір-бірлерімен тығыз байланыста болатын халық
шаруашылығының күрделі ірі кешені болып табылады. Көлік торабының
құрамына республикалық, облыстық, қалалық, ауылдық, аймақтық және
өндірістік көлік түрлері де жатады.
Жалпы магистральды пайдалану
көлігі дегеніміз – ҚР-ның заңдары
мен нормативтік актілеріне сай,
жолаушылар мен жүктерді
тасымалдауға арналған көлік түрлері.
Оған автомобиль, темір жол, құбыр,
теңіз, өзен, әуе жолдары көлігі
жатады.
• Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан
Республикасының аумағында тіркелген теміржол,
автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық
рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағындағы магистральдық
құбыр көлігі.
• Жалпы пайдалануға жатпайтын көлік дегеніміз –
тек қана өз мекемелерінің тасымалдауын атқаратын
және басқа тұтынушылардың тасымалдау талабын
орындауға міндеттелінбейтін жеке мекемелік көлік
түрі. Қазіргі кезде республикамызда осы аталған
көлік түрлерінің барлығы да қызмет көрсетеді.
Бірақ, еліміздің географиялық орналасуына сәйкес
теңіз жолдар көлігі енді ғана дамып келуде.
Елімізде «Құрық», «Баутино», «Атырау», «Ақтау»
теңіз порттары бар.
• Еліміздің аймағы бойынша республикадағы қазіргі көлік саласының негізінде
құрылған халықаралық 4 көлік дәлізі өтеді:
• - Трансазиялық (ТАТМ) темір жол магистралінің солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа-
Ресей мен Қазақстан (Достық-Ақтоғай-Саяқ-Мойынты –Астана-Петропавл)
арқылы Жапония, Корей елі және Қытай.
• - Трансазиялық темір жол магистралінің оңтүстік дәлізі: Оңтүстік Шығыс Еуропа –
Иран, Түркия, Орталық Азия елдері мен Қазақстан (Достық – Ақтоғай – Алматы –
Шу – Арыс - Сарыағаш) арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай.
• - Шығыс Еуропа – Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық – Алматы -
Ақтау) арқылы Орталық Азия.
• - Солтүстік – Оңтүстік: Солтүстік Еуропа – Ресей мен Иран арқылы Парсы
шығанағы елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал аймақтары және Ақтау -
Атырау аймағындағы Қазақстанның қатысуы арқылы өтетін жолдары атап өтуге
болады.
• Көлік қызметін реттеу жөніндегі кез келген шаралардың негізгі мақсаты, сайып
келгенде, көлемі жағынан жеткілікті және сапасы жағынан қанағаттанарлық
көліктік қызмет көрсетуді өнеркәсіптік тұтынушылардың барлық топтарын
және халықты қамтамасыз ету болуы тиіс.Сондықтан реттеуші органдар мен
жергілікті билік органдарының көлік кәсіпорындарының қызметін шектеуге
бағытталған немесе оларға бірдеңе ұйғаратын кез келген іс-әрекеттері
тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталуы тиіс.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Қазақстан республикасындағы техникалық реттеу жүйесі және сертификаттау ережелерін бұзғаньі үшін жауапкершілік
Менеджмент басқару туралы ғылым
Экономикалық тиімді мемлекет
Экономикалық жүйені
Жаңа Салық Кодексін қабылдау
Негізгі экономикалық ұғымдар
АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жаңа дәуірдің кемел келбеті
Пәндер