Ана тәрбиесі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың үлгі-өнегесі

Пәні: Педагогика

Студент:

Курс: 4

Мамандық: 0111001-

«Негізгі орта білім беру»

Біліктілік: 0111083-

«Шетел тілі мұғалімі»

Топ:41 ш

Алматы, 2020

Slide 2

Мазмұны

КІРІСПЕ.

1. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері.

1. 1. Отбасы тәрбиесі түсінігі

1. 2. Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

2. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі

2. 1. Бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі

2. 2. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесін анықтау.

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

- Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;

- Отбасы тәрбиесі түсінігін ашу;

- Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;

- Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;

- Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау.

Зерттеу нысаны: отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі

Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.

Зерттеу болжамы: тәрбие процессі біртұтас педагогикалық процесс ретінде бірнеше бағыттардың жиынтығы ретінде танылады, сол сияқты отбасы тәрбиесі жалпы тәрбие процессінің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан оны зерттеусіз тәрбие процессі нәтижесіз ссипатта болады, тек отбасында ата ананың қолайлы үлгі өнегесін игерген бала жан жақты дамыған жақсы тәрбие алған тұлғаға айналады.

Slide 4

ҚР Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».

2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.

Slide 5

Отбасы

Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу

Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.

Белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

Slide 6

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау,

Ана - бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ - деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.

Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

2006 жыл - Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.

Slide 7

Отбасы тәрбиесі туралы ойшылдардың айтқан пікірлері:

Slide 8

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж. Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.

Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.

Slide 9

- -

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі

бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;

отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Slide 10

1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.

2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.

3. Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т. б.

4. Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.

5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.

6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т. с. с.

Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілер

Slide 11

Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

Жүсіпбек Аймауытұлының көзқарасында бала психологиясының, жан-дүниесінің қалыптасуына әсіресе, өмірінің алғашқы жылдарындағы ата - ананың тәрбиелік рөлі ерекше маңызды екендігі туралы пікір басым. Ол «баланы іспен емес - сөзбен, үлгімен емес-ақылмен үйреткен адам сорлы» - дейді. Баланы болашақта бұзуға немесе дамытуға себеп болатын басты шарт-оның жас күніндегі көрген үлгі - өнегесі болуы тиіс дегені «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - деген

Атадан - ұлағат, анадан - ғибрат. Ата-ана отбасылық тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, олардың өмірлік көзқарастарының бірлігі, ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғары болуы - бала тәрбиесіндегі жетістіктің маңызды шарты.

Халықта «Тәрбие табалдырықтан басталады» - деген нақыл сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни, әр отбасындағы ата-аналардың алдында тұрған басты міндет - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, «адам ұрпағымен мың жасайды» - деген тұжырымды үлгі тұту.

Қыз бала тәрбиесінің талаптарының тәсілдері:

-астарлап сөйлеп, тұспалдай отырып талап ету;

-әзіл, ойын, күлкісі аралас түріндегі талап;

- шарт қоя отырып талап ету;

- сес көрсете талап ету;

- қағытып, кекету түріндегі талап;

- ишара, ым ретінде талап ету;

- кеңес түріндегі талап;

- сенімсіздік білдіріп, күдік көрсете - -отырып талап ету;

- нақты талап ету.

Ата - бабаларымыз ұрпағының ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиеленген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.

Slide 12

Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі- өнегесі

Ана - үйдің берекесі,

Бала үйдің - мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

Бала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол.

Slide 13

Ана тәрбиесі Ана - бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» - деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан - тәрбиелі бала өсіп шығады. Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет - отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағыйындардың әйелдері - абысындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.


Ұқсас жұмыстар
Тә рбие-ана құ рсағ ынан
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
Сынып жетекшінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Ата - аналарға арналған кітабында
Әдепті бала ата - анасын мақтатар
Бала тәрбиесі бесіктен
Мектепке дейінгі және бастауыш сатының тәрбие мазмұынындағы әлемдік және ұлттық тәжірибелер
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Отбасы тәрбиесінің негізі
Ұлттық тәрбие, Этникалық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz