Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Теміртау қаласы «№2 ЖББОМ» КММ

«Ғабиден Мұстафин»
(тақырыбы)

Орындаған:

Теміртау қаласы, 2019 ж.
(29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр
тауы – 20.1.1985, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық
жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Шығармалары
1.2 Шығармаларының негізгі тақырыбы
2 Марапаттары
3 Дереккөздер
Әкесі Мұстафа қажы мұсылмандық жолын мықты
ұстанған, молдалығы да айтарлықтай, сонысымен
ауылына ғана емес, аймағына да беделді кісі болыпты.
Әкесінен имандылық тәлім, ауыл молдасынан
мұсылмандық дәріс алған бала арабша хат танып,
судыратып кітап оқи алатын болады. Бала кезінде дін
мектебінде оқыған.
Өмірбаяны

Арғын тайпасы Қуандық руы Мұрат бөлімінен шыққан.
Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі
зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы
бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-
жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына
араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында
Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-
қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды
негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы
мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы
кезеңдерден басталды.
Шығармалары
1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды
пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты
хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет
майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964)
қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927)
“Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын”
(1929) деген атпен шықты.
1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты
тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың
бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ
топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып
қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы
жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы
табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман
кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына
әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден
дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға
жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле
тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын
туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).
Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып,
оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20
ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел
басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда
Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін
жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы
адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір
әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды”
романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол
өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі
роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім”
романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар
қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын
қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар
әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан
тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен
ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта
кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік
сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі
шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі
жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды.
Шығармаларының негізгі тақырыбы

Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Мұстафин
Ғабиден қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар.
Олар аға буынның қажырлы рухын, биік мақсаты мен арманын, мағыналы
ғұмырын паш етеді. Жомарт, Жанат, Алма секілді жастардың халық
алдындағы перзенттік, азаматтық парызды ақтау талабынан туған ізденісі
мен махаббатты қастер тұтатын қасиеті – қазіргі ұрпақтың рухани
тәрбиесінде жәрдемі болары сөзсіз. Мұстафин Ғабиден шығармаларының
елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге
көп мағына береді. Тілі қарапайым да жатық, ұғымға жеңіл, оралымды,
ұтымды. Халықтың қанатты, бейнелі сөздерін орынды пайдаланумен қатар
өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жиі қолданады. Әдеби-сын
мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, әдебиеттің бүгіні мен ертеңі,
дамуы турасындағы тың ой - тұжырымдарын жазды (“Ой әуендері”, 1974).
Марапаттары
Мұстафин Ғабиден
шығармашылықпен қатар
қоғамдық-саяси өмірге де белсене
араласты. Ол 5-ші сайланған
КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954),
6 – 9 сайланған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің депутаты
(1962 – 1978) болды. Мемлекеттік
сыйлық лауреаты (1978). Ол 2
мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан
соғысы, Еңбек Қызыл ту
ордендерімен және көптеген
медальдармен марапатталған.
Дереккөздер

1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы
2. ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас
редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
3. https://adebiportal.kz
4. https://yandex.kz

Ұқсас жұмыстар
Қарағанды қаласы
Қожаберген Жырау - Орта жүз
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы
Қазақ философиясының төл тарихы
Абылай ханның ақылшысы
Бұқар жырау
Жырау толғауларынан теңеулер жазу
Қазіргі заман қазақ философиясы
Олжабай батыр
Пәндер