Мұғалім тұлғасы
Презентация қосу
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Математика және Ақпараттық технологиялар» факультеті
«Математикалық анализ және дифференциалдық теңдеулер» кафедрасы
«Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің
кәсіби маңызды сапасы»
Орындаған: М-19-3 тобының студенті
Калинбетов Н.О.
Тексерген: Әукен Айнаш Орынбасарқызы
Қарағанды, 2020жыл.
Мазмұны :
I. КІРІСПЕ
IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік.
2.2. Құзыреттілікті қалыптастыру
2.3. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
2.4. Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейлері
2.5. Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
III.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ
Құзыреттілік – болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды сапасы ретінде.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың
негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық
экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша
ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз
білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы
функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде
қарастылатындығын айтады .
Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік
ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен
аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады
дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған
білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар
деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы
бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына
негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену
процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның
жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның
кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.
Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп
мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы
мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы
жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен
атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген,
отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін
кәсіби маман педагогті атаймыз.
IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік.
Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған,
себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде: ақпараттық; коммуникативтік);
Ақпараттық құзырет – мамандардың
компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана алу
(мультимедия, электронды пошта,
Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп
жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы
сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау,
этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды
шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз
қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай
алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс
ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу
және қолдана білу қабілеттері.
Арнаулы құзыреттілік.
Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс,
ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы
құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр
оқушының өз мамандығына байланысты
арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет.
Арнаулы құзіреттілік - маманның сала
ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді
шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру
сияқты қабілеттермен байланысты.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз
елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам
мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің
маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге
тұрақты қарау, мемлекет нышандарын
білу, адам құқығын жете білу, қажетті
жағдайларда оларды қолдану, өзіне
жауапкершілік арту жатады.
2.2. Құзыреттілікті қалыптастыру
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат
тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі
әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру
саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын
дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі
кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін
өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының
өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту
арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға
болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол
білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру
үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының
стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа
жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша
көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі
мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары
жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы
жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның
білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары:
дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек
сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік
технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім..
2.3. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні белгілі қағида. Адамның шығармашыл
мүмкіндіктерінің дамуы тұрғысынан интеллектуалды, эмоциалық, рухани потенциалының баюына,
жетілдіруге, тануға ұмтылуға нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби
дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-
әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби
құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі
іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп, біз өзара байланыстыүш компонеттен тұратын тұлғаның
қасиеттерін түсінеміз:
- Педагогикалық қыметте жүзеге асатын кәсіби білім;
- Кәсіби біліктілік;
- Мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері;
Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр компонент
педагогикалық қымет үрдісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады.
• Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі кәсіби білім, білік, дағдыны қалыптастыру, педагогтің жалпы
мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді.
2.4. Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейлері.
Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады:
1.Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2.Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3.Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған
проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4.Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi
қарым-қатынасты проблемалардышешуқабiлетi.
5.Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу
қабiлеттiлiгi.
6.Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-
қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7.Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
8.Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру
және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен
басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады.
«Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. Құзырлылығы
қалыптасқан маман – кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір
міндеттер жиынтығына ие болатын маман.
Профессиограмма (латынның Professio - мамандық + Gramma - жазба) – кез-келген мамандықтың жүйелі
белгілері, яғни белгілі бір мамандықтың талаптарына сәйкес келуі. Профессиограммада сол қызмет
аумағындағы психологиялық белгілер мен тәртіп ерекшеліктері де кірістірілген. Профессиограмманың
70-жылдардың бас шенінде Ю.С. Алферов пен Е.Г. Осовский ұсынған мынадай құрамын қарастыруға
болады:
1.Еңбек мазмұны;
2.Кәсіби іс-әрекеттің түрлерін сипаттау;
3.Білім, білік және дағдыларының көлемі;
4.Психофизиологиялық талаптар (белгілі бір еңбек функцияларын орындауға
қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын, дербес және жауаптылықпен
әсер етуге мүмкіндік беретін психикалық ахуал);
5.Біліктілікті көтеру мүмкіндігі;
6.Еңбекке моральдық ынталандыру түрлерінің тізбесі, қызығушылығы;
7.Осы мамандыққа дайындайтын оқу орындары.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың ішкі
және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін
қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компоненттерін анықтай отырып, ол
адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық
сипаты мен икемділігін атайды.
Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы
әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене
отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық
іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің
тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте
күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.
2.5. Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары
Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А.К.Маркова бойынша)
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль
Мұғалім еңбегінің жақтары
Мұғалім еңбегі үшін Мұғалім еңбегінің
объективті психологиялық
қажеттілер сипаттамасы
Кәсіби білімдер Кәсіби- Кәсіби ұстанымдар Кәсіби-
педагогикалық психо-
іскерліктер логиялық
ерекшелік
тер
(сапалар)
Еңбек процесі Мұғалімнің педа-
гогикалық іс-әрекеті
Мұғалімнің
педагогикалық
іскерліктері
Мұғалім тұлғасы
Еңбек нәтижесі Мектеп оқушыларының
білімділігі
Мектеп оқушыларының
тәрбиелілігі
Еліміздің саяси,экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының
үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері,бәсекеге қабілетті, кең ауқымды,жан-жақты
дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі
қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және
еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін,кәсіби білімі мол мамандарды
қажет етеді.
Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері
жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып,мұның өзі болашақ мамандарды
қаршаған дүниені,табиғатты,қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану,әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге,адамдармен қарым-қатынастағы жоғары
мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашақта көркейіп,бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «...
терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға
және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру» деп көрсетілді.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі
болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса
да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін,
өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай
толықтырып отыруды талап етеді.
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :
Жүсіпова Ж.А . Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011
Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - С.
33-36.
Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің
аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60
Құдайбергенова К.А.. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын
бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты
халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б.
Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.-
432 с.
Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.:
Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б.
Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-
педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым-қатынастың
психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538
б.
Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал.-М., 1994
Ғ.М.Кертаева. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп. Павлодар, 2005. – 297 б.
Ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері //
Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189.
Оқыту теориясынан дәрістер. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. -
№345, 27.10.2005 ж.
Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. - 2006. - №7. - Б.11-13.
Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым
жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz