Компьютерлік желілердің жіктелуі




Презентация қосу
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Компьютерлік желілер жайлы жалпы
түсініктер.

Орындаған: М
Калинбетов Н.О.
Тексерген: ар
Хасенова А.А.

Қарағанды, 2020 ж.
Жоспары:

1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер;
2. Компьютерлік желілердің жіктелуі;
3. Желінің негізгі программалық және аппараттық
компоненттері;
4. Компьютерлердің өзара қатынасу деңгейлері мен
желінің мәлімет алмасу хаттамалары
(протоколдары)Компьютерлердің өзара қатынасу
деңгейлері мен желінің мәлімет алмасу хаттамалары
(протоколдары)
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work -
жұмыс) – берілген ереже- лерге сәйкес компьютерлер
арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ
пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу
арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар,
олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпа- раттық-есептеу
желілеріне біріктірілген. Мәліметтерді тасымалдаудың
компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның
негізгі құралы болады.Желілерде ақпаратты тасымал- дау
жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ
хабарлама алу/жөнелту, жер шары- ның кез келген
нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр
түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар
арасында мәлімет алмасу, т.с.с. әрекеттер орындала береді
Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:

1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM- ға немесе
стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану, - бір
принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді
қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.
Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін
шығындарын азайтады.
2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ
дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға
болады.
3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс
құралдарын (коммуника- циялық қызметтер түрі,
мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен
алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді
жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы
артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру
оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау
мүмкіндіктерін жеңілдетеді.
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:

Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің
меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық
мүмкіндік беру. Сол себепті барлық құрылғылардың
электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес
келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-
лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі
мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді
болуы тиіс.
Желіге қойылатын талаптар

o Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
o Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
o Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
o Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
o Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы
тиіс.
Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

o географиялық қамтылу аймағына қарай;
o өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
o топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе
құрылымына қарай;
o басқарылуына байланысты.
Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай
топтарға бөлінеді: Жергілікті (локальный-Local Area Network,
LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-
ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі.
Мұндай желіге шамасында компьютер- лер біріктіріледі (ара
қашықтықтары 10 км-ға дейін). Ауқымды, ғаламдық
(глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті,
континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network
MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер
компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не
министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс
министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.
Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына)
байланысты желілер :

o бөлімдер желісі;
o кампустар желісі;
o корпоративтік желілер тәрізді топтарға бөлінеді
ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ)
БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Шиналық топология; Сақина топология;
Жұлдыз топологиясы; Бұтақ тәрізді топология;
Толық байланысты
Топология; Аралас топология;
Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі:
o БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ, МҰНДА БІР
КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРАДЫ.
Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан
дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі
басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп
аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы
басқарылады.
o БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ)
– МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ
КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ.
Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-
бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған.
Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа
алады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жұлдыз топологиясы
Компьютерлік желі түрлері
Телекоммуникациялық желілер
Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Компьютерлі желілер
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Компьютерлік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Компьютерлік желілер жайлы
Пәндер