Сенсорлық жүйелер


Slide 1

Сенсорлық жүйелер Сезім мүшелерінің гигиенасы

Slide 2

Жоспар:

Сенсорлық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Көз құрылысы туралы жалпы мағлұмат

Slide 3

Сенсорлық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе сенсорлық жүйе дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Slide 4 Slide 5

Сенсорлық жүйе - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі, анализаторлардың шеткі бөлігі, немесе рецепторлар. Анализаторлар - дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі.

Slide 6

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады :

өткізгіш бөлім, сезгіш жүйке деп те аталады

сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды

орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады

Slide 7

Рецепторлар дегеніміз сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары. Және олар өздері екіге бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар.

Экстерорецепторлар сыртқы өзгерістерге жауап береді, және оларға өзіміз білетін 5 басты сезім мүшесі жатады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері түйсіктерінің рецепторлары . Мидың әр бөлімі түрлі сезімге жауап береді.

Интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелердегі шет өзгерістерді қабылдайтын сезімтал құрылым. Ол мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруына жауап береді. Оған қоса, олар тірек-қимыл аппаратының мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Slide 8

Көз құрылысы туралы жалпы мағлұмат

Көз алмасы шар тәрізді. Қабырғасы үш қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы және ішкі. Көздің торлы қабығында таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан жүйке сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру жүйкесі оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады

Slide 9

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор

Slide 10

Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т. б. ) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық - көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- құрту, жою + инфекция - лат. жұқтыру) қызмет атқарады.

Slide 11 Slide 12

Көздің сыртын тығыз а қ қ а б ы қ қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қ а с а ң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұраты

т а м ы р л ы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат - пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қ а р а ш ы ғ ы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көзбұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шынытәріздіденеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін.

Slide 13 Slide 14

Көру анализаторының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы - күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді

Slide 15 Slide 16

Көздің икемделісі-аккомодация. (Гельмгольц бойынша) .

I - ақ қабықша; 2-тамырлы қабықша; 3-торлы қабық; 4-қасаң қабық; 5- алдыңғы камера; 6 - нұрлы қабық: 7- көз бұршағы; 8 - шыны тәріздес дене; 9 - кірпікшелі ет, кірпікшелі өсінділер мен кірпікшелі байламдар; 10-орталық шұңқыр, 11- көру нерві.

10 - орталық шұңқыр; 11 - көру жүйкесі.

Slide 17

НАЗАРЛАРЫНЫЗГЫ РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық басқару
Тұлға типтерінің классификациясы
Балаларда заттарды тексерудің көрнекі тәсілдерін қалыптастыру
АУЫРСЫНУДЫ АНЫҚТАУ
Көру анализаторы
ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫ
Дәм сезу анализаторы
Торлы құрылым
Дәм сезу мүшесі
Ауырсыну сезімталдығының өтуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz