Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері


Slide 1

Семинар 1. «Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» пәнінің қарастыратын мәселелері

Орындаған: Реймова К. Е.

Топ: 7M01701-қазақ тілі мен әдебиеті І курс магистранты

Slide 2

Лингвоэкологиялық зерттеудің негізгі мақсаты:

Қазіргі қазақ тілінің лингвоэкологиялық жағдайын зерделеп, тілдік орта мәселесін, оның өзгеру, даму динамикасын, тілдің дамуына, тілді қолдануға теріс әсер ететін себептерді айқындап және қазақ тілін - қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын сақтаушы, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы болып келгенін ғылыми тұрғыдан қарастыру.

Slide 3

«Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» пәні тіл ғылымының тіл мәдениеті және сөз мәдениеті салаларымен тікелей байланысты, өзектес сала болып табылады.

Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы саналады. Ал тілдік орта дегеніміз - қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі. Тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық, этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы.

«Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» - лингвистикалық пән. Ол тіл ғылымының көптеген салаларымен байланысты. Атап айтқанда, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика лингвомәдениеттану, медиалингвистика т. б.

«Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология» пәні

Slide 4 Slide 5

ЛИГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Лингвоэкология лингвомәдени мәселелермен тығыз байланысты. Зерттеуші ғалымдар тілімізде жат сөздердің жағаласып жүруін, жастар тілінің жаргон сөздерге жақындығын және ғылым мен техниканың дамуына қарай, тілдегі «технизация» сондай‑ақ, - филологиялық, қоғамдық білімді технократтық биіктіктен алыстату сияқты лингвистикалық проблемалар қатарына жатқызады. Мысалы, орыс тілінің қазақ тіліне кері әсер еткен тұсы бар. Дегенмен де басқа тілдің басқыншылығынан дендеп кеткен тілдік жағдаят, әсіресе, сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіреді. Бұл қазақ тіліне да қатысты жайт екені белгілі. Мысалы, өткен ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында бұрынғы КСРО территориясынан бөліп шыққан егемен мемлекеттердің әлеуметтік және мәдени өмірінде айтарлықтай жемісті өзгерістер болғаны мәлім. Бұл әсіресе олардың тілінде, сөйлеу мәдениетінде бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап барлық саларында көрініс тапты. Қазақстан да мұндай өзгерістерден шет қалған жоқ. Ұлт тілі мемлекеттік мәртебе алған соң, орыс тілі ресми тіл ретінде ұлтаралық қатынас тілінің рөліне ие болды.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ЖӘНЕ ОРТА ӨЗАРАӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Макаренко және педагогикалық психология
Алкандардың құрылысы
МОӘ курсы болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың негізгі құралы
Тіл мәдениетін жетілдіру
Философия пәні, әдістері және қызметтері
Философиялық танымның құрылымы
Тілдің функциялары
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың жетістіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz