Бұлтты есептеулердің даму тарихы




Презентация қосу
Бұлтты есептеулердің
даму тарихы

Орындаған: Гүлзира
Тұрғанбекова
Инф-20-1м
• Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласында соңғы бірнеше жыл ішінде ақпараттарды
ұсыну және қызметтерді көрсету тәсілінде дамыған
жаңа бағыт, бұл- бұлттық сервистер.
• Бұлттық сервистер – бұл деректерді өңдеу
технологиясы, онда бағдарламалық қамсыздандыру
пайдаланушыдан «бұлт» (бұлттық жүйе)
инфрақұрылымы жасырын болатын және сол
себептен аталған «бұлттық» технологияны басқару
және пайдалану үшін оның арнайы білімі болуы
талап етілмейтін интернет сервисі ретінде
пайдаланушыға ұсынылады.
• Бұлттық есептеулер – бұл интернет арқылы
ұсынылатын сервис түріндегі сыртқы есептеу
ресурстарына қарқынды масштабталатын қол
жеткізу тәсілін білдіретін есептеу болып табылады.
• Осы анықтама бір-бірімен өзара тығыз байланысты,
себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін
есептеулер қажет.
«Бұлттық есептеулер» идеясын
алғаш рет 1960 жылы, есептеу
техникасының маманы, өзінің
жасанды 18 интеллект теориясы
бойынша әйгілі болған Джон Мак–
Карти ұсынған болатын. Ол
болашақта есептеулер
коммуналдық қызметпен ақылы
түрде ұсынылатын болатындығын
болжап кеткен. 1993 жылы «бұлт»
термині алғаш рет коммерциялық
Джон Мак–Карти
мақсатта үлкен ірі желілерді
1927-2011 сипаттау мақсатында қолданылды.
Google Docs
• Кейін «бұлтты есептеу» анықтамасын әр түрлі компаниялар
қолдана бастады, мысалы Google. Ерекше мысал ретінде
браузер арқылы офистік құжаттармен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін Google Docs қызметін атап өтуге болады.
• Ол өзіне жылдамдығы аса жоғары бір мезетте трафик
арқылы қызметтің барлық түрін (бейне, дауыс және
мәліметтер) жібере алатын, желіде өзара байланысқа
түсетін каналдар жиынтығын білдіруші еді. Ол желілерде
жіберуші мен қабылдаушы арасында мәліметтерді жіберуді
жеңілдететін бір мезеттік виртуалды байланыс пайда болды.
Amazon
. XXI ғасырдың басында «бұлттық есептеулер» термині жаңадан
шыққан SaaS (бағдарламалық қамтама қызмет ретінде) бағытта
келісімді түрде қолдана бастады. Алғаш қолданушы ретінде
Amazon интернет–дүкені көзге түсті. Осылайша өзінің дата–
орталықтарын Open Source–қа аудару жолымен сол кездегі дотком
дағдарысынан тез арада құтылды. Кәсіпорынның 90% серверлері
Red Hat Linux басқару жүйесінде Stronghold веб–сервер
бағдарламсымен және Apache–дің жинақы нұсқасымен жұмыс
істесе, ал темірін Intel мен HR чипсет негізіндегі серверлер
моделімен ауыстырылды. 2002 жылы Amazon–ның веб–сервері
жарық көрді. Оны бес жыл өткен соң «бұлт» деп атап кетті. Яғни,
алыстатылған серверлерге кез–келген ғаламтор бар жерден браузер
көмегімен қол жеткізе алатын сервистер жиынтығы.
• Бұлтты есептеулер - компьютер ресурстары және
қуаты интернет-сервис сияқты қолданушыға жеткiзiлiп
берiлетiн мәлiметтердi өңдеу болып табылады. Бұлтты
сервис ерекше қолданушы-серверлiк технология – желідегі
серверлердің тобын, соның ішінде процессорлық уақытты,
жедел жадыны, диск сияқты кеңiстiкті, торлық арналарды,
мамандандырылған контроллерлерді, бағдарламалық
қамтамасыз етуді клиенттің қолдануы болып табылады, яғни
қолданушы үшiн барлық топ бiртұтас виртуалды сервер
сияқты көрiнедi және де қолданушы тұтынылатын
ресурстардың көлемін өз қажеттiлiгiне қарай өзгерте алады.
Сондай-ақ, төлемақы арқылы белгілі бір өзгертулермен
сервер қуатын жоғарылатып немесе төмендете алады.
Cуретте көрсетілгендей бұл жүйе үлкен есептеулерді
қатар жүргізіп, әр түрлі құрылғыларға бір уақытта
қызмет ете алады. Әрі қызмет көрсету үшін қажетті
құрылғыларды таңдаудың да әр түрлі нұсқалары бар.

Ұқсас жұмыстар
Бұлтты есептеу технологиясы
Компьютердің эволюцияның этаптары
Бұлттық технологиялар ұғымы
Сақтандыру тарифінің құрылымы
Бұлттық технология
Бұлтты деректерді сақтау
Бұлтты есептеу ерекшеліктері
Бұлтты технологияларды оқыту процесіне енгізу бүгінгі технологиялар
Бұлтты технологиялар
Бұлтты технология
Пәндер