Өмір философиясы
Презентация қосу
Өмір философиясы
Тобы:ТХ 19-14
Тексерген:
Орындаған:Султанкул Мағжан
Өмір философиясы
19-20 ғасыр шекарасында Германия мен
Францияда пайда болған, буржуазиялық
философияның субъективті-идеалистік
бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты,
мәні туралы мәселелерді қарастыратын
философия….
Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне
рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік
сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің
формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық
ретінде қарастыратын ғылым. Бұл философияның
пайда болуына биология немесе психология сияқты
ғылымдарының жедел дамуы әсер етті.
Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің
мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай
позициядан, қалай түсіндіруге байланысты.
Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі
организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-
натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен
қатар, «өмір» - дүниенің Абсолюттік шектік негізі
болып табылады.
ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір
философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде
екеуін ғана атап өтелік.
Осыдан келіп күшке
Бірінші бағыт табыну, анайы-
«өмірді» табиғат дөрекі түйсіктерге
үлкен мән беру, идея
заңдарына мен ұғымдардың
жақындастырып, орнына ырықсыз
қоғам заңдарынан сезімді қою орын
алады. Әсіресе,
аулақ ұстайды. ақиқат пен
Оны жануарларға жақсылық орнына
жақын қояды. жалғандық пен
жауыздықты қарсы
қойғаны соншалық,
фашистік
идеологияға алып
келді
Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып
жатқан күрделі процестерді зерттеп, танымның
жаңа жолдарын ашуға барлық күштерін салса,
«өмір философиясы», керісінше, өмірді
ақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика,
дүниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер
адамның жан дүниесін, өмір сезімін кедейлетеді
деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. қарай «адам
ақыл-ойдың негізінде дүниені өзгертіп, жер бетіне
бақытты өмір әкеледі» деген Жаңа дәуірдегі
ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір
сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол XIX ғ.
өзінде-ақ өмір сүрген А.Шопенгауер мен
С.Кьеркогердің шығармаларынан байқағанбыз. Бұл
ойшылдардың философияға «еккен» ойлары XX г. әр
түрлі «өмір философиясының» ағымдарын тудырып,
өте жемісті болып шықты.
• Өмір философиясының шеңберінде «өмір» ұғымына әртүрлі
ғалымдар әртүрлі мазмұн-мағына береді. Биологиялық-табиғи
көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген
құштарлық, ерікке т.с.с. теңейді. Тарихтық көзкарасқа негізделген
бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген
тұлғаның ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік
тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып
отыратын ғарыштағы күш ретінде түсініледі.
• «Өмiр философиясының алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-
1911 жж.) мен Геогр Зиммель (1858-1918 жж.) өмiрдi ерiк пен іңкәрлік,
сезім мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр хаосты
тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк
формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе,
организмдiктен биiк формалары мәдениетті құрайды. Осы тұрғыдан
алғанда, шындық — өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. «Өмiрлiк
тәжiрибе» — зердеге тең емес, ол ақыл ойға сыймайды. Өмiр — ағым,
өзгерiс, шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек
қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Оны
В.Дилътей герменевтика деген ұғыммен бередi.
• Философия тарихында «өмір философиясының» екінші
түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен
Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты.
Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен
әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер
«өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы
адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде
тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады.
Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады.
Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық
көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады.
Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік
екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады.
Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір
философиясының» негіздерін оның орнына келген
экзистенциализм, персонализм және философиялық
антропология ағымдары жалғастырады.
•
•
Біз өмірді оған үнемі тек жақындау
арқылы танимыз: басқаша айтқанда
өмірді түсінудің табиғатында оның
әртүрлі көзқарастар тұрғысынан
уақыт ағымында танығандықтан сан
алуан жақтарынан көретіндігі бар.
Өзіндік құндылықтар мен туында
құндылықтардың ара қатынасының
механистік себептілік сипаты өмірдің
түпкі тұңғиықтардын түсінуге мүмкіндік
бермейді. Өмірді келешектің тұрғысынан
түсінуге мүмкіндік беретін категориялар
құндылық категориясының негізінде
туындайды
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz