Адыраспаннан сабын жасау



Адыраспаннан сабын жасау
Дайындаған: Әуелбек Б. А
Тобы: Бт-39/5
Қабылдаған: Туякбаева А. У.
Нұр-Сұлтан 2021
Л. Н. Гумилёв астындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Микробиология және биотехнология кафедрасы

Ғылыми жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе бөлімі 1. 1. Дәрілік өсімдік адыраспан
2. Негізгі бөлім 2. 1. Адыраспан өсімдігінің биохимиялық құрамы 2. 2. Сабын өндірісі
3. Зерттеу бөлімі 3. 1. Адыраспаннан сабын жасау
4. Қорытынды
5. Қосымшалар
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Алдыма қойған мақсатыма жету үшін, жұмысты адыраспанның арамшөп ретінде зиянынан гөрі, халық тұрмысындағы пайдасын зерттеуден бастадым
Адыраспан-түйетабан туысына жататын, терең тамырлы өсімдік. Негізі, сабы мен гүлі улы. Иісі - сасық, бірақ дәрілік өсімдік. Бұл өсімдіктің биіктігі шамамен 30-80см аралығында болады. Гүлі-ақ, сары, бозғылт түстес. Мамыр айында гүлдеуі басталады. Жемісі-қауашақ. Тұқымы-бозғылт, қара. Ал ұрығы-қоңыр, шар тәріздес. Негізінен, таулы, қырлы аймақтарда, жазық жерлерде молынан өседі. Жеміс беретін уақыты-жаз мезгілінің аяғы. Қазақстанда үш түрі кездеседі. Қазіргі таңда, Қазақстанның шөлді, сортаңды аймақтарында молынан өседі. Әсіресе, Сарыағаш ауданында, одан әрірек Іле, Шу аумағында молынан өседі.
Ал емдік қасиетіне тоқталсақ, дәрілік шикізат ретінде пайдаланылады. Пісіп жетілген соң, бұтақшаларын, гүлін жинап алады. Адыраспан -улы өсімдік, бірақ пайдасы мол. Оны мына дерттерді жазу үшін пайдаланады: бел ауруы, бас ауруы, асқазан, ревматизм, тіс ауруы, буынның қабынуы, ұмытшақ ауруы, тарамыс ауруы және т. б Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы құрал ретінде қолданады. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді. Аталмыш шөптің емдік қасиеттері бұдан да көп.

Бояғыш ретінде және медицинада қолданылуы
Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері - фесканы бояған.
Өсімдіктің медицинада қолдануы өте ерекше. Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихорадка, мерез ауруларына пайдаланады, ал шөптің ваннасы буын ауруларына және қышыма мен тері ауруларына қолданылады. Шөптің тұнбасымен ірі кара малдардың қотырын мал дәрігерлері емдеген. Әсіресе ботаның қотырын. Шөптің қайнатпасын қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шаяды. Ауғаныстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын буылма жасайды

Адыраспанның салт-дәстүріміздегі орны және байланысы
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жалалардан сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Құдайға құлшылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим! Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан, Атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген.

Негізгі бөлім
2. 1 Адыраспан өсімдігінің биохимиялық құрамы.
Кез-келген өсімдік құрамында макроэлементтер, микроэлементтер, сонымен қатар биохимиялық қосылыстар бар. Мен адыраспан өсімдігінің құрамындағы қосылыстарды тауып, төмендегі кестені құрастырдым.
Құрамындағы қосылыстар
Мөлшері пайыз (%) есебімен
Май
14-16%
Алкалойд
3, 5-6% (тұқымында)
1, 5-3% (шөбінде)
3-6% (тамырында)
Гармалин
60%
Гармин
30%
Пеганин
60 % (шөбінде)
Хинализин және Индол

2. 2 Сабын өндірісі
Ежелде халқымыз сабынды қолдан істеген. Қазақ халқы сабынды әртүрлі шөптердің күлінен сақар алып, жануар майын қосу арқылы жасаған. Ол сабынның түсі қара болған. Бірақ тығыздығы өте жоғары болған. Пішіні дөңгелек келген. Сонымен қатар, емдік мақсатта да қолданылған. Әсіресе, тұмау ауыруы жайлағанда. Кей деректерге қарағанда, халқымыз қара сабынды әмбебап ыдыс жуу құралы ретінде пайдаланған. Сонымен қатар, бұрымды арулар қара сабынды шаш жуу құралы ретінде пайдаланған. Ол шашты одан әрмен жылтыратып, ажарландыра түскен. Қара сабынмен жуылған шаш қарқынды өскен. Сабын-арабтың”сабун” деген сөзінен шыққан. Сабын-сілтіден, сақардан және тоң майдан тұратын қоспалы зат. Қазіргі таңда сабынның түр-түрі бар. Сонымен қатар атаулары да ерекше. Тарих беттерінде сабын туралы мағлұматтар ертеден кездеседі. Сабын осыдан 6000 жыл бұрын пайда болған. Мысалы, Римдіктердің сабын қайнатқаны жөнінде дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған. Ибн Синаның айтуына қарағанда, шығыс елдерінде және Византияда ертеден сабын жасалған.

2. 2 Сабын өндірісі
Сабынды көп мөлшерде өндіру он тоғызыншы ғасырда өрістеген. Ал ғалымдардың пайымдауынша, Ресейде сабын өндірісі Петр патшаның кезінде дамыған. Оны сол уақытта тек ақсүйектер ғана тұтынған. Ал қазақ даласында он сегізінші ғасырда кездескен. Бұған дәлел Бұқар жыраудың толғауындағы сабынның кездесуі. Жырау ”Қара қойдың терісін сабынмен жуасаң да ағармас”деген.

Сабынның кір затты тазалау процесі
Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады. Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.
Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады. Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөлшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек суда қолданбаған жөн. Сабындану дегеніміз- химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.

3. Зерттеу бөлімі
Сабынды даярлау үшін, өсімдік жақсылап жетілуі қажет. Абу Али Ибн Сина айтпақшы, "Өсімдіктің тауда өсетіні, далада өсетініне, таза жетіліп піскені, жетіліп келе жатқан өсімдікке қарағанда пайдалы". Мен тамыз айында 10 кг адыраспан жинадым. Ол адыраспан бір ай бойы күн тимейтін көлеңке жерде кептірілді. Адыраспан шіріп, көлеңке жерде көгеріп кетпес үшін, күн сайын екі рет ауыстырып отырдым. Бір айдан соң адыраспан өз бабында кепті. Сосын оны өртедім. Кейін оның күлін жиып алдым.
Сабын көбіктену үшін оның құрамында Na, K ионы болуы шарт. Енді мен күл құрамындағы макроэлементтерге аналитикалық талдау жасадым.
Жұмыстың жоспары
Реакция теңдеуі
Қорытынды
Күлдегі калий ионын анықтау
Күл+жалын
Күлгін түс
Күлдегі натрий ионын анықтау
Күл+жалын
Сары түс
1-тәжірибе:Күл құрамындағы макроэлементтерге аналитикалық талдау жасау.

3. Зерттеу бөлімі
Жұмыс жоспары
Реакция теңдеуі
Қорытынды
Хлор ионын күміс ионымен анықтау.
NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl
KCl+AgNO3=KNO3+AgCl
Ақ тұнба пайда болады.
Карбонат ионын анықтау.
KCO+2HCl=2KCl+HO+CO
NaCO+2HCl=
СО2 газы бөлінеді.
Адыраспан күлінің ерітіндісі қандай орта көрсететінін дәлелдеу.
Ерітінді+фенолфталейн
Күлдің мөлдір ерітіндісі қызғылт түске боялды, яғни сілтілік орта.
2-тәжірибе. Адыраспан күлінің ерітіндісіндегі тұздардың ионын анықтау.
Осы тәжірибелерге сүйене отырып күл құрамындағы K, Na ионын анықтадым.

3. Зерттеу бөлімі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz