Беріктікке есептеу



тақырып: МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Машина бөлшектерінің конструкциясын ойластырғанда, біз ең алдымен оларға койылатын талаптарды біліп, одан кейін оларды сол талаптарға сәйкес жасауымыз керек. Ол талаптар мынадай:

Негізгі талаптар
1. Машина бөлшектері белгілі бір мөлшерде қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі талаптар
2. Машина бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.

Негізгі талаптар
3. Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек. Дайындау технологиясын ойластырғанда бөлшектердің қажетті мөлшерін еске алу қажет.

Негізгі талаптар
4. Машина бөлшектерінің салмағы жеңіл болуы қажет. Әрине, бөлшектердің салмағы неғұрлым аз болса, машина соғұрлым жеңіл болады

Негізгі талаптар
5. Машина бөлшектері күтуге, майлауға және ауыстыруға икемді болуы шарт. Машина бөлшектерінің конструкциясы мен өлшемдері мемлекеттік немесе халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы қажет.

Негізгі талаптар
6. Сонымен қатар машина бөлшектері қауіпсіз жұмыс істеуі қажет, яғни айналмалы, жылжымалы бөлшектерді жабық етіп жасаған жөн.

Бірқатарлы шарикті подшипник шайбамен бекітілген

Бірқатарлы радиалды шарикті подшипник

Шарикті радиалды-тіремелі подшипник

Радиалды сфералық екі қатарлы шарикті подшипник

Тіремелі шарикті бір қатарлы подшипник

Тіремелі шарикті екі қатарлы подшипник

2. 2. Машина бөлшектерін есептеу жолдары
Машина бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады.

2. 2. 1 Машина бөлшектерін есептеу жолдары
сырғанау подшипниктері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет.
Ал бұрандалар берік болуы керек, сондықтан олар беріктікке есептеледі. Кейбір бөлшектерді, айталық біліктерді беріктікке, қатаңдыққа, дірілге, төзімділікке де есептеу қажет.

2. 3. Беріктікке есептеу
Біріншіден, көрсетілген формулаларды пайдаланып қима ауданында сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын кернеулердің ең жоғары мәнін анықтап, оларды мүмкіндік кернеумен салыстыру арқылы жүргізіледі .

2. 3. 1 Беріктікке есептеу
екінші есептеу қор коэффициентін анықтау жолымен жүргізіледі. Белгілі формулалармен қор коэффициентін анықтап, оны мүмкіндік шамасымен салыстырады: .

2. 4. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
Тұрақты күш деп шамасы мен бағыты өзгермейтін күшті айтады (2. 1, а-сурет) .
Тұрақты күш әсер еткенде есептеу жолын білу үшін шоғырлану коэффициентімен таныс болу қажет.

* Егер бөлшекті қиып қарайтын болсақ, сол бөлшек қимасы әр түрлі болып келеді
Себебі мәшине тетіктерінің атқаратын қызметіне сәйкес олардың пішіні әр түрлі болады.
Сондықтан бөлшек қимасындағы күш кернеуі бірдей болмайды.


Кернеу шоғырлануы
Егер үлгі ретінде жұмыр денені алып, оны созатын болсақ, дене қимасында пайда болатын күш кернеуі қиманың барлық нүктелерінде бірдей болады және бұл кернеуді номинал кернеу деп атайды.

Кернеу шоғырлануы
Енді сол жұмыр денеге ойық салатын болсақ ( б-сурет), күштің шамасын өзгертпесек те, кернеу бірден өзгеріп кетеді.
Дене қимасының сыртқы нүктелерінде кернеу бірнеше есе артады,
себебі денеге салынған кез келген ойық оның беріктігін кемітеді.

Кернеу шоғырлануы
Беріктіктің кемуі немесе кернеудің артуы сол ойықтардың пішініне байланысты болады.
Ойықтан пайда болатын бұрыш неғұрлым сүйір болса, сыртқы нүктелерде кернеудің шамасы соғұрлым көп болады
( в, г, д-суреттер) .

Қорытынды: ”дене қимасында ойық болса, онда кернеу шоғырлануы байқалады, номинал кернеумен бірге максимал кернеу де пайда болады “
Шоғырлану коэффициенті деп, максимал кернеудің номинал кернеуге қатынасын айтады
Шоғырлану коэффициенті қалыпты кернеулер мен жанама кернеулердің қатынасын көрсетеді

Егер шоғырлану коэффициенті геометриялық пішінімен қатар айнымалы күш түскен кездегі төзімділік шегінің төмендігін көрсетсе, оны тиімділік шоғырлану коэффициенті деп атайды.

Барлық бөлшектер жасалатын материалдардың ( болат, шойын, қорытпа, пластмасса және т. б. ) қасиеттеріне байланысты морттық және пластикалық материалдар болып екіге бөлінеді.
Мысалы: Егер болатты созатын болсақ, ол кернеудің артуына байланысты созыла бастайды және осы созылу күш кернеуіне байланысты болады.
Егер созу күшін алып тастайтын болсақ, болат бұрынғы қалпына қайтып келеді, былайша айтқанда, болат мұнда өзінің серіппеге тән қасиетін байқатады.

Серпімділік шегі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz