Латын Америкасы елдерінің жалпы сипаттамасы және шаруашылығының аумақтық құрылымы


Slide 1

Латын Америкасы елдерінің жалпы сипаттамасы, шаруашылығының аумақтық құрылымы

Орындаған:Бахытбекқызы Жазира

Жетекшісі:Аубакирова И. Ж

Slide 2

Латын Америкасы - Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22, 8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 - 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 - 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты.

Slide 3

Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Олар: Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадина, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка. Ұлттық құрамы өте күрделi этникалық және тарихи процестерден өткен (еуропалықтардың ұрпақтары, үндiстер, метистер, негрлер, мулаттар, т. б. ) .

Slide 4 Slide 5

Материк халқының қалыптасуы

Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар. Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10 пайызын ғана құрайды. Материкте 320 млн халық тұрады.

Slide 6 Slide 7

Материк халқының қалыптасуы

МУЛАТТАР

ЕУРОПАЛЫҚТАР

НЕГРЛЕР

ҮНДІСТЕР

МЕТИСТЕР

САМБО

Slide 8 Slide 9

Елдері

Шығыс жазық елдері: •Венесуэла •Гайана •Суринам •Бразилия •Парагвай •Уругвай •Аргентина •Гвиана

ЕЛДЕР Анд елдер: •Колумбия •Эквадор •Перу •Боливия •Чили

Slide 10

Бразилия

-1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. -Бразилия жерінің ауданы мен халқы саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. -Мемлекеттік құрылымы 22 штаттан тұратын федерациялық республика. -Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. -Елде темір, түсті металл, мұнай мен табиғи газдың, алмаз, уранның мол қоры бар.

Slide 11

-Табиғат қорларын алуан-түрлі, әрі мол болуы ---Бразилия шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. -Бразилия материктегі ең жоғары дамыған ел! -Шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дамушы елдер арасында бірінші орында. -Елде тау-кен өндірісі, қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібі жақсы дамыған. -Плантацияларда кофе, какао, қант қамысы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі.

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымы мен модельдері
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: аумақтық құрылымы және физико-географиялық сипаттамасы
Ұлыбританияның мемлекеттік басқару құрылымы және әкімшілік-аумақтық жүйесі
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық сипаттамасы және туризм әлеуеті
ХХ ғасыр басындағы әлем: аумақтық бөліну мен мемлекеттердің саяси құрылымы
Еуропа елдерінің географиялық, демографиялық және саяси-экономикалық сипаттамасы
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі және сөзжасамдық құрылымы
Үй шаруашылығының ақшалай шығыстары: мәні, құрылымы және сыныптамасы
ТМД елдерінің ішкі сулары: су ресурстарының құрылымы мен гидрологиялық ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық сипаттамасы, экологиялық жағдайы, жер қоры және негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz