Әлеуметтік институттың түрлері


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫ»

Орындаған: Алпысбай Айғаным Ерболқызы

Мамандық: 6В11401 - «Әлеуметтік жұмыс»

Тексерген: Дабылтаева Мақпал Мамедалиевна

Тақырыбы: Әлеуметтік институттар мен процестер

Slide 2

Жоспар

Slide 3

01

02

03

Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Қоғам сөзіне негізгі түсініктеме бергендер көп, соның ішінде:

Макс Вебер- қоғам адамдардың бір- біріне әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыс жиынтығы.

Эмиль Дюркгейм- қоғамның тұтастығының негізі коллективте, жалпыға тән сана деген тұжырым айтты

Парсонс- пікірінше қоғам адамдар арасындағы қарым- қатынас жүйесі, ал ол қарым- қатынас негізі ережелермен құндылықтар болып табылады.

Огист Конның айтуынша қоғамды отбасы, тап және мемлекет құрайды деді.

Карл Маркс- қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесінде пайда болады деді

Slide 4

Әлеуметтік құрылым дегеніміз - қоғамның ішкі құрамы, оның элементтер жиынтығымен олардың арасындағы сан алуан байланысы бар.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын 3 элементке бөлеміз:

ИНДИВИД

ҚОҒАМДАСТЫҚ

ИНСТИТУТ

Slide 5

Әлеуметтік институт- қоғам мүшeлерінің өмір сүруін ұйымдастырылуын реттеп отыруын тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Әлеуметтік институттар көмегімен адамдар арасындағы қарым- қатынастар белгілі бір тәртіппен стандартқа келтіріліп, олардың мінез- құлықтарымен іс- әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.

Slide 6

Қандай да бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған мәртебелердің ірі бірлестігі “әлеуметтік институттар” болып табылады. Арнайы институттармен ұйымдар құра отырып қоғам өзінің өмір сүруінің маңызды салаларымен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылып бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді. Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыс “институтциональді” деп аталады. Ал осы байланыстардың тәртіптелген нормативті сипат беру процесі “инститиуттандыру” деп аталады.

Slide 7

Қоғамды билеу және басқру қызметін жүзеге асырып отырады. Саясат пен заң тәсілі. Саяси социология саясат пен саяси қарым қатынастарды зерттейтін социология саласы.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ОТБАСЫ

САЯСИ

БІЛІМ БЕРУ

ДІНИ

Баланың дүниеге келуі, өсуі

Қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп

Тұрмыстық құрал - жабдықтарды қажет ету

Білім беру, жас ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау

Рухани мәселелер, әділеттік, діни көзқарастар

Әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар

Slide 8

Әр түрлі бағыттағы әлеуметтанушылар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан. Әлеуметтанудағы институционалдық мектеп өкілдері (С. Липсет, Д. Ландберг және т. б. ) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

Slide 9

Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді.

Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталғ

Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді

Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдық нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады.

Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық инститтуттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін күнделікті ұзақ байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

Slide 10

Қорытынды:

Осылайша, әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

Әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері міндеттейтін өздерінің әлеуметтік рөлдері қоғам мүшелерінің орындауы негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін, белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, 2009

Бринкерхоф Д, Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметгану негіздері, 9-баеылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл - 464

https://www. referat911. ru/Sociologiya/leumettk-instituttar-men-leumettk-procester/562287-3336570-place1. html


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институттар
Әлеуметтік институт, оның мәні
Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру
Қоғам және әлеуметтік институттар
СӨЖ САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты
МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
Білімнің қызметтері әлеуметтік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz