Аристотель философиясының ізбасарлары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

АНТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Орындаған: Нурмуханова А. В.

қолданбалы химия

Slide 2

ЖОСПАР:

Пифагор-платондық ғылыми бағдарлама

Демокриттік ғылыми бағдарлама

Аристотельдік ғылыми бағдарлама

Slide 3

Антикалық әлем

Slide 4

Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады».

Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1, 2, 3, 4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды.

Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гүлденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылады және әлемді бейнелеп көрсетеді.

ПИФАГОР

б, з, д,

580-500жж.

1 2 3 4. . .

Пифагордың ең жоғарғы жетістігі - «гипотенузаның квадраты катеттердің квадартының қосындысына тең» деп аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға «Пифагор теоремасы» деп енген атақты дәлілдеуі.

Slide 5

Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырды

сан туралы ғылым

(арифметика)

музыка теориясы

(гармония)

фигуралар жайындағы ғылым

(геометрия)

аспан жайындағы ғылым

(астрономия)

Slide 6

ПЛАТОН

б. з. д. 427-347жж

Сократтың оқушысы ұлы ойшыл Аристокл (б. з. д. 427-347 жж. ) өзінің кең жауырынды болғаны үшін Платон (кең жауырынды) деген лақап атқа ие болған. Өз өмірінде 34 диалог түрінде еңбек жазған және олар біздің күнімізге толық жеткен. Негізгі еңбектері: «Сократты жоқтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т. б.

Платон математикаға үлкен мән берді және математиканы ғылым ретінде өте жоғары бағалады, оны философиямен табысты шұғылдану үшін қажет ғылым деп есептеді.

Платон - объективтік идеализмнің мазмұнын толық көрсетіп,

ғылымға енгізген бірінші грек философы.

“Идея”  Платон философиясының басты ұғымы. Оның мәні:

ой, идея, түсінік, сана әлемдерінің заттар әлемімен салыстырғанда

алғашқы болатындығының мойындалуында.

Slide 7

ДЕМОКРИТ

б. з. д. 460-371 жж.

Левкипп: әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.

ЛЕВКИПП

б. з. д. 460-371 жж.

Демокриттің элеаттардан айырмашылығы - екі бастама - болмыс пен бейболмысты (болмыстың жоқтығын) мойындауы. Ол сезімдік тәжірибеге сүйеніп, дененің, кеңістіктің өмір сүретіні, кеңістіктің бір денені екіншіден бөлектейтіні туралы қорытынды шығарады.

Slide 8

Эпикур

б. д. д. 342-271ж. ж.

Лукреций Карр

б. д. д. 99-55ж. ж

Демокриттің атомистік ілімдарін әрі қарй жағастырған ежелгі грек философы

Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны

Негізгі еңбегі: «Заттардың табиғаты туралы»

Slide 9

АРИСТОТЕЛЬ

б. з. д. 384-322жж

Аристотель Платонның сүйікті шәкірті болды. «Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбатырақ» деген қанатты сөзді айтқан ол, Платон ілімін байыпты сынға алады.

Философияны Аристотель “бірінші философия” және “екінші

философия” немесе метафизика және физика деп бөледі. Оның

пікірінше, метафизика  барлық ғылымдардың арасындағы ең

құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен

дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді.

Перипатеттер мектебі (грек. perіpateo - серуендеу) - Аристотель философиясының ізбасарлары. Аристотель өзінің тыңдаушылармен лицей бағында серуендеп жүріп сабақ беріп, пікір алысуды әдетке айналдырған. Осыған байланысты оларды перипатеттер мектебі деп атаған.

Slide 10

Аристотель бойынша ғылым классификациясы

Философияға кіріспе

Теориялық философия

Практикалық философия

Шығармашылық философия

Slide 11

Антикалық ғылым - адамзат ойының қызықты да, жарқын беттерінің бірі. Философиялық және ғылыми идеялар, концепциялар, теориялар көбінде қазңргң ғылымның іргетасы болып табылады. Олардың кейбіреулері үшмыңжылдықтың барысында талқыланып, шешілді, пікір таластар тудырды, бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ.

Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.

Қорытынды

Slide 12

Пайдаланылған әдебиет:

Кенни Энтони, Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық коры, 2018 жыл - 408 бет.


Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық философияда
Платон туралы
Орта ғасыр философиясы
Араб мұсылман философиясы
Ислам философиясының маңыздылығы жайлы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Философия - барлық нәрсе туралы білім
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Грек философиясының мектептері
Грек философиясының ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz