Өзендердің ластану ерекшеліктері



Қазақстан өзендеріне сипаттама

Жоспары:
1. Өзендерге сипаттама
2. Өзендердің ластану ерекшеліктері

Сырдария өзені
Су лайлылығы 1200 г/м3, Сырдария - республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді. Бүгін Сырдария аңғары - республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Олардың максималды мәні сульфаттар бойынша - 12, 3 есе, нитриттар бойынша - 3, 0 есе, мыс бойынша - 7, 0 есе және магний бойынша - 2, 9 есе нормадан жоғары.

Келес өзені
Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Максималдық мәні бойынша сульфаттар нормадан 12, 3 есе жоғары, магний - 2, 9 есе, нитриттер - 2, 4 есе, мыс - 4 есе. Алайда, соңғы кезде, өзеннің аңғары дақылдар өсіру үшін жыртылып, құм-тасы бей-берекет ойып алынып, оның табиғи берік жағалауы мен түбі мығымдығынан айырыла бастады. Қазіргі кезде алпауыт фирмалар әрбір 6-8 шақырым сайын Келес өзенінің бойынан тасын қазып алып, өңдеп, құрылыс материалына айналдыратын зауыттар салып, шығарған “өнімін” автокөлік керуендерімен Шымкент қаласына, басқа аудандарға күні-түні тасуда.

күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылады.
Іле өзені
су сапасының нашарлауы күріш егу
жат түрлердің инпродукциясы балық қорларының едәуір азаюына
Егін суаруға
мұнай тасымалдау
Қапшағай су қоймасы
Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына қолайлы

Бадам өзені
Түбінің тасын алудың нәтижесінде арнасы тереңдей бастаған Бадам өзенінің кебін кидірмеу үшін оның Сайрамнан қосылатын тармағын тереңдетпеу үшін жасалған тосқын (Шымкент-Ленгер көпірі) . Түбінің тасын алу нәтижесінде пайда болған жер бедері. Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Нұра өзені
Нұра өзенінің ластануы Теміртауда осыдан 50 жылдам астам уақыт бұрын синтетикалық каучук зауытын салудан бастау алды. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда.
Көптеген ауыл шаруашылық әрекетімен байланыстағы компоненттер ластану көздері, яғни қатты қалдықтар, қидың қалдықтары тыңайтқыштардың, токсикалық пестицидтер гербицидтер қалдықтар орындары.
Нұра өзеніне сол жерде орналасқан өндіріс орындарынан атмосфераға газ тәрізді заттар, яғни күкіртті ангидрит, күкірт сутегі, көміртегі тотығы, фенол аммиак, форматигид, көмір сутек және тағы басқа улы химиялық заттар тасталынады.

Елек өзені
Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі - Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады. Елек өзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай өнімдері болып отыр, ал ластаушы көздер бұрынғы Ақтөбе химия зауытының шлам, сонымен бірге Елек өзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге қарсы қалқасы жоқ .
Жер асты горизонтында 890 тонна бор жиналған. Қазіргі уақытта өзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32, 5 км2 жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр. Бордың санитарлы - уландырғыш 2 класс көрсеткішіне сай келуі және оның шектеулі жіберілген концентрациясы мөлшерінің шектен тыс көп болуы флораға, фаунаға және адам денсаулығына өте зиянды. Мәртөк тұсындағы Елек өзені бойында құм алуға арналған ойпаттар пайда бола бастапты. өзен аңғарында жаңадан тұтас құмды аралшық пайда болды.

Жайық өзені
Өзен суы біршама лайлы. Судың құрамындағы әр түрлі шайынды жыныстардың мөлшеріне қарап оның лайлануын анықтайды.
Жайыққа Көшім саласының қосылар жерінде судың лайлануы бір текше метрде 290 грамм. Осы жердегі қатты шайынды жыныстардың мөлшері жылына 1900 мың тоннаға тең.
Өзен суының химиялык, құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым болып келеді. Соңғы жылдардағы құрғақшылық және шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азаюына әкеліп соқтырады.

Ертіс өзені
Өзен алабында Қазақстан аймағында 53 өнеркәсіптің пайдаланған қалдық сулары ағызылады. Бір жылда түсетін қалдық сулардың мөлшері 1, 3 млрд. м³ - ті құрайды, оның шамамен 10 %-ы ешқандай тазаланбай, ал 30 %-ға дейінгісі жартылай, толық тазалаудан өтпеген күйде түседі.
Ертіс өзені алабының суы республика бойынша ең ластанған және тұрғындар денсаулығына қауіпті өзендердің бірі болып саналады. Өзендердің түбіндегі шөгінділерінің де қатты ластанғандығы анықталған. Ертіс өзені алабының бойында орналасқан 10 мың стационарлық көздерден түсетін қалдық заттардың жалпы мөлшері жылына 240 мың тоннадан асады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz