Алаш және Түркістан автономиясы
Презентация қосу
Алаш және
Түркістан
автономиясы
Түркістан автономиясы
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-
өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті
құрамында құрылған автономиялы мемлекет.
1917 жылы қарашада Түркістан автономиясының Уақытша Үкіметі құрылды. Бас министр
Мұхамеджан Тынышбаев, ол отставкаға кеткеннен кейін Мұстафа Шоқай бекітілді.
Түркістан автономиясының жариялануы мен оның екі ай шамасында болса да өмір
сүруінің тарихи маңызы түрік халықтарының өзін-өзі билеуге бағытталған нақты қадам
жасауында, өз тағдырын өзі шешуге құқылы екендігін әлем жұртшылығына паш етуінде
болса керек. Бұл мемлекеттік құрылымның басшысы және идеологы, сондай-ақ Түркі
әлемінің бірлігі мен тәуелсіздігі жолында жанын да пида еткен М.Шоқайдың азаматтық
тұлғасы айқындала түседі.
Зиялы өкіледері
Махмуд Ходжа Мұстафа Шоқай
Мұхаметжан Тынышбаев
Алаш автаномиясы
Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз
республикалық мемлекеті
Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды.
Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін
болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды
Алаш автономиясының жетекшілері Кеңес үкіметінің қазақ халқына бостандық бермейтінін түсінді. Сондықтан
Азамат соғысы (1918-1920 жж.) кезінде Кеңес құрылысына қарсы күштермен одақтасуды көздеді. Алаштықтар
Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен қатынас орнатты. Оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініш
жасап, Алаш автономиясына әскери жаттықтырушылармен, қару-жарақпен қамтамасыз етуде көмек көрсетуін
сұрады.
Алайда бұл үкіметтер «Алаш автономиясының» өзін өзі басқару ниетін қолдамады. Осылайша, Кеңес үкіметі
құлатылған жағдайда Алаш автономиясының ұлттық мемлекеттілігіне қол жеткіземіз деген үмітінің ақтала
қоймайтыны белгілі болды. Сол үшін де Алаш автономиясының Кеңес үкіметімен келісімге келуіне тура келді.
Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш қайраткерлеріне кешірім жариялағанымен, 1920 жылы
Алаш автономиясын таратып жіберді.
Зиялы өкілдері
Алашорда үкіметі халық кеңесінің
мүшелері : Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан , Жақып Ақбаев , Отыншы
Әлжанов , Садық Аюкеұлы ,Ахмет
Қорғанбекұлы, Халел Досмұхамедов ,
Базарбай Мәметов , Мұстафа Шоқай ,
Жұмабаев Мағжан , Байтұрсынұлы
Ахмет
Алаш қозғалысының төл
перзенті
Түбі бір түріктің бірлігі мен тәуелсіздігі жайында басын бәйгеге
тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұраты жолына арнаған
Мұстафа Шоқайдың сан қырлы қайраткерлік тұлғасы күн өткен
сайын асқақтай бермек.
Мұстафа Шоқай – бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы
түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған тұңғыш
эмигрант күрескер, саяси қайраткер. XX ғасырдың басындағы төл
тарихымызға есімдері алтын әріппен мәңгілік жазылған
ұлтымыздың алыптарының қазақ әлеміне шоқ жұлдыздай
жарқырай шығуы – елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен тығыз байланысты болатын. Алаш алыптарының
тобында Мұстафа Шоқай орны бөлек.
Әлем таныған тұлға
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығып,
Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып,
кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27
желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда көз жұмады.
Мұстафа Шоқай — өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі мен айрықша
адалдығын өз өмірінде, күрес үстінде сан рет дәлелдеген аяулы тұлға. Ол тар
шеңбердегі ұлтжандылыққа еш уақытта бой алдырмаған, «ру, ұластарға бөліп»,
халықтың ішіне іріткі салатын психологиядан өзін әркез алшақ ұстаған. Ел
ішіндегі бірлігіміз бен ынтымағымызды арттыра түсу бүгінгі Қазақстан
жағдайында да айрықша мәнді болып отыр.
Мұстафа Шоқайдың есімі қоғамымыз демократиялық ұстанымда ілгері
жылжыған сайын шамшырақтай жарқырап, халқына қызмет етіп, оның жер
бетінде қазақ барда мәңгі өлмейтін саяси идеялары мен ой-пікірлері бүгінімізді
байытып, келешегімізді кемелдендіре түсері сөзсіз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz