Нерв және эндокринді жүйелердің байланысын жүзеге асырып гормондар бөлетін гипоталамустың нейросекреторлы жасушалары


Slide 1

Эндокриндік жүйе құрылысының иерархиялық жүйесі. Гипоталамус, гипофиз, эпифиз - бездер әрекетін реттейтін орталық буын

Орындаған: Мұсылман Аружан омк-93

Тексерген:Алимов Архат Аликович

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университтеті

Slide 2

Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ;

Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ;

Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі) .

Slide 3

Гормон дегеніміз -( гр. hormao - қоздырамын, қозғаймын ) - эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсеңдетеді не үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, зат алмасуға, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтері де гормонның әсері. Гормондарға тән қасиет-олар белгілі бір жасушаларға әсер етеді. Ал бұл жасушалардың өзіне қажетті горионды танитын рецепторлары болады. Гомондардың көбі-белокты пептидтер, олигопептидтер, гликопептидтер, ал біразы амин қышқылдарының туындылары мен стероидтар жыныс гормандары болып саналады.

Slide 4

Гипоталамус-эндокринді бездердің қызметін реттейтін ең маңызды нерв жүйесіндегі орталық.

Нерв және эндокринді жүйелердің байланысын жүзеге асырып гормондар бөлетін гипоталамустың нейросекреторлы жасушалары. Гипоталамус ядролары- мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұрзаттық орталықтар. Гипоталамустың сүрзаттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі - нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролардан тұрады. Супраоптикалық ядроларының құрамында ірі холинергиялық нейросекреторлы нейрондар болады. Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин және окситоцин гормондары жатады. Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бұлар мүшелер құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтары мен қабаттарына әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін - холинергиялық нейроциттерге жатқызады.

Slide 5

Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.

Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметі симпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды - адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі - аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін күшейтетін - либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған қызметті баяулататын - статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

Slide 6

Гипофиз-адам ұрығының 4-5аптасында эктодермадан немесе ауыз қуысының гипофиздік қалташығымен мидың түбінен пайда болған нейрогипофиздің өсіндісінен дамиды.

Құрылысы. Сырты талшықты капсуламен қоршалған. Капсуладан көптеген перделер тарап, гипофизді 3 бөлікке бөледі. Олар:алдыңғы аденогипофиз, ортаңғы және артқы нейрогипофиз деп аталады. Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті ( нәруызды ) .

-Алдыңғы бөлігі-эпителиальді жасушаларының бауларынан түзілген, арасында өте жұқа дәнекер тінді перделер мен синусоидты капиллялары бар аденоциттер.


Ұқсас жұмыстар
Қалқанша маңы бездері
Аңдардың ішкі секреция бездері
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Эндокринді жүйе гормондары
Бүйрек үсті безі
Қалқанша без функциясы
Эндокринді жүйе
Гормондардың биохимиясы. Гормональді реттелу бұзылыстары. Заттар алмасуының гормональды реттелуі
Гормондар туралы ақпарат
Эндокриндік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz