Организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары


Slide 1

Ш. Ж. Қ «Талдықорған жоғарғы медициналық колледжі» М. К. К Тақырыбы: Организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Жас кезеңдерінің жіктелуі. Биологиялық жас. Биологиялық жасты бағалау критерийлері.

Орындаған: Амангелдинова. Ж. Е

Тобы: СД211

Тексерген: Каримова. Н. К

Slide 2

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары

Жас кезеңдерінің жіктелуі

Биологиялық жас

Биологиялық жасты бағалау критерийлері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

КІРІСПЕ

Жас ерекшелік физиологиясы адамның жеке басының өмір сүруінің (онтогенезінің) әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын, морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, өсу мен дамудың жалпы заңдылықтарын, қызмет атқаруын реттейтін физиологиялық механихзмдерді, тіршілік ету ортасындағы алуан түрлі өзгерістерге организмнің бейімделуінің қалай іске асатындығын, организмді құрайтын жүйелер (жүйке жүйесі, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу, сыртқа шығару, сенсорлық жүйе) қызметтерінің мәнісін, олардың денсаулыққа қатысты орындары мен маңызын зерттеп, зерделеп түсіндіреді. Денсаулық ойдағыдай дұрыс қалыптасып, сақталуы, оның нығаюы үшін әрбір организмнің барлық физиологиялық көрсеткіштері адам жасының кезеңдерінде тиісті, қажетті деңгейлерде болуы шарт. Бұл көрсеткіштерді (қай пәннің маманы болмасын) саналы түрде білсе, ол өзіне тиесілі оқу-тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі жүргізеді, яғни қажетті пайдалы нәтежиеге қол жеткізеді. Бұл мақсатқа мектеп гигиенасын (оқушы мен оны қоршаған орта өзара қатынастарын, олардың жасқа байланысты ерекшеліктерін зерттейтін ілім) меңгеру зор көмегін тигізеді. Ғылыми негізделген гигиеналық талаптар мен нормативтерді орындау арқылы оқушылар денсаулығын нығайтуға бағытталған дене шынықтыру, сауықтыру іс-шараларын тиімді жүргізуге болады, баланың жан-жақты үйлесімді өсуі мен дамуына іс жүзінде көмектесуге мүмкіндік туады.

Slide 4

Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.

Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.

Slide 5

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.

2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.

3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.

4. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

5. Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

Slide 6 Slide 7

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

Slide 8

Жас кезеңдері

Жас кезеңдерінің ұзақтығы

1

Жаңа туған сәби

1-10күн

2

Нәрестелік шақ

10 күн -1 жас

3

Сәбилік шақ (ерте балалық)

1-3 жас

4

1-ші балалық шақ

4-7 жас

5

2-ші балалық шақ

8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар

6

Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ

13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар

7

Жігіттік, бойжеткендік шақ

6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер

8

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы

21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер

9

Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы

36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер

10

Егде жас

55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер

11

Қариялар немесе кәрілік

75-90 жастағы әйелдер мен ерлер

12

Ұзақ өмір сүрушілер

90 жас және одан жоғары

Slide 9

Биологиялық жас (анатомо-физиологиялық) - организмнің биологиялық жағдайының белгілі бір даму деңгейіне, яғни белгілі бір паспорттық жасқа айырықша тән болатын физиологиялық жүйелердің негізгі көрсеткіштері мен денсаулықтың сандық сипатының сәйкестігі. Биологиялық жас - уақыт кезеңіндегі биологиялық мүмкіндік­тердің өзгеру өлшемі, өмірге қабілеттіліктің, болашақта қаншалықты өмір сүретіндіктің өлшемі. Биологиялық жас әр түрлі жүйелердің қызметтік жағдайын топтама сипаттау негізінде, организмнің зат алмасу, құрылымдық, қызметтік, реттеушілік ерекшеліктері жиынтығымен, сондай-ақ, қартайған организмнің бейімделушілік мүмкіндігін бағалау негізінде де анықталады. Ол хронологиялық жасқа сәйкес келмеуі мүмкін: егер биологиялық жас күнтізбелік жастан анағұрлым артта қалса, онда ұзақ өмір сүру мүмкіндігін болжауға болады. Ал егер күнтізбелік жастан анағұрлым алға түссе қартаю ерте дамиды.

Slide 10 Slide 11

«Қысу» тесті. Бұл тест сіздің теріңіздің жасын анықтауға көмектеседі. Үлкен сұқ саусақпен алақанның сырт жағынан қысып, созған күйі 5 секунд шамасында ұстап тұру қажет. Теріңізді босатқаннан соң, оның ізі қанша уақытқа дейін сақталғанына көз жіберіңіз. Жастарда бұл процесс тек 5 секундқа ғана созылады да, қайта тез қалпына келе қалады. Ал қартаң тартқан адамдарда 30-50 секундқа дейін тұрады.

«Ләйлек күйі» тесті. Ол үшін сіз көзіңізді тарс жұмып алып, қолыңызды жаныңызға ұстап, тек бір аяқпен ғана ұзақ тұруыңыз керек. Ұзақ болғанда да, әрине, шамаңыздың келгенінше осы күйіңізді сақтап тұруға тырысыңыз. Бұл тест арқылы сіз өзіңіздің тепе-теңдік қалпыңызды қалай сақтай алатыныңызға көз жеткізесіз. Жас адамдар осы күйде 30 секундтан көп уақытта тұра алса, қартаң тартқан жандар тек 5 секундқа ғана әрең шамалары жетеді.

Газет арқылы анықтау. Бұл тест арқылы сіз өзіңіздің көз көру қабілетіңізді тексере аласыз. 21 жастағы адам газеттегі жазуды 10 сантиметр қашықтықта оқи алады. Көз көру қабілетін анықтау үшін газетті өзіңізден алшақтата беріңіз. Осы арқылы адамдардың көзінің қаншалықты деңгейде көретінін оңай анықтауға болады.

Slide 12

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСЫНА АНЫҚТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

хронологиялық жасы паспорттық деректер бойынша анықталған болса, онда түрлерін қолданып жеке жасы жағдайын бағалауға болады. талдау критерийлер бойынша жүргізілді:

қайталама жыныстық сипаттамалары қалыптастыру негізінде бағаланады кемелдену;

қаңқасының сүйектенуге дәрежеде байланысты Қаңқалық кемелдену;

стоматологиялық өтеу мерзімі, тіс тозу, тұрақты және жапырақты тіс саны талданады.

Морфологиялық өтеу мерзімі төзімділік, тірек-қимыл жүйесінің, қозғалыстар үйлестіру қалыптастыру негізінде анықталады. сарапшылар Оның бағалау аяқ үдемелі қалыптастыру кезінде баяу өсуі мойын мен бас кезінде орын дененің тепе өзгерістер негізінде береді.

Slide 13 Slide 14

auxology толықсын қанағаттандыратын, ол биологиялық жасы әр түрлі қиындады. стоматологиялық қатар, сүйек жасы жыныстық дамуы, физиологиялық және морфологиялық өтеу мерзімі, психикалық және психологиялық көрсеткіштер бағаланады.

дауыс Мутация, етеккір циклінің басталуы, сүт бездерінің дамуы, тік ішек шаш пайда: Жыныстық жетілу жыныстық сипаттамалары даму деңгейіне негізінде талданады.

пайдаланылатын кемелдену көрсеткіштерін биологиялық жасын талдау кезінде дененің нақты физиологиялық жүйелердің тән.


Ұқсас жұмыстар
Малдың өсіп жетілуі
Жас кезеңдері
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Қартаюдың молекулярлы генетикалық механизмдері
Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік - саяси көзқарастар жүйесі
Жынысты жасқа дейін
Қойдың дене бітімі, сыртқы пішіні, ішкі құрылысы, биологиялық және өнімдік ерекшеліктері
Эпохальды акселерация
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Өсу даму антропометриясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz