Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері



Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері.
Презентация
Орындаған: Орынбеков. М
Қабылдаған:АЛИМТАЕВА. К

СТАТИСТИКА
Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

Статистиканың материалдық бөлімі деректі сандардың жиынтығынан тұрады. Ал медициналық статистиканың материалдық бөлімі тұрғындардың денсаулығы туралы деректі цифрлар жиынтығынан құралады. Медициналық статистика тек кана ғылыми немесе пөндак бағыт емес, сонымен катар қоғамдық тәжірибе. Оның көмегімен медицина мекемелері есепке алу және есеп беру жұмыстарын атқарады. Есепке алудың терең мағынасы бар. Ол есепке алудың жоспарлаумен тығыз байланысты бірыңғай жүйесі.

Есепке алудың түрлері
Оперативтік
бухгалтерлік
статистикалық

Медициналық статистика жалпы статистика ғылымының негіздеріне жүгінеді. Ол үш бөлімнен тұрады:
Денсаулық статистикасы
Клиникалық және экспериментальдық зерттеулер статистикасы
Денсаулықты сақтауды басқару статистикасы

Медициналық статистикада статастиканың озге салаларына қарағанда «Үлкен сандар» заңдылығын жиі қолданады. Ол мынандай жағдайларда кездеседі:
Аз көлемдегі бақылауды жүргізгенде;
Орта керсеткіштерді сараптап, олардың арақатынасын анықтауда;
Зерттеулер өте аз бақылауға сүйене жургізілген жағдайда.

Тұрғындардың денсаулығын анықтау барысында олардың саны мен құрамы, өсімi мен омірінің ұзақтығы, жеке аурулардың таралуы, мүгедектің деңгейі және жеке адамдардың физикалық дамуы туралы деректерді жинап зерттеу жургізеді. Оның барысында денсаулыққа қоршаған ортаның зиянды заттарының тигізетін әсерін анықтайды. Осы корреляциялық байланыстарды жете білу денсаулықты күшейтуге бағытталған шараларды жетілдіруге көмектеседі.

Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар:
емдеу - алдын-алу мeкeмeлepінiң статистикасы
санитарлық және эпидемияга қарсы күресетін мекемелер статистикасы
әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы
медицина кызметкерлерінің статистикасы

Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды.

Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы көптеген статистикалық қимылдардан құралады.

Статистикалық әдістеме
зерттеулердің жоспары мен бағдарламасын жасау;
статистикалық бақылау мен есепке алуды ұйымдастыру;
статистикалық топтау, өңдеу, жинактау және материалдарды есептеп ыңғайлау;
талдау, тұжырым шығару, жұмысты жақсартуға ақыл қосу және алынған зерттеудің қорытындысын күнделікті жұмыска енгізу

Статистикалық жиынтық
Статистикалық жиынтық дегеніміз - сапасы жағынан бірыңғай деректердің, жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы.
Статистикалық жиынтыктың жеке деректері, көріністері - бақылау көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін - есепке алынатын белгілер деп атайды.

Статистикалық есептеу
Статистикалық есептеу - қорытындылау және оны таблица түріңде көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдарды талдау барысында абсолюттік сандардан - жалпылама көрсеткіштер жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта сандар жатады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz