Адвокаттың құқықтарымен міндеттері


Slide 1

Адвокаттың құқықтарымен міндеттері

Орындаған: Мейрамбай Думан

Тексерген: Мауяева Сандугаш

Slide 2

Жоспар :

Адвокаттар алқасының міндеттері.

Адвокаттың құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасындағы нотариус құқықтары мен міндеттері.

Slide 3

Адвокат өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеғе асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, сондай-ақ заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес құруға құқылы. Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі бо­луға тиіс.

Slide 4

Адвокат өзінің кәсіби міндетін атқару кезінде:

Заңнама нормаларын дұрыс және дәл қолдануға тиіс

Қоғам мүддесіне қайшы келмейтін азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау ғана ортақ мүддеге сай келетіндігін ескеруге тиіс

Slide 5

1) Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті;

2) Егер адвокат осы іс бойынша мүдделері көмек сұрап өтініш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті;

3) Адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ;

4) Іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жа­саған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады;

5) Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойын­ша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда алған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті;

6) Адвокатқа мемлекеттіқ қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Slide 6

Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады. Адвокаттар алқасы жеке және заң­ды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, осы заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

Slide 7

Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері:

1) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау;

2) алқа мүшелерінің қызме­тін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық камтамасыз ету;

3) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіптік бақылауды ұйымдастыру;

4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заң көмегін көрсету мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Slide 8

Адвокат кәсіби мінез-құлықты ережелерінің рухын әрдайым ұстау керек. Оның негізгі қағидалары:

жеке адвокаттың тиіссіз міне-құлықтары адвокатураның және сот төрелігі жүйесінің қоғам алдындағы беделіне зиян келтіруі мүмкін.

Адвокат сот жүйесіне өзгертулер туралы адвокаттың өзінің және де заң кәсібінің, сондай-ақ сот төрелігінің қоғам алдында беделін түсіретін пікірлер мен ұсыныстардан қашу керек.

Slide 9

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қала­ның, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.

Облыстың, республикалык маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты та­лап етілмейді. Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзі құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.

Облыстағы жағдайындағы міндеттері

Slide 10

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттык іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Slide 11

Нотариустың құқықтары:

1) Өзіне жүгінген жеке және заң­ды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) Мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

3) Құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;

4) Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріңде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге;

6) Ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айна­лысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға құқылы.

Slide 12

Нотариустың міндеттері:

1) Осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;

3) Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байла­нысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;

4) Қазақ­стан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

5) Кәсіптік әдепті сақтауға;


Ұқсас жұмыстар
Адвокаттардың заңды көмегі
Адвокатура алқасы
1671 жылы Локк ағылш
Адвокат. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
АДВОКАТ ЭТИКАСЫ
Адвокаттың соттық сөйлеуі
Жаңақала аудандық ауруханасы МКК
ШТАТЫНЫҢ АДВОКАТТАР
Қазіргі әлемде заң кеңесшісі - Әдетте юриспруденция ұйымның құқықтық бөлімінің саласында жоғары білімі бар қызметкері
Әкімшілік құқықтың субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz