Жартасты бәтеңке




Презентация қосу
Дәріс – 6.
Белсенді туристік
саяхатқа арналған құрал-
жабдықтардың жалпы
сипаттамасы
Дәріс мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі
теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын
ашып көрсету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Туристік құрал-жабдық» анықтамасының басты белгілері және
оларға қойылатын басты талаптар.
2. Жеке құрал-жабдықтар және оның түрлері.
3. Таулы, жаяу және сулы саяхатқа арналған жеке құрал-
жабдықтардың түрлері.
4. Шаңғымен саяхат жасау барысындағы жеке құрал-жабдықтардың
ерекшелігі.
Театр ілгіштен,қала вокзалдан басталады
деп айтылады,ал тауға жорық құрал-
жабдықтан басталады десек артық болмас.

Тау туризміне немесе альпинизмге
әуесқойлық танытуда сіздің алдыңызда
негізгі мынадай сұрақ-жабдықталу сұрағы
туындайды,бұл жерде тек тау бедерінің әр
түрлі формаларынан өтудегі қауіпсіздік
мәселесі тұр.
Пайдалану сипаты бойынша құралдар жеке
және топтық деп бөлінеді.

Ал туристік құрал-жабдықтарды пайдалану
мүмкіншілігі бойынша төмендегідей бөлініп
қарастырылады:

Қозғалыс құралы

Түнеу немесе демалысқа Жүкті тасымалдау
қажет жабдықтар құралы

Қосалқы жабдықтар Арнайы жабдықтар
Қозғалыс құралдарына шаңғы, жүзу құралдары (қайық,байдарка,сал,катамаран),
велосипед, мотоцикл, автокөліктерді жатқызамыз.
Жүкті тасымалдау құралына-жолдорбалар,шана,нарта,жобалардың әр
түрі,велосипедті және су жорықтарындағы басқа да жүктік қаптамалар,дөңгелекті
көліктерге арналған тіркемелер жатады.
Түнеу немесе демалысқа қажет жабдықтарға шатырларды,түнемел қаптарды,
төсемелер, от жағу жабдықтарын, жанармай құюға арналған канистрларды, асты
әзірлеуге арналған ыдыстар мен саймандарды (балта, ара, күрек) жатқызамыз.
Арнайы жабдықтарға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған алуан түрлі
құралдар: арқан, ырғақ, ілмектер, альпеншток, мұзжарғыштар, жартасқа және мұзға
арналған балғалар, сақтандыруға арналған әр түрлі заттар(қысқыштар,тежегіш
құрылғылары) жатады.
Қосалқы жабдықтарға:жөндеу жұмыстарына және жарықтандыруға арналған
құралғылар (қолшам,шырақ), фото-құрылғылар және кинокамера, өндірістік,
ғылыми және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің тапсырысы бойынша
жоспарланған құралдар жатады.
Шатырлар
Негізінен шатырлардың жалпы
қолданысқа арналған (туристерге,
балықшыларға,демалушыларға) әмбебап
түрлері шығарылады. Жылуды
оқшаулайтын сипаттамасы бойынша:
жалаң қабатты және екі қабатты.Төбенің
геометриялық формасы бойынша:екі
жаққа ойыс,күрделі(соның ішінде«чум»
түріндегі),қақпалы(«ангар» түріндегі)
Сыйымдылығына тоқталсақ ең ұтымды
нұсқасы–еден ауданы 200x120см немесе
200х160см болатын үш немесе төрт
орынды шатыр.
Түнемелі қаптар
Сатылатын қаптар ішінде тау
жорықтарына тек қана қап-көрпешелер
ғана әр түрлі синтетикалық
жылытқыштар мен жасалған көрпе
қолдана алады.Олар жылы аудандардағы
орташа атаулы өлкелердегі саяхатты
толық демалыспен қамтамасыз
етеді.Түнемел қаптардың құрылымдары
әр түрлі болады,қап ұзындығы адам
бойынан 25 см-ге ұзын болу керек.
Маталар
Жылытқыш ретінде түбіттерді
пайдалану аса тиімді,әдетте тек
қана су құстарының түбіттері
қолданылады(үйрек,қаз,гага).
Тауық түбіті май іркілген
жамылғысы жоқ және су болып
қалғаннан кейін ұзақ
кебеді,содан жағымсыз иіс
шығарып,шіри бастайды.
Соңғы кездері туристер
қолданысында (әсіресе
шаңғышыларды) әр түрлі
синтетикалық толтырғыштар
танымал бола бастады:
синтепон, нитрон және т.б.
Жолдорбалар
Жолдорба – саяхаттаушылардың барлығын біріктіретін нысан ретінде жорық құрал-
жабдықтарының ішіндегі ең қажеттісі, ыңғайлы, әдемі,жеңіл және сыйымды жолдорба
кез келген туристің арманы. Жолдорбаларды таңдауда негізге алу керек болатын
бірнеше қағидаларды атап өтейік:
-нақты адамның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жолдорбаның құрылымын
сәйкесінше таңдау;
-жүкті тасу барысында энергия шығынын максималды түрде төмендету;
Дауылды костюм
Дауылды костюм-су өткізбейтін, желден қорғайтын күлпарасы бар кеудеше
және тартпалары бар жартылай комбинезонды ұзын шалбар. Альпинист киімі
қозғалыс барысында қысылмай жүретін ыңғайлы, мықты, жылы, жеңіл, жел
өткізбейтін және жақсы желдетілетін болуы тиіс. Мұндай киім үшін ең жақсы
материал түрі - Polar және Gore-Tex.
Түбіт кеудешесі.
Түбіт кеудешесі-әр түрлі пішіндегі түбіт немесе синтетикалық материалдардан
ыңғайлы етіп сырылып тігілген кеудеше. Мұндай костюмдардың жоғарғы қабаты
капроннан немесе «болонья»,репс,перкаля сияқты суды сіңдірмейтін маталардан
өндіріледі. Мұндай маталар өзінің аз салмағымен қатар үлкен беріктігімен су мен
желден қорғайтын ерекшелігімен тиімді.
Мұз шапқыш
Мұз шапқыш-альпинистің негізгі құралы. Болаттан жасалған бастан
тұрады, металл стақаны және алмастан найзасы бар ағаш немесе
дюральюмин сапқа бекітілген. Сап әр түрлі формада болады. Тұмсық,
қалақша, стақан, найза термиялық өңдеуден өткізіледі. Мұз
шапқыштың ұзындығы 60-90 см болады.
Жалаң қабатты бәтеңке
Биік тауға шығуға арналған бәтеңкелер
қазіргі заманауи жеңіл материалдардан,
табаны қатты әрі тығыз, жіліншілігі ұзын етіп
тігіледі. Бет пішіні бітеу етіп тігілгендігі
ылғалдың енуіне кедергі болады, ал қатты
шұлық саусақтарды жараланбайтындай етіп
қар және фирндерден баспалдақтарды оюға
мүмкіндік береді.
Екі қабатты бәтеңке
Екі қабатты жылы бәтеңкелер биік шыңға шығу үшін
қолданылады. Оларды су өткізбейтін төсеммен және
тоз ұлтарақпен қамтамасыз етеді.
Жартасты бәтеңке
Жартасты бәтеңкелер тұмсық жаққа тіректі жеңілдете
түсетін қатты ступинаторы бар баскетбол кедилерін еске
салады. Аздап бұрмаланып келген (протекторлы типтес)
арнайы резеңкеден жасалған табаны галош іспеттес.
Көптеген жартасқа өрмелеушілер жалаң қабатты шұлық
үстінен галошты киіп қолданады.
Арнайы құрал-жабдықтар
•Альпинистік арқан - капрон, нейлон және тағы да басқа синтетикалық
талшықтар өрісімен жасалады. Арқан альпинист үшін ең маңызды құрал
болып табылады.Синтетикалық талшықтар ылғалды аз сорады, икемді,
қатты керілісте жақсы амортизацияланатын және үзілу барысында арқан
диаметрі 10-11 мм болғанда 1600-1900 кг. салмаққа шыдайды. Жарқын
түрлі-түсті арқандарды пайдалану ыңғайлы-олар жартастарда жақсы
көрінеді және күрделі өрмелеуде бағдарды жеңілдетеді.
Жартасты және мұзды ілмектер.
Оларды жартастарға қаққанда жасанды тірек нүктелерін пайда болады,бұл нүктелер
пайда болады,бұл нүктелер құламалар мен тегіс плиталар бойынша өрмелегенде аса
қажет.Олар маршруттың күрделі жерлерінен өткенде сақтану үшін және альпинистер
байламдарының сақтығы үшін, сондай-ақ құламалардан өтуді ұйымдастыруда қажет.
Жарықтардың көлемі мен орналасуына, жартастар сипатына байланысты
өрмелеушілерде ұзындығы, қалыңдығы, ені мен формасы әр түрлі жартасты
ілмектерді болу қажет. Қағуға арналған ілмектер тік және көлденең деген түрлерге
бөлінеді.
Френды

•Кепілдік элементтері - жартасты бедерлерде сақтандыруды
қамтамасыз ету үшін қажет. Өзінің конустық формасының
арқасында сызаттарда берік сыналады,1800 кг дейінгі салмаққа
шыдайды.Жұдырықша түріндегі кепілдік элементтер де бар ол
френды деп те аталады.
Шың балға
Шың балғалар ілмектерді қағу
үшін ғана емес, сақтандыру ды
ұйымдастыруда тасты
шошақтарды өңдеу үшін де
қызмет көрсетеді. Балғаның
металл басы ағашты сапқа
орнатылып, бұрандамалармен
қағылып бекітілген. Саптың
саңылауына білтеден немесе
репшнурдан жасалған ілмек
өткізіліп, иыққа киіледі.
Айсбайль
Айсбайль-қысқартылған
мұзжарғыш пен балғаның
қисыны. Мұзды
баурайлардан сатылар мен
ілмектерді қағу үшін
қолданылады, өзіңмен
бірге балғаны тасып
жүруден босатады.
Карабин
Карабин - арқанмен жұмыс істегенде байланыстырушы буын (ілмек-
карабин - арқан, белдік-карабин-арқан т.с.с.).Карабин әр түрлі формада
беріктігі жоғары қоспалы болаттан,титанды,кей жағдайда дюралюминді
балқытулардан жасалады. Карабин қимасы 10-11мм болады. Кей жағдайда
жеңілдік үшін карабиндерді максималды жүктемелерді көтере алатындай
етіп,Т-үлгіде істейді.
Баспалдақ
Жасанды тірек нүктелерін пайдалана отырып өрмелеу және күрделі
дуалдардан өту техникасының дамуы арнайы құра-саймандар қатарының
пайда болуына алып келді.Оған репшнурмен бірлескен, 2-3 салмалары
бар баспалдақтарды жатқызамыз. Баспалдақтар дюралюминді,
бұрыштардан, швеллерден,түтіктен жасалады.Жоғарғы жағындағы екі
репшнур карабинде бекітілген бір топсаға келіп бірігеді.Сатылар
ұзындығы 15-17мм.
Қысқыштар
Қысқыштар – бекітілген арқан бойымен көтерілу үшін
қолданылатын құрал, ұстап тұратын түйін рөлін атқарады.
«Жұмыр» типіндегі жұдырықша қысқыштар мен қолданғанда
өте тиімді конструкция болып табылады.
Альпинистік кошкалар
Альпинистік кошкалар – мұзды және фирн
баурайлары бойынша қозғалысқа арналған құрал-
саймандар.12 тісті етіп, болаттан немесе титаннан
жасалады. Алдыңғы тіс жұптары ілгергі қарай
орнатылған. Ұзындығы бойынша ыңғайлы етіп
қалыпқа келтіру жүйесі, оны кез келген еркек және
әйел бәтеңкелерінің барлық өлшемдеріне
қиыстыруды қамтамасыз етеді.
Әр мұзды маршруттарға шығу барысында
кошкалардың тістерін тексеріп, қайрау қажет:
алдыңғы және артқы тістерін-кошканың білігіне
көлденең,өзге тістерін бойлай қайрау керек.Кейбір
кезде 14 тісті кошкалар да қолданылады.
Бақылау сұрақтар:

•"Туристік құрал-жабдық" анықтамасының басты
белгілері және оларға қойылатын басты талаптар.

•Жеке құрал—жабдық және оның түрлері.

•Таулы саяхатқа арналған жеке құрал-жабдықтар.

•Жаяу және сулы саяхатқа арналған жеке құрал-
жабдықтардың ерекшелігі.

•Шаңғымен саяхат жасау барысындағы жеке құрал-
жабдықтардың ерекшелігі.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Бесекей Е., Сaйдyллaев С.З. Белсендi тyризм әдiс-тәсiлдерiнiң
негiздерi. Oқy құрaлы. Aлмaты 2012 ж.
2. Вуколов В.Н. Основы техники и тактики активных видов
туризма. Алматы, 2008г.
3. География туризма [Текст] : учебник / ред. : А. Ю. Александрова.
- М. : КНОРУС, 2008. - 592 с. - ISBN 978-5-85971-736-1 : ХР (7).
4. Колбовский, Е. Ю. Экологический туризм и экология туризма
[Текст] : учеб. пособие / Е. Ю. Колбовский. - М. : Академия, 2008. -
256 с. - (Высшее проф. образование). - ISBN 5-7695-2774-9 : ХР (2)
5. Туристский справочник-KZ 2007: Казахстан. Регионы. Страны
мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные
аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы :
Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)
6. В.А.Кораблев, И.С.Иванов. Водный туризм в Семиречье.
Алматы, 2009г.

Ұқсас жұмыстар
Марқакөл қорығы
Емдік қасиеті
Марқакөл көлі
ДИАЛЕКТ СӨЗ КІРМЕ СӨЗ
Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану
Кірме сөздер жайлы
Ағаш тара
Әдемі болу өнері
Ақсу-Жабағылы қорығы туралы
Бурабай көлі
Пәндер