ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ГЕНДЕРЛІК БАҒЫТЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дайындаған:Махмутова Азиза, КО-93

Антропоцентрлік парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді.

ТМД елдерінде гендерлік топшылаулар, ой-тұжырымдар 1990 жылдарда пайда бола бастады. Ресейде М. Арутюнян, Т. Рурко, А. Клецин, О. Воронина, Т. Клименкова, В. Бодрова т. б. зерттеушілер гендерлік бағытты дамытты. XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап гендерді лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. XX ғасырдың 80-шы жылдарынан бастап гендерлік зерттеулерге арналған еңбектер көбейе түсті. Тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым - гендерлік лингвистика пайда болды. Гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері Дж. Лакофф, Д. Спендер, О. Есперсон, орыс лингвистері А. В. Кирилина, М. А. Китайгородская, Н. Н. Розанова елеулі үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыларының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған.

Құдайберген Жұбанов
Қазақ гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті ғалым, тұңғыш профессор Қ. Жұбанов әртүрлі халықта әйелдер тіліне тән ерекшеліктер болатынын көрсеткен. Қ. Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне баса назар аударылған.
Гендерлік лингвистика - қазіргі тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан лингвистикалық бағыттардың бірі. Лингвистикалық әдебиеттерде «гендер» термині жүйелі қолданылмағандықтан, ғалымдардың еңбектерінде «жыныс» және «гендер» сөздері қатарласа қолданылады. Гендер - әйел мен ердің әлеуметтік қоғам қалыптастырған, жасаған үлгісі. Ол әйел мен ер жынысының әлеуметтік ортадағы, қоғамдық-мәдениет ошақтарындағы өзіндік орны мен ролін айқындайды.

Жалпы ғалымдар «жыныс және сөз» мәселелерімен шетел тіл білімінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап айналыса бастады. Грамматикалық род категориясын білдіретін ағылшын термині «gender» лингвистикалық контекстен алынып, ең алдымен, басқа ғылым салаларының, яғни әлеуметтік пәлсафа, әлеуметтану, тарих және саясаттану ғылымдарының зертттеу нысанына айналды. Кейінірек бұл термин гендерлік зерттеулердің кең өркен жаюына орай ғылымда өзіндік мәртебе алып, қазіргі тіл біліміне жаңа мағынада, жаңаша сипатпен қайтадан енді.
Қазіргі таңда гендерлік лингвистика негізінен тілдік қатынастағы ерлер мен әйелдер тілінің өзіндік ерекшеліктері мен айырым белгілеріне айрықша назар аударуда. Сол себепті қазіргі кезде әлемдік тіл білімінде әр ел ғалымдары тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесін көтеріп, жан-жақты зерттеулер жүргізуде.

Вернер Форсман
Мысалы, неміс ғалымдары Ф. Вернер мен К. Наринз жынысқа қатысты психологиялық сөйлеу айырмашылығына баса назар аударып, әйелдердің сөйлеу әрекетінің артикуляциялық жағынан гөрі кәсіптік тілін көбірек зерттеп жүр. Өйткені адам психикасымен байланысты сөйлеу процесі кезіндегі мидың қызметінің қандай болатыны, сөйлеу мүшелеріне тигізетін әсерін қарастыру тіл білімі үшін де, психология ғылымы үшін де аса маңызды. Яғни сөйлеуді тілсіз, ал сөйлегенді қабылдауды психологиясыз шешу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан аталған екі ғылым бірлесе отырып, осы мәселелерді шешуі тиіс.
Орыс тіл білімінде гендерлік лингвистиканың негізін қалаған ғалымдардың ішінде А. В. Кирилина, Е. В. Митрохина, А. В. Бесарабенко, Е. И. Трофимова сынды ғалымдарды атауға болады. Олардың ғылыми зерттеулерінен Ресей тіл біліміндегі гендерлік лингвистика саласы бастау алады.

Негізінен «гендер» ұғымын тілдік жағынан сипаттап, оның орыс тіліндегі ерекшеліктерін анықтауға зор үлес қосқан ғалым - А. В. Кирилина. Ал ғалым К. Пузыренко өз зерттеуінде тіл білімінде бұл бағыттың «феминистік немесе жыныстық лингвистика» деп аталғанын көрсетеді. Сонымен қатар ғылыми жұмыстарында психология мен әлеуметтану саласындағы гендер мәселесін қарастырған Ю. Ф. Чуфаровский, Е. П Ильин, И. С. Кон сияқты ғалымдардың еңбектерінде психологиялық және этнолингвистикалық талдау жасау үрдіс алған. Осыған орай біз жалпы «гендер» сөзінің «биологиялық жыныс» сөзіне қарағанда, мағынасының кеңірек екенін толық сеніммен айта аламыз. Бұл сөз «әлеуметтік жыныс» деген ұғыммен шектесіп жатыр, яғни тіл білімінде әйел мен ердің қоғам қалыптастырған үлгісі ретінде қолданыс тапқан.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz