Бұршақ бітесі




Презентация қосу
Бұршақ бітесі. Түйнек бізтұмсықтары. Бұршақ
және үрмебұршақ дән қоңыздары. Бұршақ жеміс
жемірі, бұршақ қан көбелегі биологиясы,
зияндылығы. Зиянкестерге қарсы күресу
шаралары.

Орындаған: Мүсілім Еркежан

Тобы: ЗР-316К

Тексерген: Искендирова Рабиға

Алматы қ. 2021ж.
Жоспар
• Кіріспе

• Негізгі бөлім
1. Бұршақ бітесі

2. Түйнек бізтұмсықтары
3. Бұршақ қоңызы
4. Үрмебұршақ қоңызы

5. Бұршақ жемірі

6. Бұршақ немесе акация көбелегі

• Қорытынды

• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген «Өсімдіктердің
зиянкестер мен ауруларына және арамшөптерге қарсы күресу үшін
ауыл шаруашылығына рұқсат етілген химиялық және биологиялық
заттардың тізімі» жыл сайын қайталанып тұрады. Дәл осы тізімде
бұршақ дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары мен
экономикалық зияндылық шектері де ұсынылған. Ауыл
шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді
зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,
бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады.
Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат
қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша
бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы
зақымдайды.
• Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау
кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар
(мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.),
көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс.,
көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай, сұлы,
күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің
дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының
зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің
ішіндегі ең қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының
жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес,
бал арасымен де қоректенеді. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін
көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ
қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің
көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен
ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір
егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне
байланысты.
• Бұршақ бітесі – Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд
тармағы, Aphididae тұқымдасы).

• Бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы – 4,5-5 мм. Қанатсыз
аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған
жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде
жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын
өткеннен кейін аналық – негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп,
колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады.
Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол
жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер
өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі
жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді
де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын
жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға,
жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты
ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін
төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы – жаңбырлы)
жағдайларында байқалады.
• Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ
бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді
қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына
(өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау
қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30
дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен
өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұршақ егісінде бұршақ бітелеріне қарсы осы
препарттардың біреуімен. Актеллик 500 э.к. 1,0л/га, алтын э.к.-0,15л\га, деция
2,5%, э.к. 0,2л\га бүрку жұмыстарын жүргізу қажет.
• Экономикалық зияндылық шегі: Бүрлену фазасында және келесі даму
кезеңдеріндегі бітелердің экономикалық зияндылық шегі 20% немесе 100
сермегенде 250-300 біте өскіннің толық пайда болуымен 2-3 жапырақ кезінде
жүргізіледі. Жазда, тұқымның толысу мен жаппай гүлдеу фазасында.
• Түйнек бізтұмсығы: теңбіл – Sitona lineatus L. және қылшықты – S.Crinitus Herbst
(Бізтұмсықтар тұқымдасы – Curculionidae, қоңыздар отряды–Coleoptera). Қоңыздың
бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы – 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып
келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі
иілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар
жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық
бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ
дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік
мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына
кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз айларында
қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола
бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен
дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «місінді зақымдану»
қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің
жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін
төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр
жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып
табылады.
• Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау
үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық
бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық
шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде
жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды
нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды.
Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып
өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің
жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады.
• Экономикалық зияндылық шегі: егер бізтұмсықтардың саны
біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10
дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса,
онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
• Бұршақ қоңызы – Bruchus pisorim L.( Coleoptera – қоңыздар отряды. Bruchidae –
дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың
төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының
астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен
қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы – 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау
және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек
жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны
бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
• Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы
облыстарында зиян келтіреді. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып,
ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап, қыстап шығады. егәс
далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте
жапырақтарымен және тозағымен қоректенеді. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының
үстіне салады.Орташа өсімталдығы 130-750 жұмыртқадан келеді. Қуыршақтың дамуы
20-23 күнге созылады.
• Бұршақ қоңызының дернәсілдері зақымданған бұршақ дәндерінің салмағын кеміп,
сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75% дейін төмендейді.
Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу
керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен
дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында
тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет.
• Үрме бұршақ қоңызы – Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera – қоңыздар отряды,
Bruchidae – дәнектер тұқымдасы).Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы – 3-3,5 мм
құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны
қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде
тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы
мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын
бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда
тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты
және т.б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл
дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.

• Күресу шаралары. Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.
• Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae –тұқымдасы, Lepidoptera –
қабыршақ қанаттылар отряды) Есейген құрттардың денесінің ұзындығы – 12 мм,
ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан.
Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен
кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады.
Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын
түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар
көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны
зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.

• Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі
– ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік
• Бұршақ немесе акация көбелегі – Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera – қабыршақ
қанаттылар отряды, Phicitidae – қара күйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы –
15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл
қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт
түскен кезде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің
қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың
қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа
айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ бріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта,
сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы
мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.

• Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акциядан кеңістікті
изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты
терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың
жұмыртқалардан шығу кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет
• Қорытынды

• Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер,
шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б.
Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен,
өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен
ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір
егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне
байланысты. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді
зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар,
жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ
көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны –
қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.
Дақылдардың зақымдау сипаты оның салдарынан шығынның мөлшері тек қана
өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт
ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа
шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне байланысты болады.
• Пайдаланылған әдебиеттер
I. Агибаева Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш «Ауылшаруашылық
дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»
II. Ә.Т. Тілменбаев, Г.Ә. Жармұхамедова Энтомология. Алматы,
«Қайнар» 1994, 251- 255б.
III.Сагитов О.А, Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д.
Фитопотология. Алматы 2000, 132 -138б.
IV.https://engime.org/keshendi-emtihanfa-arnalfan-sratar-topiratanu-topira-p
rofili-o.html?page=56
сайты
V. https://infourok.ru/brsh-daildarini-basti-ziyankesterimen-tanisu-2602715.
html
сайты

Ұқсас жұмыстар
БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ
Қант қызылшасының зиянкестері
Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдары зиянкестерінің түр құрамы, жоңышқа қандаласы
Суармалы егіншілік жағдайында зиянкестерге қарсы күрес жағдайлары
Қырыққабат бітесі, айқышгүлділер кандалалары таралуы, биологиясы
ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
КӨ КЕНІС ЖӘ НЕ БАҚ ША ДАҚ ЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ
Алманың қанды бітесіне қысқаша сипаттама
Пәндер