АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ


Slide 1

«СӨЗІ ЖОҒАЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ӨЗІ ЖОҒАЛАДЫ»

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

Орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1-курс магистранты Айым ДӘУІТ

Slide 2

Термин жасаушы маманға жаңа терминді дүниеге келтіру, терминологиялық сөздікті жасаушы маманға бір мағынада қолданылып жүрген бірнеше синоним-терминдердің арасынан ең қажеттісін таңдап алу көп уақытты, үлкен тәжірибені, теориялық және машықтық тапқырлықты талап етеді.

Көп жағдайда мамандар өзінің білімі мен сезімталдығына, халықаралық ғылыми тәжірибеге сүйенеді, терминнің ғылыми қолданыстағы жиілігіне басқа сөздіктердегі, оқу құралдарындағы орнына, сипатталуына көңіл бөледі.

Slide 3

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын нығайтуда сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі сөздерді алғыштап, ана тілімен жат тілдің сөздерін алмастыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерінің, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің тіліміз таза болады» деген пікірі әлі күнге күн тәртібінен түскен емес.

Slide 4

«Байтұрсынов дәуірі», «Байтұрсынов ғасыры» дегенге келсек, терминологияға қатысты тұтас дәуірді, ғасырды А. Байтұрсынұлы есімімен байланыс­тыра қарасақ, онымыз тарихи шындықпен қабыса қоймайды. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы терминология мәселелерімен 10-жылдардың орта тұсынан бастап, жиырмасыншы жылдардың аяғына дейін он бес жылдай белсенді айналысты. 30-жылдардың бастапқы жылдарына дейін ол бастаған іс жалғасын тауып отырды.

Сол себепті біз қазақ терминологиясының ХХ ғасыр басындағы 10-15 жылдық мерзімді «А. Байтұрсынұлы кезеңі» деп атаған орынды деп санаймыз. «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзе­генінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадірінше жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. . . Сондықтан сөзден жасап, сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» (Байтұрсынов А. Шығармалар. - Алматы, 1989. -141-б. ) деп, тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың ғылыми терминология­сын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Орыстың ғылым тілінің даму тарихын зерттеуші ғалымдар бірауыздан энциклопедист-ғалым М. В. Ломоносовты «орыс ғылыми терминологиясының атасы» (Даниленко В. П., Канделаки Т. Л. Русская терминология// Развитие терминологии на языках союзных республик СССР. М., 1986. -стр. 182. ) дейтін болса, Қазақстан ғылымының тарихындағы ондай орынды ұлтымыздың бағына туған перзенті аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлы иеленіп тұр.

ШЕРУБАЙ ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

Slide 5

Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз - ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз.

Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады» (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш// А. Байтұрсынов шығармалары. - Алматы, 1989. -192-б. ) .

Slide 6

А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым.

Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыс­та қарастырған жөн.

Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді.

Slide 7

А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пай­даланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді.

Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т. б. осылар сияқты терминдері се­мантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекші, буыншы, ­бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, то­лықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліп­теме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген тер­миндері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.

Slide 8

Ғалым еңбектерінен қимыл атау формасымен келетін аңдау, ауыстыру, әсірелеу, әсерлеу, байымдау, бейнелеу, бүкпелеу, дамыту, кейіптеу, көріктеу, меңзеу, теңеу, түйдектеу, үдету, шендестіру сияқты әдебиеттану терминдері мен демеу, жалғау, үстеу, шылау тәрізді тіл білімі терминдерін көптеп кездестіруге болады. Заттық ұғым мен процестік ұғымды ұштастырып тұратын мұндай терминдерді жасау Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алып, бүгінгі қазақ терминологиясындағы термин жасаудың өнімді бір үлгісіне айналғанын аңғарамыз.

Бұл терминдердің қайсыбірі (мысалы, ауыстыру, теңеу, т. б. ) тілде бұрыннан бар сөздердің терминденуі арқылы жасалған болса, кейбіреулері (мысалы, лептеу, ойламалдау, т. б. ) сол үлгімен, яғни етістік түбіріне - «у» жұрнағын жалғау жолымен жасалынған.

Slide 9

А. Байтұрсынұлының қаламынан туындаған тұрлаусыз мүше, тұрлаулы мүше, одағай сөз, сабақтас сөйлем терминдері Е. Омарұлының көр­сетілген оқулығындағы тұрлаусыз шама, тұрлаулы шама, одағай сан, сабақтас пішін терминдерінің жасалуына себеп болғандығына да дау айту қиын ғой деп ойлаймыз. Ал мәселенің екінші қы­рынан қарағанда, мұны ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қанаттасып, қатар қызмет еткен қазақ тіл білімінің қос ғұламасының термин жасау ісіндегі шығармашылық сабақ­тастығының көрінісі деп тануға да негіз бар.


Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының қалыптасуы
Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақ лингвистикасының негізін қалаған ғалым
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Саяси жолы
Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )
Маса шығармасына аннотация
Қазақ ұлттық зиялылары
Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz