ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АРГАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы” институты
Тақырыбы:Микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы
жабдықтар құралдарының заттарын классификациялау.
Орындаған: ВС-31 Әтімбетова А.А.
Тексерген: Нұржанова Ф.Х.
Орал,2020
ЖОСПАР:
Микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы
жабдықтар құралдарының заттарын
классификациялау.
Инсектицті және акарицидті заттар
(фосфорорганикалық қосылыстар,
хлорорганикалық қосылыстар, және
басқалар).
Дератизациялық препараттар
МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ.
Формальдегид тобы (формальдегид ертіндісі, лизоформ, гексаметилентетрамин).
Оттегін беретін заттар (карбогин, пергидроль, сутегі перекисі, калий перманганаты).
Хлор препараттары (кальций гипохлориді, натрий гипохлориді, антиформин, хлорац, хлорамин. Б, пантоцид).
Қышқылдар тобы (хлорлы сутегі, күкірт, бор, сірке, сүт).
Негіздер тобы (натрийдің, калийдің, кальцийдің гидрокистері; натрий, калий, кальций карбонаттары; натрий
гидрокарбонаты, натрий бораты, магний окисы).
Натронды және калилы сабын.
Фенолдар, крезолдар және олардан шыққандар (фенол, гваякол, тиокол, күкірт крезолды қосынды, лизол,
нафтализол, креолин, нафталин, бетанафтол, бензонафтол).
Емдік бояулар тобы (бензидинді шыңарылғандар – наганин, трипансинь; акаридиновты және анилинді
шығарылғандар – бриллиантты жасыл, пиоктанин; хиноминді шығарылғандар – пироплазмин, гемоспоридин,
хинозол; нитрофуранды шығарылғандар – фурацилин, фуразолидон, фураганин, фуроксин, фуразонал).
Сульфанилалидті препараттар (стрептоцид, норсульфазол, бисептол, урасульфан ж.б.).
Антибиотиктер (пенициллиндер, тетрациклиндер, стептомициндер және басқалар).
Антигельминтті заттар (пиперазин, мебенвет, ивомен ж.б.).
Инсектицті және акарицидті заттар (фосфорорганикалық қосылыстар, хлорорганикалық қосылыстар, және
басқалар).
Дератизациялық препараттар (дифенацин, зоокумарин, крысид, цинк фосфиді).
ИНСЕКТИЦИДТІК ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Инсектициптерді табиғи жағдайларда жәндіктердің шоғырланған,
өсіп-енетін жерлерінде, қораларда, малдың денелерінде
қолданады.
Қораларға азрозол, ерітінді немесе сұйық қоспалар күйінде
колданылады.
Жануарларды емдегенде паразиттің түріне және олардың әсерінен
болған ауру деңгейіне байланысты әртүрлі әдістер қолданылады.
Кенелермен зақымдалған жануарларды жаппай емдегенде арнаулы
арнаулы астаулар, ерітінділер, суспензиялық сүртпе май, сұйық
сүртпе майлар, дустар колданылады
Ұшатын насекомдармен күресу үшін сулы және майлы ерітінділер,
сұйық суспензиялар, эмульсиялар және дустар пайдаланылады.
ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Көптеген фосфорорганикалық косылыстар өте күшті инсектицидті,
акарацидті, тіптен бактерицидті заттар болып саналады. Олардын
инсектицид ретіндегі бағалығы мынадай жағдайларға байланысты:
біріншіден, олар сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларында нәтижелі
әсер етеді,
екіншіден олар көптеген хлорортаникалык қосылыстарға карағнда
онша кауіпті емес, организмде тез ыдырап бүлінеді,
үшіншіден синтездеуді дамыту арқылы бұл заттардан өту нәтижелі
әсер ететін жаңа препараттар алуға болады.
Фосфорорганикалық косылыстардың ішінде инсектицидтік заттар
ретінде фосфон, фосфор, тиофосфор кышқылдарының
туындыларының маңызы зор.
ХЛОРОФОС- СHLOROPHOSUM.
Кристалды ұнтақ немесе ақ түсті өзіне тән иісі бар парафин тәріздес
зат, 250с-тан жоғары температурада балқып ери бастайды.
Судағы ерігіштігі 1:7 қатынасындай. Препарат 50-80 % ұнтақтар
күйінде, 5-7% дуст күйінде, көп атомды спиртті 50 % ерітінді күйінде
немесе 11,6 % спиртті майлы ерітінді күйінде (гиподермин-хлорофос)
шығарылады.
Инсектицид ретінде өте белсенді әсер етеді, жәндіктерге әсер еткенде
оларды 3-10 минуттан кейін өлтіреді. Бірақ ерітінділермен
жануарлардың терісін жуып-шайғаңда ондағы қотыр кенелер тек 1-8
сағаттан кейін ғана өледі, сол себепті оны мүндай мақсаттар үшін
қолданбайды ерітінді күйінде препараттың шыбындар үшін өлтіретін
мөлшері 0,005 мг.
Хлорофостың 0,1 % ерітіндісінен шыбындар 2-5 минуттан соң өледі.
ДДВФ-ЕКІ ХЛОРЛЫ ВИНИЛФОСФАТ.
Түссіз, өзіне тән иісі бар, ұшқыр сұйық зат.
Май мен спиртте жақсы, ал суда нашар ериді.
Жәндіктер мен кенелер үшін фумигантты
және контактылы әсер ете отырып, өте уытты
келеді. Шыбындарға, шіркейлерге, оқыраларға
және құстардың эктопаразиттеріне карсы
қолдану өте жақсы нәтиже береді. Ерітінді,
дуст немесе аэрозол түрінде қолданылады.
КАРБОФОС-СARBOPHOSUM.
Таза күйінде түссіз сұйық зат, ол
дезинфекция үшін қолданылатын
препарат, сарғыш қоңыр түсті келеді.
Өзіне тән иісі бар.
Суда нашар (1: 20005000), ал
органикалық ерітінділерінде жақсы
ериді. Оны көбінесе 30-60 %
эмульсия, 4 % дуст және 25 % ұнтақ
түрінде пайдаланады.
Кең ауқымды әсер ететін инсектицид
ретінде пайдаланады.
ҮШХЛОРЛЫМЕТАФОС-3, ҰХМ-3-
TRICHLORMEFAPHOSUM.
Түссіз, майлы сүйық зат, суда ерімейді, ап органикалық
ерітінділерде жақсы ериді.
ҰХМ-3-контактілі және жүйелі әсер ететін фосфорорганикалық
инсектицид.
Кенелерте, бүтелерте, биттерте, шыбындарға, шіркейлеріе карсы
қолдану жақсы нәтиже береді. Жануарларды жуып шәйғаннан
кейін препарат организмде 40 күннен 600 күнге дейін сақталады,
ал сүтпен бірге 1 айға дейін бөлінеді. Сол себепті препаратты
сауын сиырларға қодданбайды.
Малдарды препаратты қолданғаннан соң 60 күннен кейін ғана
етке өткізуге болады. Сыртқы мүшелерге шіркейлерге, биттерте,
соналарға қарсы (1-2 % сулы эмульсия) және кенелерге (2-3 %
эмульсия) карсы, сонымен бірге 2 % эмульсия түрінде
жануарлардың қотырына қарсы қолданылады.
ХЛОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР.
Таза күйінде хлор жәндіктерге
карсы тыныс алу жолдары арқылы
қолданғанда ғана уытты әсер етеді.
Бұл косылыстардың таза хлорға
қарағанда инсектицидтілік
белсенділігі өте жоғары, ал
жануарлар үшін уыттылығы аз.
Табиғатта және организмде баяу
ыдырайтындықтан, мал
организмінде өте көп мөлшерде
жинақталып, оларға қауіп туғызады.
ГЕКСАХЛОРЦИКЛОГЕКСАН.
Бензолды хлормен әрекеттестіру арқылы алады.
Гексахлоран гексахлорциклогексан изомерлерінің
қоспасы. Ол жарықтың, қышқылының, еріткіштердің
және температураның әсеріне өте төзімді келеді.
ГХДГ суда ерімейді, органикалык ерітінділерде
жақсы ериді: ерігіштігі ацетонда- 1:2; бензолда-1:3;
эфирде-1:5; хлороформда-1:4; керосинде-1:7-ге
қатынасындай. Сонымен бірге өсімдік тектес және
минералды майларда жақсы ериді. Негіздердің және
карбонаттардың әсерінен ыдырап бүлінеді.
НИКОХЛОРАН - NICOCHLORANUM.
Қою консистенциялы, қоныр
қышқыл түсті шыршанын иісі
бар сұйық зат.
Құрамы 7- 11 %
гексахлораннын гамма
изомерінен, тұздардың,
никотиннен, майдан және
эмулъсиялардан тұрады.
КАРБОМАТТЫ ТУЫНДЫЛАР
Бұлардың ішінде алкилкарбомин қышқылының туындылары, әсіресе
олардын арилді эфирлері бағалы болып саналады. Негізді
препараттарының инсектицидтік белсенділігі фосфорорганикалық
қосылыстардікіндей, ол жануарлар үшін уыттылығы әртүрлі деңгейде
болады.
Дератизация ( лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын
кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация
кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру,
сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде
құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі.
Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жер
төлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты
тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды.
ДЕРАТИЗАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР.
Ракумин- көгілдір түсті ұнтақ. әсер
ететін заты: куматетраил -0,75%.
Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.
Гельцин - сарғаш түсті гель тәрізді
масса. Әсер ететін заты: техникалық
трифенацин (0,2% мөлшерінде).
Улылығы 3 класс. Шығару түрі: гель.
Индан-Флюид - жабысқақ майлы
сұйық концентрат. Әсер ететін заты:
изоиндан -0,25% немесе хлорфацион
0,25. Улылығы 3 класс. Шығару
түрі : сұйық концентрат.
Клерат - қызғылт түсті
гранулалардан тұрады. Әсер ететін
заты: бродифакум - 0,005%. Улылығы
4 класс. Шығару түрі: гранула.
Протект б. (Роденокс б) - қызғылт түсті
қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты:
бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс.
Шығару түрі: гранула. Түрі: гранула.
Бараки - қызғылт түсті қолдануға дайын
алдамыш. Әсер ететін заты: дифетилон -
0,0025%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі:
парафинді блок.
Ларинат - 0,25% бромадилонның қара-қызыл
түсті ерітіндісі. Әсер ететін заты: бромадилон
- 0,25%. Улылығы 2 класс. Шығару түрі:
сұйық концентрат.
Цинк фосфиді - өте улы қара сұр түсті ұнтақ.
әсер ететін заты цинк фосфиді 80%. Улылығы:
2 класс. Шығарылу түрі: ұнтақ.
НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz