Қар тоқтату




Презентация қосу
Топырақтың су және жел
эрозиясымен күрес жүргізетін
машиналар мен құралдар

Орындаған: МүсілімЕркежан
Тобы: ЗР-316К
Тексерген: Даулетова Жанна
• Топырақ – жер қыртысын ең жоғары құнарлы қабаты, ол өсімдіктерге нәр,
қорек береді.Топырақтың беткі құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуі мен
дамуына қажетті коректік заттар қорының орасан зор қоймасы.
• Жаңбыр мен көктемгі су ағыны , күшті жел жердің үстіңгі, ең құнарлы
жыртылатые қабатын бұзып, айдап әкетеді. Құнарлы топырақты су шайып,
жел айдап әкететін құбылысын топырақ эрозиясы деп атайды.
• Су және жел эрозиясымен күрес жүргізудің толып жатқан әдістері бар.
• Қар тоқтату. Қар тоқтату мен қар суын бөгелеу топыраққта ылғал
сақтауға мүмкіндік береді. Оның үстіне қар тоқтату топырақты
қалың тон болып қалуынан сақтайды, топырақтың тоны неғұрлым
жұқа болса, қар суын соғұрлым жеңіл сіңіреді және судың шаюын
кемітеді.
• Қазіргі кезде қар тоқтатудың мынадай әдістері қолданылады:
жүгері, күнбағыс және басқа биік сабақты дақылдардан екпе
ықтырма жасайды, қар тоқтататын қалқандар орнатады, қар
айдауыш-жал салғыш тракторлармен қар тоқтады.
• Тілгілеу. Бұл су эрозиясымен жүргізілетін ең тиімді агротехникалық
шаралардың бірі.
• Тілгілеу арқылы 1 га егістіктегі бір метрге дейін топырақ қалыңдығына
шамамен 800м куб су жинауға мүмкіндік туады. Бұл шараны топырақты
өңделмеген, сондай ақ егістік егілген ылди беттерде жүргізуге болады,
тілгілеу ылдиы 3-10 беткейде қолданылады. Тілгілеу әдісіне қар мен жаңбыр
суларын сіңіру үшін топырақты 30-40см тереңдікке жіңішкелеп тіледі.
Тілгілеуді беткейге кесе көлденең жүргізеді, әр тіліктің ара қашықтығы 1,4 м,
тіліктің жоғарғы ені 5см, түп ені 8 см болады.
• Бороздалау және қашалау. Топырақтың үстіңгі бетін байламалармен жеке
жеке су тоқтатпаларын бөлінген бороздалар табылатын беткейге кесе
көлденең бағытта үзік-үзік борозда жырту тиімдірек болады; байламалар қар
суының ағып кетуіне бөгет жасайды.
• Қашалауды қарды ұшырып әкететін жел, яғни эрозиялық қуаншылыққа
ұшырайтын участкілерге тік жел өтіндегі беткейлерге жүргізген жөн.
• Кемерлеу. Бұл әдіс гидрологиялық процестерді түбінен өзгертіп,
техникалық, жеміс, цитрус және басқа да дақылдарды егіп-өсіруді
қамтамасыз етеді.
• Кемерлеу беткейлермен аққан қар мен жаңбыр суларын бөгеп,
олардың жер бетімен ағуын тоқтатады, сөйтіп топырақтың шайыла-
шайыла бұзылып кетуіне жол бермейді. Бұл әдіс беткейдегі
топыраққа жиналған судың бәрін толық сіңіріп, өсімдіктердің тиімді
қоректенуін қамтамасыз етеді.
• Кемерлеу жүзім, цитрус және басқа екпе ағаштарды өсіруге кеңінен
қолданылып келеді. Соңғы жылдары тау беткейлеріндегі бау-
бақшалар мен жүзімдікке арналған жерлерді кемерлеу нәтижелі
бола бастады. Мұның өзі су режимын жақсартуға, топырақ
эрозиясымен, селді тасқындармен күрес жүргізуге көмектеседі, әрі
экономикалық тұрғыдан тиімді.
• Кемер жасауда мынадай негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет:
• Агротехникалық – кемер төсемінің бетіндегі қара шірік қабаттың
сақталуын көздейтін талаптарды, бұл қара шірік ылғалдардың барынша
толық пайдалануын қамтамасыз ету
• - Мелиоративтік – беткі қабаттағы қар, жаңбыр суларымен топырақ
эрозиясын тоқтатуды қамтамасыз ету.
• - Пайдалану – құлама жардың жасалуын жеңілдететін, кемерлердің
ұзақ пайдалануын және оларды жөндеуге қаражаттың шамалы
жұмсалуын, ылғалдың аз булануын, сондай ақ егін өсіруде ұсынылғавн
дақылдарды одан әрі механикаландыруды қамтамасыз ету;
• - Құрылыстық – кемерлерге келуді қамтамасыз ету;
• - Экономикалық – беткейлерде кемер жасау жұмысының құнын
төмендетуді және кемер алаңдардағы өнімсіз шығынды кемітуді үнемдеу
шараларын басшылыққа алу.
• Су эрозиясымен күрес жүргізетін машиналар.
• Қар айдағыш-жал салғыш СВУ – 2,6 егістікке жал салу арқылы
қар тоқтатуға арналған. Ол гидрожүйенің болу-болмауына
қарамастан Т-4А және ДТ-75М тракторларына агрегатталады.

СВУ-2,6 қар тілгіш-жал салғыш: 1 – тіркеме; 2 – төмендеткіш; 3,5 – раманың алдынғы және артқы
арқалықтары; 4, 6 – грядильдер; 7 – сол жақ қайырма.
• Жел эрозиясымен күрес жүргізуге арналған машиналар
• 1. Жел эрозиясына қарсы топырақты өңдеудің агротехникалық негізі
• Көптеген топырақ түрлері үшін топырақтың 0...5 см биіктігінде
түйіршіктер диаметірі 1 мм-ден кем болған жағдайда, ал оның көлемі 50 %
аспаған кезде, желдің шекті жылдамдығы 0,15 см биіктікте 3,5...5 м/с
құрайды. Эрозияға ұшырайтын аймақтарда топырақ өңдегенде топырақ
қорғау жүйесін пайдаланады. Бұл жүйе жерге жақын қабатта жел
жылдамдығын төмендетуді, топырақтың ұсақ болшектерінің орын
ауыстыруының бөгелуін және топырақтың физикалық күйінің жақсаруын
қамтамасыз етеді. Осы қойылған мақсаттар топырақта аңызды сақтай
отырып қайырмасыз өңдеу арқылы, жоғарғы қабаттағы аңыз қалдықтарын
топырақтың түбіне көміп ұлпалап (мульчирование) өңдеу, топырақ өңдеу
санын азайту және органикалық тыңайтқышты енгізу арқылы қол
жеткізіледі.
• Жел эрозиясы күшті болатын аудандарда жерді өңдеген уақытта
топырақтың шаңдануын болдырмау - қазіргі агротехникадағы
маңызды шаралардың бірі. Себу алдында жер өңдеуде және парды
баптап-күту кезінде дискілі сыдырғыштарды қайырмасыз
қүралдармен алмастыру қажет.
• Тез шаңданатын жеңіл және карбонатты топырағы бар жерлерде
сүдігер егістігіндегі паяларды мейлінше сақтап қала отырып,
қайырмасыз жырту керек. Өйткені пая қардың қалың
жиналуынан, топыраңты терең тоң болып қатып қалудан, қыс пен
көктемгі эрозиядан сақтайды, көктемгі қар суының жерге жақсы
сіңуіне себепкер болады және топырақтағы ылғалдың булануын,
желмен үрілуін азайтады.
• ПГ-3-100 жалпақтілгіш-тереңкопсытқыш: а – жалпақтілгіш табан; б – жұмыс
істеу процесінің сұлбасы; в – жалпы көрініс; 1 - башмак; 2 - өкше; 3 - түрен;
4 - тірек; 5 – реттеу бұрандасы; 6 –қашау (долото); 7 - табандар; 8 – дөнгелек;
9 – бұранда механизмі; 10 - рама; 11 – автотіркеуіш құлыпы
• ПГ-3-100 жалпақтілгіш-тереңқопсытқыш алым ені 110 см үш жалпақ тілгіш
табаннан тұрады. Түрен дүздерінің арасындағы бұрышы 100° құрайды.
Машина алым ені 3,1 м, өңдеу терендігі 30 см. 3 класс тракторларымен
агрегатталады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі
Көбікті өртсөндіргіш
Кәсіпкерліктің жіктелуі
СҰЛЫ
Тежеу жүйесі
Автобусты бақылау
Операция кезінде болатын қан ағу түрлері, қан тоқтату
Жайық өзенінің бөлігі
Ауыспалы егіс
Жазық тар
Пәндер