ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДӘЛДІК КЛАСЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДӘЛДІК КЛАСЫ.

Тобы: ССиМ 19-11

Орындаған: Узибекова А.
Тексерген: Тунгышбаева У.
Өлшеу құралдары. Қарапайым өлшеу құралдары

Өлшеу құралдары – бұл өлшеуге
арналған техникалық құрал (немесе олардық
кешені), олардың белгілі уақыт аралығында
өлшемі өзгермейтін (орнатылған қателіктер
аралығында) физикалық шама бірлігін
сақтайтын және (немесе) көрсететін мөлшерленген
метрологиялық сипаттамалары болады.
Өлшеу құрылғылары - дербес немесе өлшеу
қондырғыларында және жүйелерінде қолданылады. Өлшеу
құрылғылары ақпаратты ұсыну формаларына байланысты
өлшеу аспаптары және өлшеу түрлендіргіштері болып
бөлінеді.
Өлшеу аспабы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын түрдегі
өлшеу ақпаратының сигналын өндіру үшін тағайындалған ӨҚ.
Өлшеу құралдарын былай ажыратады:
1) аналогтық және цифрлық құралдарды;

2) көрсететін және тіркейтін (өзі жазатын) аспаптар;

3) тура әсер етуші аспаптары және салыстыру аспаптары.
Өлшеу түрлендіргіштері – бақылаушының
тікелей қабылдауына берілмейтін өлшеу
ақпаратының сигналын тарату, одан әрі
түрлендіру, өңдеу және (немесе) сақтау
үшін ыңғайлы түрде беру үшін
тағайындалған ӨҚ. Өлшеу
түрлендіргіштері мынадай болады:
біріншіреттік және екіншіреттік; аралық
және беріліс жасайтын.
Өлшеуіш қондырғылар және жүйелер –
өлшеу объектінің бір немесе бірнеше
физикалық шамаларды өлшеу үшін
тағайындалған және көмекші құрылғылары
бар функционалдық қасиеті бойынша
біріктірілген ӨҚ жиынтығы.
Тағайыны бойынша ӨҚ үш санатқа бөлінеді:
а) жұмыстық өлшемдер, өлшеуіш аспаптары, өлшеуіш
түрлендіргіштері;
б) үлгілі жұмыстық өлшемдері, өлшеуіш
аспаптары, өлшеуіш түрлендіргіштері;
в) эталондар.

Жұмыстық ӨҚ – халық шаруашылығының барлық
салаларында күнделікті практикада өлшеуге арналған ӨҚ.
Жұмыстық ӨҚ келесілер:
1) жоғары дәлдікті ӨҚ;

2) 2) техникалық ӨҚ.
ДӘЛДІК КЛАСЫ МЕН ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

Метрологиялық сипаттамалар (МС) – өлшеу қателіктері
мен нәтижелеріне әсер ететін ӨҚ қасиеттерінің
сипаттамасы.
Дәлдік класы – негізгі және қосымша жіберілетін
қателіктер шегімен, басқа да дәлдікке әсер ететін өлшеу
құралдарының қасиеттерімен анықталатын жалпыланған
метрологиялық сипаттама (МС).
Дәлдік класы – мөлшерсіз көлем.
Негізгі және қосымша жіберілетін қателіктердің шегі жеке
өлшеу құралдарының (ӨҚ) стандартына сәйкес
белгіленеді.
Өлшеу құралдарына (МЕСТ 136-68) (1; 1.5; 2.0; 2.5; 3.0; 4.0;
5.0; 6.0) ; n = 1; 0; -1; -2;… қатарынан алынатын дәлдік
класы беріледі. Дәлдіктің нақты кластары ӨҚ-ның жеке
түрлеріне қатысты стандарттармен белгіленеді. Дәлдік
класын көрсететін сан аз болған сайын жіберілетін негізгі
қателік шегі азаяды.
Келтірілген қателіктер бойынша нормаланатын дәлдік
кластары қателік шегінің нақты мәнімен байланысады, яғни
дәлдік класы келтірілген қателіктер мәнінің пайызбен
көрсетілген санына тең.
Екі немесе одан да көп ауқымы (немесе шәкілі) бар ӨҚ-да екі
немесе одан да көп дәлдік класы болуы мүмкін.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Мультипликативті қателік - шамасы өлшенетін шамаға пропорционал қателік
ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
Мембраналы манометрлер
Электродинамикалық жүйенің аспаптардың құрылысы және ондағы бөлшектердің қызметі
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТІРЕК ТОРАПТАРЫ
Әдістемені әзірлеу
Өлшеу. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері. Өлшеу классификациясы
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
Оптикалық талдау әдістері
Пәндер