Бүйрекүсті без қыртысы


Slide 1

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

ПРЕДПРИЯТИЯ НА ПРАВЕХОЗЯЙСТВЕННОЕ

ВЕДЕНИЕ «ВЫСШИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

ГОРОДА ШЫМКЕНТА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ

ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

“ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА

КОЛЛЕДЖІ” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

КӘСІПОРНЫ

Орындаған:Мамыр Гүлмира Қабылдаған:Абдуллаева Гульдана

МБ 20 “Е” тобы

Тақырыбы:

Бүйрекүсті безі, орналасуы, құрылысы, гормондары

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Құрылысы

Бүйрекүсті без қыртысы

Бүйрекүсті безі ми заты

Химиялық табиғаты

Зат алмасуға əсері

Емге қолдану

Қызметі

Бүйрек үсті безі гормондары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Бүйрекүсті безі

Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis, лат. glandula - «без», лат. supra - «үсті» және лат. ren - «бүйрек») - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда - артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.

Slide 5

Бүйрекүсті безі

Бүйрекүсті безі - шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты - қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты - симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді.

Slide 6

Бүйрекүсті безі

Шумақты аймақ эндокриноциттері - минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар - глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері - андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары - альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары - кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны - аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты - медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.

Slide 7 Slide 8

Құрылысы

Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Slide 9

Бүйрекүсті без қыртысы

Бүйрекүсті без қыртысы (лат. cortex glandulae suprarenalis; лат. cortex - «қыртыс»; лат. glandula - «без»; лат. supra - «үсті»; лат. ren - «бүйрек») - қуыстық мезодерма спланхнотомынан дамып жетіліп, адам мен жануарлар организмдерінде кортикостероид гормондарын бөлетін бүйрекүсті безінің сыртқы жағындағы заты. Бүйрекүсті без қыртысы - интерренальды денеден қүралған. Ол шумақты, будалы және торлы аймақтарға бөлінеді. Аталған аймақтарды пішіні әртүрлі безді жасушалар бағандарын құрайтын эндокриноциттер (ішкі секреция безі жасушалары) түзеді. Бүйрекүсті без қыртысы бөлетін кортикостероид гормондары организмдегі су, түз, көмірсу, протеин, липид (май) алмасуларын, ал андрогендер - жыныстық жетілуді реттеуге қатысады. [2]

Slide 10 Slide 11

Бүйрекүсті безі ми заты

Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Slide 12

Химиялық табиғаты

Адреналин мен ноадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы анықталған. Бұл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі жəне одан кейінгі декарбоксилдену нəтижесінде ноадреналин береді. Ноадреналиннің метилденуі нəтижесінде адреналин түзіледі.

Slide 13

Зат алмасуға əсері

Адреналин негізінен организмде көмірсулардың алмасуына жəне біршама ғана липидтердің алмасуына əсер етеді. Адреналиннен ноадреналиннің айырмасы - ол зат алмасуына айтарлықтай əсер ете алмайды. Фосфорилаза гликоген фдырауының алғашқы бастама реакциясын катализдейді, сөйтіп қан құрамында глюкоза деңгейін көбейтеді жəне бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуына себепші болады. Қан қүрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде жəне жүйке қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зəрмен бірге бөлініп шыға бастайды.

Slide 14

Емге қолдану

Адреналин гидрохлорид жəне адреналин гидротартрат - кристалды ұнтақтар түрінде шығарылады. Бронхиалды астма, аллергиялық реакцияларда, гипергликемиялық комада анықталады. Адреналин тері астына, бұлшық етке енгізіледі, ішуге болмайды, ішекте ыдырап кетеді.

Ноадреналин гидротартрат ауыр операциядан кейін, қатты жаралы болғанда артериялық қан қысымын көтеру үшін қолданады.

Slide 15 Slide 16

Қызметі

Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді. ;

Тұз және су алмасуды қаматамассыз етеді.

Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;

Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.

Slide 17

Бүйрек үсті безі гормондары

Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Slide 18

Химиялық табиғаты


Ұқсас жұмыстар
Қалқанша маңы бездері
Эндокринді жүйе
Бүйрекүсті безі
Ішкі секрециялық бездер, олардың қызметтік ерекшеліктері
Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы
Аңдардың ішкі секреция бездері
Айырша без
Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
Эндокринді бездер
Қалқанша безі гормондары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz