XX ғасыр басындағы Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық жағдай, тау-кен өнеркәсібі, урбанизация және 1905 жылғы Успен ереуілі


Slide 1

XX ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай

Орындаған: Қожамұрат С.

Қабылдаған: Айтай Б.

Slide 2

Жоспар

І Кіріспе

XX ғасыр басындағы қазақ өлкесінің облыстары

ІІ Негізгі бөлім

Қала халқының көбеюі жолдары

Тау-кен байлықтары

Успен кенішіндегі ереуіл

Темір жол тарихы

ІІІ Қорытынды

Революцияның жеңілуінің себептері мен тарихи маңызы

Slide 3

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы - Ташкент) Сырдария облысы Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) Ақмола облысы Семей облысы Орал облысы Төрғай облысы

Slide 4

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Slide 5

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны - 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда -22744, Семейде - 20216, Қостанайда - 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары: 1. Қоныстанушылардың көптеп келуі. 2. Жатақтар санының артуы. 3. Ішкі демографиялық өсім. 4. Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Slide 6

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал - Жем мұнай ауданы) .

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Slide 7

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы-1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің

қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Олардың бірден-бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.

Slide 8

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П. Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә. Байшағыров басқарған «Орыс - қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н. Велльге өздерінің талаптарын қойды:

Азық - түлік бағысын төмендету.

Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.

Үш сыныптық орыс - қазақ училищесін ашу.

Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.

Фельдшер Е. Костенконы, қызметкер И. Ивченконы жұмыстан шығару.

Slide 9

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Slide 10

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері: 1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.

2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы. 3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі. 4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияның тарихи маңызы:

Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.

Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.

Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.

Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

http://testent. ru/index//0-618

https://e-history. kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8736/

https://kk. wikipedia. org/wiki/1900--саяси_жағдай

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық жағдай және тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
XX ғасырдың басындағы Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
XX ғасыр басындағы Қазақстан: Алашорда, әлеуметтік-экономикалық жағдай және 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру мен ұжымдастыру
XX ғасыр басындағы Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси әсері
XX ғасыр басындағы әдебиет, мәдениет және өркениет: қоғамдық-саяси және экономикалық өзгерістер
XX ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ой және Алаш қозғалысының рөлі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері (1900-1930 жж.)
XX ғасыр басындағы азаттық қозғалысының идеологиясы және ұлттық зиялылардың қызметі
Қазақстан тәуелсіздік жолындағы ұлттық мемлекеттік құрылыс идеялары: ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал, қазақ интеллигенциясы, 1916 көтерілісі және Алаш қозғалысы
XIX-XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz