Эпителий ұлпасының қызметі


Slide 1

Эпителий Ұлпасы

Орындаған: Хайбулла Айгерим

Тексерген: Айгул Маденова

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Жаратылыстану және география институты

Slide 2

Ұлпа

Ұлпа дегеніміз - белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсаса тарихы қалыптасқан клеткалар мен клетка аралық заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің гистологиялық оқулығында пайдаланған. Лейдиг Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген:

Эпителиалдық ұлпалар.

Дәнекер ұлпалары.

Бұлшық ет ұлпалары.

Нерв ұлпасы.

Slide 3

Эпителий ұлпасы

Организмді сырткы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа . Эпителий ұлпасы : жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді . Эпителий ұлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің және сыртқы бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді . Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады . Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады . Эпителий ұлпасының қызметі :

қорғаныс

сіңіру

бөліп шығару

сыртқы және ішкі ортаны бөліп тұру

Slide 4

Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықта, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады. Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары алты топқа бөлінеді:

Жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды.

Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады.

Бағана тәрізді эпителидің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан.

Кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителилер шаң - тозаң бөлшектерін және тағы басқа бөгде заттарды ұстап қалады.

Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан

Slide 5

Эпителий ұлпасы

Slide 6

Функциялары

Эпителиалды тіндер организмде көптеген маңызды функцияларды орындайды. Олар ағзаның ішкі ортасын қорғайды, заттардың трансцеллюляр тасымалын қамтамасыз етеді, шырышты, гормондарды, ферменттерді және басқа да заттарды секретеді, ағзаның саңылауынан (ішекте немесе бүйрек каналдарында) заттардың сіңуін жүзеге асырады. Эпителий жасушалары арасындағы контактілердің селективті өткізгіштігінің арқасында әртүрлі органдар арасындағы заттардың тасымалдануын бақылайды. Эпителийдің кейбір туындылары, мысалы, дәм шамдары, торлы торлар және құлақтың арнайы шаш жасушалары сенсорлық функцияны жүзеге асырады.

Slide 7

Көп қабатты эпителий

Көп қабатты жабынды мүйізделген эпителий тері бетін жауып тұратын - тері эпидермисі . Оны үш зонаға бөлуге болады . тереңгі базальді қабат, өсуші қабат, жылтырақ қабат .

Көп қабатты мүйізделмеген цилиндр тәрізді эпителий механикалық әсерлерге қатты ұшырайды, ауыз бен өңештің ішкі қуысын, қынапты, көздің мүйізді қабығының бетін, тік ішектің артқы бөлігін астарлайды

Көп қабатты ауыспалы эпителий зәр шығару жолдарын бүйрек қуысы, несеп шығару бөлімдерін астарлап жатады

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Эпителийлік ұлпа немесе шекаралық ұлпа
Бұлшықет ұлпалары
Ұлпалар эволюциясы
Эпителий ұлпасы
Безді эпителийі
Ағзаның құрылымдары
Көп қабатты эпителий
Қан ұлпасы
Регенерация, түрлердің регенераци ясы
Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz