ТУРИЗМДЕГІ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП ӘДІСТЕРІ



Туризмдегі статистикалық есеп әдістері .
Орындаған: Амангелді Анеля
Тексерген: Қадырбекова Д. С
Тобы: ФТ3-1


Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер.
1. Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады. 2. Әдістеменің мақсаты бірыңғай тәсілдерде туризм бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және келісушілік пен мемлекеттік статистиканы жалпы қабылданған халықаралық стандарттармен, жіктеуіштермен және әдістермен салыстырмалылығын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады: 1) туристік шығыстар - тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға туристтердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді; 2) ішкі туризмге кіретін шығындар - туристтің өзі резиденті болып табылатын ел аумағындағы туристік шығындары; 3) кіру туризміне жататын шығындар - туристтің өзі резиденті болып табылмайтын ел аумағындағы туристік шығындары; 4) шығу туризміне жататын шығындар - туристтің өзі резиденті болып табылатын ел шегінен тыс туристік шығындары; 5) туристік келу - туристік сапар кезінде баратын орында болу; 6) туристік сапар - жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда, туристтік сапары;

2-тарау. Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру 1-параграф. Туризм статистикасының саласын анықтау бойынша негізгі критерийлер
4. Жеке тұлғалардың кез келген мақсатта жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі ұзақтығымен сапары, бірақ баратын еліндегі ақылы қызметпен байланысты емес туризм саяхатын қамтиды. 5. Ішкі және халықаралық (кіру және шығу) сапарды жасайтын турист, тиісінше ішкі және халықаралық (кіру және шығу) турист деп аталады. 6. Турист (ішкі, кіретін немесе шығатын) түнейтін турист ретінде жіктеледі, егер оның сапары түнеуді қамтитын болса, немесе өзге жағдайларда бір күндік турист (немесе экскурсант) ретінде жіктеледі.


7. Туристік сапар ретінде қарастырылатын сапар мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет: 1) әкімшілік шекараларды кесіп өту (бір күндік барулар мен түнейтін сапарлар) облыстан (қаладан) тыс барулар. "Әкімшілік шекаралардың қиылысы" критерийі (туризмнен облыстың шегінен (бұл әдеттегі ортаның бөлігі ретінде) тысқары жерлердегі барлық орын ауыстыруларды алып тастау үшін қолданылады) ; 2) 12 айдан көп емес тұру (егер адам 12 айдан көп тұрып жатса - ол осы мекенде тұратын, бұл жергілікті тұрғын немесе резидент) ; 3) Бару орнында ақылы қызметпен байланысты емес. Бұл маусымдық жұмыстарға қатысатын, үнемі жұмыс істеуге келетін адамдарды қоспау үшін енгізіледі. 8. Туристік бару ретінде бағалау үшін ол сапардың түнеуге келетін сапар болуы міндетті емес. Сондай-ақ бару ұғымының өзі тоқтауды пайымдайды. Қандай да бір географиялық ауданға оған тоқтаусыз кіру бұл ауданға баруға жатпайды. 9. Ұзақтық бір сапар кезіндегі баратын әртүрлі орындар бойынша бөлінеді. Ұзақтық критерийі үшін баратын жерге жетуге (және одан қайта оралуға) кеткен уақыт емес, межелі орындағы өткізілген уақыт қана қарастырылады.

10. Туристтер санаттарынан мынадай адамдар: 1) баратын елі өздерінің тұрақты жері болып табылмайтын («шекара қызметкерлері») елдегі (немесе өңірдегі) жұмысы үшін үнемі мемлекеттік (немесе әкімшілік) шекарадан өтетіндер; 2) елінде (немесе өңірінде), басқаша айтқанда оның тұрақты тұратын елінде (өңірінде) қысқа мерзімді еңбек шартымен жұмыс істейтін (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, қонақүй және мейрамхана шаруашылығында және басқа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер, сондай-ақ басқа қызметкерлер) ресми еңбек шарты бар немесе жоқтар алып тасталады. 11. Босқындар немесе нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар туристтер болып табылмайды, себебі олардың өмір сүретін орны олардың әдеттегі ортасы деп есептеледі. 12. Туристтік сапарлар негізгі мақсаттар бойынша жіктелінеді және жеке мақсаттары бойынша және іскерлік және кәсіби мақсаттары бойынша сапарларға бөлінеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz