Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру




Презентация қосу
Қазақ халқының дәстүрлі
шаруашылығы бұзылуының
салдары
Ауылды кеңестендіру
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі
де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді.
Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі
кемшіліктерді қазақ байларына, рулық
қатынастарға жапты. Оған жергілікті
ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін
шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де
таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу
етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті
күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты
да қазақ басшылары мен зиялыларының
қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар»,
«солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады.
Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927
жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге
жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол
бойынша байлар деп есептелгендер сайлау
құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер
жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын
жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер
жіберілді.
Жайылымдық-шабындық
жерлерді бөлу және оның
нәтижелері

Большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою
мақсатында шабындық және жайылымдық жерлерді бөліске
салды. Ф. Голощекин: “Жайылымдық жерді бөлу деген не?“
дей отырып, бұл науқанға зор екпін беру үшін және өз
төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін “Бұл кіші
Қазан“ – деді.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті-і (ҚОАК) және Халық
Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 1926 ж. 20 мамырда “Жерге
орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі және жартылай
көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін
уақытша қайта бөлу туралы” заң қабылдады.
Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары 1250 мың
десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық
жерлерді бөлді. Бөлінген шабындық жердің 61,6 %-ін
кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал жайылымдық жердің
59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға және 9% ауқатты
қожалықтарға берілді.
Бай қожалықтарын
тәркілеу

Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру
барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын
күшпен жою шаралары. 1929 ж. 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық
Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар
шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда
“Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар
шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады.
Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан
жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 ж. 10
қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған
қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300
сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар,
т.б. жатқызылды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ
шаруалары қожалықтарын күшпен
отырықшылыққа көшіру

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын
отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын
дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған
саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан
бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және
әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік
әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай
көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру
мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен
РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде
шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына
ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі
және жартылай көшпелі бола алмайтын еді.
халық наразылығы мен
көтерілістер

Қазақстандагы өкімет орындарының
саясатына деген наразылықтың алгашқы
белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу
кезінде пайда болды. Алайда жаппай
ұжымдастыру науқаны басталысымен
бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы
күштері кедей және орташа шаруалар
болған көтерілістер бұрқ ете түсті.
Көтерілісшілер кеңес және партия
мекемелерін талқандап, кұжаттарды
өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар
қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны
көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп
соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты
шаруалардың табанды карсылығына
кездесті.
Қазақтардың аштан
қырылуы

Себебі – Қазақстанда жүргізілген сталиндік-
голощекиндік реформа, шаруалардың
жекеменшігін тәркілеу мен жою. Көшпелі
және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын
тіршілік көзінен айырып, жаппай және
күшпен отырықшыландыру науқаны.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін толықтай
орталыққа тасып әкету. Еш негізсіз және
қасақана салықтарды салу. Соттау мен
қудалау.
Босып кеткендер: 1930-1931 жылдар
аралығында 1 млн 70 мың адам Қытай, Иран,
Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып
оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды.
Өлгендер: Ресми халық санағы мен түрлі
мұрағаттардың, құпиялығы жария болған
мәліметтер бойынша 1930-1933 жылдары 2,4
млн. адам аштықтан қырылды.
Бесеудің хаты

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік
комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты
(1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының
күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық
жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі
болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар
бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды
— байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп
ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы
қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне
әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. Хаттың
авторлары —Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин , Емберген
Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев , Қадыр . Хаттың жазылуына
Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің
хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке
наразылығының бір көрінісі болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Голощекиннің Кіші Қазан төңкерісінің бағыты
Ұжымдастыру қарса ңында
Қазақстан экономикасы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде
Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты
ӨРКЕНИЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Көшпелілік мәдениет түрі
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Ұжымдастыру саясатының басталуы
Пәндер