ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Презентация қосу
ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ
ДАЙЫНДАҒАН:ҚҰНДАҚБАЕВА БАЯН
ТЕКСЕРГЕН:НАЗЫМ АРМЫСОВНА
ЖОСПАР
• Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі мен
тұжырымдамасы.Ежелгі мектеп пен тәрбие
• Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық
ойлар
• Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие
Алғашкы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз
қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-
әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге
атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен
жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық
сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң
аулауға көмектесті, қыз балалар үй
жұмыстарына араласты, киім пішті,
тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне
қатысты.
САҚТАР МЕН ҒҰНДАР ИМПЕРИЯЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-
ЖАУЫНГЕРЛІК ТӘРБИЕ ДӘСТҮРЛЕРІ. САҚТАР ИМПЕРИЯСЫ,
ШАМАМЕН, БІЗДІҢ ЖЫЛ САНАУ ДӘУІРІМІЗГЕ ДЕЙІНГІ VII–III
ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДА, ҚАЗІРГІ ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН
ТЕРРИТОРИЯСЫН МЕКЕНДЕДІ САҚТАР ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
ҚҰРАМЫНА МАССАГЕТ, ИССЕДОН, САВРОМАТ, АРИМАСПЫ,
ДАЙЛАР, ТУРЛАР, АРИЙЛЕР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТАЙПАЛАР КІРГЕН.
САҚТАРДЫҢ КӨСЕМДЕРІ АФРИСИАП, ТОМИРИС СОЛ КЕЗДЕГІ ІРІ
МЕМЛЕКЕТ ПАРСЫ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ПАТШАЛАРЫ КИРГЕ,
ДАЙРИГЕ, АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУ
БАРЫСЬПЗДА ӘСКЕРИ-КӨШПЕЛІ ТҰРМЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН.
МЕТАЛЛ ӨҢДЕП, ӘЛСМДІК МАҢЫЗЫ ЗОР "СКИФСКИЙ
ЗВЕРИЙНЫЙ СТИЛЬ" АТГЫ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР, ҚАРУ-
ЖАРАҚТАР МЕН КИІМДЕР ЖАСАЙ БІЛГЕН
• Жылқы жануарын өте қатты қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-
тіршіліктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және
эстетикалық тәрбие принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген. Сол
замандарда өмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған данышпан
Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ тұңғыш "Авеста" кітабын
жазған. Заратуштра сол кездің өзінде (Аристотельдің замандасы)
рухани-танымдық, тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар айтқан. Сақтардың
қайратты, жауынгер халық екенін атақты тарихшы Ксенофонт (б.д.д.
434-355 ж.ж.) былай деп суреттейді: "Персидский царь устроил конные
присталища для всадников, представляющих разные народы. Когда
начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг
финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но
тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность
храброго человека...» – деген екен
• Құлдың қоғамдағы тәрие және мектеп жайына келсек адам қоғамы
дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орынына құлдық қоғам
пайда болды.Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда
Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші
мемлекеттер пайда болып ертедегі мәдениет
дамыды.Қытай,Индия,Египет,Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер
құрылып онда үстем таптық балалары тәрбиеленді.Жыл мезгілдерді санау
арқылы алдын ала болжау,су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың
(астрономия,геометрия,арифметика,медицина)дамуына себеп болды.
• Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда
бола бастады.Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің
мақсаты,оған қойылатын талап туралы,балалардың мінез құлқы жөнінде
құнды пікірлер айтылған.Құл иеленушілердің балалары 7ден-18 жасқа дейін
мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленді.Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне
ерекше мән берілді.Балалардың денесін
шынықтыру,аштыққа,суыққа,шөлге,қиындыққа шыдамды етіп
жаттықтыру,әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру,секіру,күрес,жекпе
жек,әскери әндер айту,найзаласу) ойыны жүргізілді.Әскери ойындармен
бірге музыка,ән айту және діни билер үйретілді
• Орта ғасыр кезеңінде Қытай және Үндістанда, Таяу Шығыс пен
Еуропада үлкендер мен балаларды оқыту шіркеу қарамағында
болғандықтан діни сипат алды. VIII ғ. арабтар Пириней түбегін
жаулап алғаннан кейін Батыс Еуропада мұсылман мектептері
ашыла бастады. Кордорф халифаты арқылы Пириней және
Батыс Еуропаға ежелгі Шығыс мәдениеті еніп, тарай бастады.
Араб философы Ибн-Рошданның түсініктемелері арқылы
Аворроес есімімен танымал Аристотельдің еңбектері етек алды.
IV ғ. Рим империясы Батыс және Шығыс болып бөлінді.
• Ортағасырлық дүниетанымның негізгі бағытына сай адам жанын «құтқаруға»
тәрбиелеуде ең бірінші жоспарға діни аскеттік идея қойылды, яғни тұлғаның
тәні мен рухани жоғарылауын жансыздандыру, құдайлық тақуалықты ұстану
амалы ретінде жүрді.
• 5-7 жастан, 2-3 жыл оқитын балалар білім беру жүйесінің элементарлы білім
беретін мектептерінде оқытылды. Ал грамматикалық мектептер орта білім
беруді қамтамасыз етті. Аристократ және діни элитаның балаларының барлығы
осы саты арқылы оқытылды. Бұл мектептер жеке, мемлекеттік және діни
сипатта болды. Оқытудың мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,
жалпы мәдениеті мен шешендікке баулу болып табылады.
• Ерте ортағасыр мектептерiндегi оқыту үш түрлi негiзгi деңгейге бөлiндi: бес
жыл бойы бастапқы деңгейде оқу, жазу, есептеу, ән айту пәндерi оқытылды;
орта деңгейде – латын грамматикасы, риторика және диалектика; жоғары
деңгейде – “жетi ерiктi өнер” және арифметика, геометрия, астрономия,
музыка пәндерi оқытылды.
• Монастырлық мектептердiң шарықтау шегi IХ ғасырдағы франк королi ұлы
Карлдың басқару кезеңiмен ұласады, оның жарлығымен әр шiркеу жанынан
мектептер ашылды.
• Гуманистiк қозғалыстың өкiлдерi Эразм Роттердамский (1467-1536),Томас Мор (1478-1533), Жуан Луис Вивес
(1492-1540), Александр Гегиус (1468-1489), Яков Вимпфелинг (1450-1522) т.б. жастарды тәрбиелеу мен оқыту
мәселелерiне байланысты көптеген құнды кеңестер бередi. Сөйтіп педагогика тарихына өз үлестерін қосты.
• Солардың iшiндегi халықтар санасында қалған ерекше тұлға – ағылшын ойшылы Томас Мор. Оның жасаған
утопиялық тапсыз қоғам орнату жобасында барлық азаматтарды мiндеттi түрде өндiрiстiк еңбекке қатыстыру
және оны жалпыға бiрдей бiлiм берумен ұштастыруы ұсынылды. Өндiрiстiк еңбек мамандықтарға бөлiнiп,
жастар балалық шақтан таңдаған кәсiбiне байланысты бiлiм алып, еңбек дағдыларын игеруге тиiс делiнедi.
• Гуманистiк қозғалыстың өкiлдерi Эразм Роттердамский (1467-1536),Томас Мор (1478-1533), Жуан Луис Вивес
(1492-1540), Александр Гегиус (1468-1489), Яков Вимпфелинг (1450-1522) т.б. жастарды тәрбиелеу мен оқыту
мәселелерiне байланысты көптеген құнды кеңестер бередi. Сөйтіп педагогика тарихына өз үлестерін қосты.
• Солардың iшiндегi халықтар санасында қалған ерекше тұлға – ағылшын ойшылы Томас Мор. Оның жасаған
утопиялық тапсыз қоғам орнату жобасында барлық азаматтарды мiндеттi түрде өндiрiстiк еңбекке қатыстыру
және оны жалпыға бiрдей бiлiм берумен ұштастыруы ұсынылды. Өндiрiстiк еңбек мамандықтарға бөлiнiп,
жастар балалық шақтан таңдаған кәсiбiне байланысты бiлiм алып, еңбек дағдыларын игеруге тиiс делiнедi.
• ХII-ХIII ғасырларда бiлiм берудi ұйымдастыруда рыцарлар мен
ақсүйектердiң балаларын оқытатын академиялар көбейе бастады.
Батыс Еуропа елдерiнде 30 жылдық соғыстан кейiн көптеген
қалалар мен қалалық сословиелердың тұрмыс-тiршiлiк
дәрежелерiнiң төмендеуi, дворяндардың қоғамдағы рөлiнің
жоғарылауы, олардың латын мектептерiндегi балаларының қала
тұрғындарының балаларымен бiрге оқуларына қарсылық туғызды.
•Назарларыңызға
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz